Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке – 25 жыл

Утебаева Жанаргүл Серікқызы

 – бастауыш сынып мұғалімі,

Жаңаұоныс негізгі мектебі

Егіндікөл ауданы

Ақмола облысы

 

 

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке – 25 жыл»

Барысы:

Ашылу салтанатында «Тойбастар» күйі ойнап тұрады.

 

1 – жүргізуші: Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы –мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Тауымыз  бар таңыртқатқан шыңымен,

Ұл –қызым бар, даламыз бар ұлы, кең.

Алдарында басымды иіп өр халқым,

Құттықтаймын тәуелсіздік күнімен!

Армысыздар, құрметті ұстаздар,  ата- аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

 

2 – жүргізуші:

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

 

1-      Жүргізуші:

Зеңгір көк түс – бұл Қазақстан байрағы,

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы.

Аспанменен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы, ұланы біз жайдарлы.

 

2-      Жүргізуші:

Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен  айтамыз,

Өзіңде айбын,  қуаныш, өзіңнен қуат аламыз.

Ашық аспан, бейбіт күн – жалғаса берсін салтымыз.

Тәуелсіздікке тән белгі – шырқасын мәңгі халқымыз.

Жан азығым, қалықтай бер, шарықтай бер, Әнұран,

Салтанатты асқақ саз, гүлдене бер , кең далам.

Жүректерде жаңғырады кеудені кернеп Әнұран.

Елімде рух, мән берген иесі оның мен болам!

Мерекеміз құтты болсын!Ендеше біздің еліміздің белгісі әнұранымыз шарықтап, орындалсын.

/әнұран шырқалады/

Жаңақоныс негізігі мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

 

1 – оқушы : Нұрбек

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

 

2 – оқушы :Гүлбағдат

Жарқын заман бөбегі

Аялайды нұрлы таң

Алтын бесік өз елім,

Туған өлкем Ұлы Отан.

Тәуелсіздіктің түп тамыры – Желтоқсан оқиғасына байланысты екеніне ешкімнің дауы жоқ. Десек те 1986 жылдың қайғылы оқиғасы бір күндік немесе бір жылдық наразылықтың көрінісі емес. Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттің дамуы

жетістігі, асқан асуы, еркіндігі. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, ол ертеңгі болашағымыз.

 

3 – оқушы : Әділбек

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына

 

4 – оқушы : Айару

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

 

5 – оқушы : Нұрбек

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш – жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

 

1-жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

 

2-жүргізуші: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын  республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсына осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз» деген Елбасының өзекжарды сөзі бар. Ендеше 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері Қайрат Рұсқұлбековтың өмірінен үзінді.

 

Көрініс: «Түрмеде отырған Қайраттың анасымен соңғы кездесуі»

Анасы: Амансың ба, құлыным!

Қайрат: Ана, анашым, анашым…

Анасы: Қарағым –ау, қарағым –ау….

Қайрат: Жыламашы, болды енді, анажан,

Сенің балаң кінәлі емес, маған нан.

Жауыздардың жапқан бұл жаласын

Еш уақытта мойныма мен аламан.

Анасы: Құлыным- ау, бетің ісіп кетіпті!

Не болғансың, не болғансың балам –ау…

Қайрат: Анажаным, үйдің іші аман ба?

Әкем менен бауырларым аман ба?

Анасы: Аман, аман, бәрі де аман…

Құлыным-ау, өзің жайлы айтсаңшы..

Қайрат: Еш кінәм жоқ, бұл жаладан аманмын,

Басшыларға тергеу жайлы жазармын.

Ақталармын елім аман тұрғанда,

Саулық болса тексерген соң шығармын.

Анасы: Балам – ау, қайтейін, шындықты жеткізем деп шырылдаған бір торғайым болдың ғой. Өзің аман болшы, ұлым. Маған басқаның керегі жоқ.

Қайрат : Болды, анажан, көз жасыңды тыйсаңшы,

Күштеп мені көндірмекші бұл іске,

Бар сөзімді шығаруда теріске.

Ине тығып тырнағымның астына,

Денемді де қақтайды ыстық алауға.

Сүйегімнің аманы жоқ қазірде,

Бұл қорлықты көрмеп едім түсімде.

Мұздай сумен ес жиғызад талғанда,

Небір сөзім кетіп барад көңілде.

Бәрібір де ақталамын түбінде,

Тарих куә осы менің сөзіме.

Жыламашы, анажаным, жан анам…

Анасы: Ұлым менің, Ұлым…. шырылдаған ботам-ау, аман болшы, ұлым-ау…

Қайрат: Сау бол, ана. Менің арым таза. Ақталып қайтамын елге. Туған жерге, әке мен бауырларға сәлем дерсің Қайраттан. Мен жаламен кетіп барам, ана…

 

Ән: Желтоқсан желі» орындайтын – Мансұр , Айдина

 

1-жүргізуші: Тәуелсіздік –бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік – түнектерде тұңшығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік – халқымыздың  адалдығы өмірімен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік- елдіктің киелі кепілі, келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нысаны.

 

1-оқушы: Гүлбағдат

Тәуелсіз 25 жыл,

Сенің нұрын сөнбесін,

Ашық аспан жарық күн,

Келешегі сөнбесін

Қазақ деген халықтың!

 

2-оқушы: Нұрбек

Тәуелсіз -25 жыл,

Күн болды бұл керемет

«Ақ түйенің қарны жарылған»

Ел болдық, шүкір иншалла,

Әлемге аты таңылған!

 

3-оқушы: Айару

Тәуелсіз -25 жыл!

Тәуелсіздік – тәттә үғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған елдің мәртебесін тасқа қашап,

Зеңгір көкте желбіреді көк байрағы!

 

4- оқушы: Әділбек

Тәуелсіз- 25 жыл!

Туыңды биік ұстадық,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын

Көшіңді бастап бақыттың болашағыңа,

Барлығы бірге:

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

 

Ән: «Біз Отанның ұланымыз» Әділбек, Нұрбек

 

1 – жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

Ән «Жаса қазағым» орындайтындар  6 – сынып оқушылары: Азынов Ертарғын, Бокишев Айсұлтан

 

2 – жүргізуші: Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық,

Жасасын адамшылдық, имандылық.

Ел болып көтерген шаңыраққа

Айтылсын ақ тілектер қазағыма- дей келе  құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Бокишев Талғат Қабдоллаұлына беріледі.

 

1 – жүргізуші:

Даярлық тобының тәуелсіздік күніне арналған өлең жырларын қабыл алыңыздар. Ән: «Қазақстаным»

 

 

2 – жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

 

Ән «Жүрегім қазақ» орындайтын 9 – сынып оқушысы: Төкенов Рақымбек

1-жүргізуші:

Қырмызы қыздар,

Қызғалдақ қыздар құлпырған.

Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұңған.

Қазақтың биін билеңдер қане  майысып,

Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңна

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Арулар биі»

 

1-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз – өзінен жүрегім ән салады.

ән «Қазақтай ел қайда? » орындайтын: 6 – сынып Ертарғын, Ағыбай, Айсұлтан.

2 – жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе – тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Қазақ елі» Нұрайлым , Тоғжан:

 

1 – жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

«Жастар биі»

2 – жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды, Біз жаңа өмірдің есігін аштық.

1 – жүргізуші:

Тәуелсіз елдің ұлы өжет, қызы қайратты, қаһарман.

2-жүргізуші:

Елбасшымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Конситутциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асқанына биыл міне, тура 25 жыл!

елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!

1-жүргізуші: Елімнің бақытана бұйырған тәуелсіз елдің басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге еліміздің көк туы әрқашан желбірей берсін!

Ән: Нұраға» Тоғжан

2 – жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің

25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 25 жыл» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

 

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

 

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

[bws_related_posts]

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданының

«Жаңақоныс негізгі мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Утебаева Жанаргүл Серікқызы

Кембридж әдісі бойынша өтілген ашық сабақ жоспары

Сыныбы: 3 сынып

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы:  Денелер Заттар.

Мақсаты   мен міндеттері: Заттар мен денелер туралы ұғым берге отырып, оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге оқыту.

1.Білімділік: Дене мен заттың  не екені, айырмашылығын көзбен көре отырып, сипаттау, салыстыру арқылы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін арттыру;

3.Тәрбиелік: табиғатты бақылауға, зертеуге баулу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Сабақ түрі         : жаңа тақырып           

Көрнекіліктер: термометр, ауа райы шарттары, доп.

Әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, диалог, жеке жұмыс, жұптық , топтық жұмыс, талдау бақылау, тәжірбие жасау.                                                            

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

Табиғат – біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалаймыз

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы – деп оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Психологиялық ахуал:  «Шаттық шеңбері»  (1-слайд)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру  (2-слайд)

«Өзіңді тексер»  ойыны арқылы

ІҮ. Жұмбақтар әлемі (3 слайд, 4 слайд)

       

Жұмбақтың жауабына назар аударту. –Ал балалар, жұмақтың шешуі сонымен не болды? Жауабын кім оқиды? (5слайд)

Оқушылардың жауабы: – Денелер.

Дұрыс. Ендеше «Дене деген не?», «Зат деген не?» осы сұрақтың жауабына постер құрастырайық.

Ү. Миға шабуыл. Постер құрастыру (6 слайд)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс (7 слайд).

  • Қәне, балалар барлығымыз оқулығымызды ашып, мәтінді оқиық. Енді мәтінді оқып топта талқылаймыз.

 ҮІІ. Сергіту сәті (8 слайд)

ҮІІІ. Жаңа сабақ. Электрондық оқулық арқылы өтіледі. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру мақсатында «Заттар. Денелер» ойыны ойнатылады. (9,10,11,12 слайд)

            

             

ІХ «Топтастыру» ойыны.  (13 слайд)

Топтық жұмыс. Берілген тапсырманы топтаса отырып орындайды.

Х. Жұптық жұмыс «14, 15 слайд)

1 –жұп тапсырмасы: Бірнеше заттан тұратын денелерді ажыратып айту.

2- жұптың тапсырмасы: «Түймедақ» туралы ақпарат жинау

                   

ХІ. «Бағдаршам»  ойыны. Жаңа сабақты меңгеруге көмек және қалай меңгергенің анықтауға арналған ойын. (16,17 слайд)

                   

                       ХІІ. «Жас зерттеушілер» тапсырмасы. (18 слайд)

1 тапсырма: Қантпен тәжірбие жасау.

2 тапсырма: Тұзбен тәжірбие жасау.

ХІІІ. Топтық және жеке жұмыс. (19 слайд) тапсырмаларын орындау

Жеке жұмыс

1 оқушыға:  Қалта, ішінде мақта бар. Қалтаның ауызы бекітілген. Сипап, ұстап көріп ішінде не бар екендігін табу. Жобалау әдісі.

      2 оқушыға: Сырты қатты қорабша. Ішінде асық бар.

3 оқушы: Сырты қатты ұзын, жіңішке ұорапша. Ішінде ұшталған қарындаш.

ХІҮ. «Ойлан тап» ойыны (20 слайд)

ХҮ. Семантикалық карта (21 слайд)

  • Қәне, балалар, енді жаңа тақырып бойынша не білдік соны «Семантикалық картаға» Сұйық, қатты, газ тәрізді заттарды белгілеуді өтінем.

ХҮІ. Үйге тапсырма (22 слайд)

Мәтінді оқу. 2 тапсырманы орындау. Жұмбақ құрастыру.

ХҮІІ. Қорытынды. (23 слайд)

ХҮІІІ. «Өзіңді тексер»  жеке жұмыс (24 слайд)

       

ХІХ. Бағалау. Берілген парақшаға бағалап, қорытынды бағасын шығару.

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика