Елімнің астанасы-Астана

Тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары:З.С.Құлманова

Тақырыбы:Елімнің астанасы-Астана

Мақсаты:қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту,Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау , басты құндылықтарды ,тәуелсіздік ,бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру,Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Берілген тапсырмаларды орындай отырып, Астана туралы білімдерін кеңейтеді.

Сабақтың көрнекілігі: криптограмма,стикерлер,суретті плакаттар

Барысы: ІҰйымдастыру кезеңі

1 қыркүйек білім күнімен құттықтау

ІІ.Қызығушылығын арттыру

Криптограмманы шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

ІІІ. «Астана» туралы ән тыңдату.

ІҮ.Топқа бөлу (стикерлерге  Бәйтерек,Хан шатыр,НұрАстана)

Ү.Сайыс кезеңдері

      1.Кім көп біледі? (сөзжұмбақ шешу)

      2.Бұл қай ғимарат?

      3.Мен армандаған Астана (сурет салу)

      4.Астана жайлы жырлаймын

      5.Триз әдісі (жасырынған суреттің жартысын табу)

Құрметті оқушылар бүгінгі 1 қыркүйек  білім күнімен құттықтаймыз!  Бүгінгі алғашқы сабағымыздың жалпы тақырыбы  Менің Отаным-Қазақстан деп аталады. Міне тәуелсіздік алғаннан бері қазақстан көптеген жетістіктерге жетіп,биік белестерден көрінді. Ал сынып бойынша тақырыбымызды криптограмма арқылы табамыз. Криптограммадағы әріптерді жинау арқылы сабағымыздың тақырыбы шығады

Астана туралы ән тыңдау

-Балалар,үнтаспадан қандай ән тыңдадық?

-Әннің әуені қалай сіздерге ұнады ма?

-Олай болса,бүгінгі алғашқы сабағымыз Астана туралы болмақ. Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы .Қала Есіл өзенінің оң жақ жағасында жазық жерде орналасқан. Алматы  Астанаға 1997 жылы көшірілді. Астана –әдемі жас қала. Астана қаласында зәулім сарай –Үкімет үйі бар. Онда біздің елімізді басқаратын президент –Н.Ә.Назарбаев отырады.

-Ендеше сабағымызды бастамас бұрын  стикерлер таңдау арқылы топқа бөлінеміз. Топқа бөлінгеннен кейін Астана туралы білетінімізді ортаға салайық.

1.Кім көп біледі?( Сөзжұмбақ шешу) ерекше тор көзден «Астана» сөзі шығады

1.Алматы қай таудың бауырайында орналасқан?

2.Астана қай  өзеннің жағалауында орналасқан?

3.Биіктігі 97 метр болатын бас қаламыздың символы

4.Ең қымбат жан

5.Қазақстанның тұңғыш астанасы

6.Астананың бұрынғы астанасы қалай аталады?

 

2.Бұл қай ғимарат? Бұл бөлімде  суреттер беріледі,сол суретке сұрақ қою арқылы  табу керек.

1-сұрақ: Бұл қандай ғимарат,қай қалада?(Астана-Бәйтерек монументі)

2-сұрақ: Бұл қандай ғимарат,қай қалада?(Хан Шатыр)

3-сұрақ: Бұл қандай ғимарат,қай қалада?(Нұр Астана)

4-сұрақ: Бұл қандай ғимарат,қай қалада?(Тәуелсіздік сарайы)

3.Мен армандаған Астана (сурет салу) оқушылар өз ойларынан  болашақта Астана қандай болатынын бейнелеп салу     

4.Астана жайлы жырлаймын. Оқушылар Астана туралы жаттаған өлеңдерін  айту

5.Триз әдісі (жасырынған суреттің жартысын табу)

ҮІ.Қорытынды

1.Астананың бұрынғы атауы

2.Астананың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

3.Астана қаласының басты символы

4.Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр?

5.Астана Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Астана туралы сөзімен сабақты аяқтау

«-Астана –бұл менің төл перзентім . Әр адам,тегінде өз қаласын сүйетін шығар.  Ал біз- астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз,өйткені оның құрылысын тақыр жерден  бастадық. Мұндағы әрбір  жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан ,өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда»

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *