Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы

                                                           Алматы облысы,Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебі

                                                                    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                                                   Тұрсынқұлова Сәуле Лесқызы

 

Тақырыбы: Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы

Мақсаты:

1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері,  слайд  ноутбук,
Түрі : әңгіме –сұхбат , дөңгелек үстел түрінде
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.

Ұлы тұлға ұлтына бас иетін
көрдік талай замана қасіретін
Нұрлы жолға бастадың қазағыңды
Асқақтаттың Алаштың қасиетін.

Деп бүгінгі сынып сағатын Елбасымыздың құрметіне арнаймыз.
— Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты    білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарт  та  амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні »ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
II. Тақырыбы, мақсаты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан  Президент күніне орай «Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы  » атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты  Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Слайд «Назарбаевтың отбасы»
1-бейне баян «Назарбаев LIEF»

Оқушыларға бейне баян бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Назарбаевтың өзі туралы айтып отырғаны шындық па?
  2. Қазақ халқы үшін жасағаны ерлік пе?
  3. Ұлтжанды болу үшін қандай болу керек?

2- бейне баян «Қазақ елі .Қазақстан тарихы» деректі фильм көрсетіледі.

Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж  Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж  ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.
1995ж  Конституциямыз қабылданды.  2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет.

Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.
«Көптеген елдерді араладымБірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…» деп Елбасымыз тегін айтпаса керек. Олай болса елім деп соққан жүрегі алып тұлға Елбасымыздың ұрпағы Сіздер мен Біздер  қашанда Отанымызды сүйіп, құрметтеп өтейік!
Мұғалім
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Көк туымыз әрқашан төбемізде желбіресін деп бүгінгі сынып сағатын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.

Үйге тапсырма «Менің тұңғыш Президентім»  шығарма жазу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *