«Елім менің » атты танымдық ойыны

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы

№ 39 «Қызылөзек» орта мектебі

Абуова Меруерт Ержанқызы

География пәнінің мұғалімі

 Тақырыбы: «Елім менің » атты  танымдық ойыны

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы  түсінік беру, өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап,  әрі қарай  жалғастыруға тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру

Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің  не  екенінін  дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты  ұрпақ   бойында  ұлттық сана  көрініс  тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне  деген  сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың  қалыпты  дамуы, өркениетке  ұмтылу жолындағы  нәтижелі  көрінісі болып саналмақ.

Шарттары:

  1. Сұрақ-жауап
  2. «Аңдап айтып, анық сөйлеу»  (қатысушылар берілген термин сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек)    Термин сөздердің мағынасын түсіндіру
  3. Тарихи тұлғалар (топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді)
  4.   «Сенесіз бе,сенбейсіз бе?»
  5. «Әріптер қозғалысы» (Оқушыға екі әріп тағылады.Сол әріптерді пайдаланып,сұрақтың жауабын тереді)
  6. «Тарихты білеміз бе?»

І айналым.

  1. 1.       Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/
  2. Әлемдегі екінші ұстаз?  Әл-Фараби
  3. Қазақстандағы шина жасау зауыты орналасқан қала  Шымкент
  4. Елтаңбаның авторлары кімдер?  Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков
  5. Биіктігі 97 метр.3буынан тұрады.

1.Жер асты

2.Діңгегі

3.Алып шар Бәйтерек

  1. Қазақстандағы өлшеуіш аппаратура шығаратын зауыт қай қалада Көкшетау
  2. Қазақстандағы аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала  Талдықорған
  3. Қазақстандағы толық циклды металлургия комбинаты орналасқан қала Теміртау  
  4. Қазақстандағы титан-магний зауыты орналасқан қала  Өскемен
  5. Астанамыз 10 жасқа қашан толды? 2008 жыл, 10 маусым
  6. Қазақстандағы кабель зауыты орналасқан қала Семей
  7. Қазақстанда ең алғашқы қорық қай жылы құрылды1927 ж Ақсу-Жабағылы
  8. Шығыс Қазақстандағы  мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар Марал
  9. 14.  Алматы қай таудың баурайында орналасқан  Іле Алатауы
  10. 15.  Семейде көпір салу үшін қаржылай көмек көрсеткен ел Жапония
  11. Қазақстанда 1911 жылы игерілген мұнай кен орны: Доссор
  12. Қазақстанның ірі су электр станциясы Бұқтырма
  13. Алюминий зауыты бар қала: Павлодар
  14. Жылқының адай тұқымы тараған облыс: Атырау
  15. Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі Ресей

Ән-жұмбақ  (Атамекен)

ІІ айналым.

«Аңдап айтып, анық сөйлеу»  (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек)

А) МЕРИДИАН, ТОРНАДО, ГИГРОМЕТР, ВЕГЕТАЦИЯ, ЭКВАТОР;

Б)  ПАРАЛЛЕЛЬ, ТАЙФУН, БАРОМЕТР, КОНДЕНСАЦИЯ, КОМПАС;

Термин сөздердің мағынасын түсіндіру

«А» тобы

МЕРИДИАН – жер шарының полюстері арқылы экваторды тура көлденең кесіп өтетін сызық

ТОРНАДО- диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын

ГИГРОМЕТР- ауаның ылғалдылығын өлшеу үшін қолданылатын метеорологиялық аспап.

ВЕГЕТАЦИЯ-өсіп-өну (өсімдіктің даму дәуірі)

ЭКВАТОР- Жердің айналу осіне перпендикуляр әрі екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан үлкен дөңгелек сызық.

«Б» тобы

ГОРИЗАНТАЛЬ – – биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.

ТАЙФУН –Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты.

 БАРОМЕТР-атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.

КОНДЕНСАЦИЯ- заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы.

 КОМПАС-жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап

Ән-жұмбақ (Сарыжайлау)

ІІІ айналым

Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді/

А тобы                                                                             Б тобы

*Шоқан Уәлиханов                                                 *Әбу-насыр әл-Фараби

*Рақымжан Қошқарбаев                                        *Тоқтар Әубәкіров

*Қаныш Сәтбаев                                                    *Михаил Сургутанов

*Әлия Бейсенова                                                      *Абылай хан

*Нұрсұлтан Назарбаев                                          *Семенов Тянь-Шаньский

*Мақаш  Тәтімов                                                    *Назарбек Қожамсейітов

*Қайрат Рысқұлбеков                                           *Лаззат Асанова

*Сәкен Сейфуллин                                                 * Қасым Аманжолов

   Ән-жұмбақ (Елім менің)

4-айналым  «Сенесіз бе,сенбейсіз бе?»

1. Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан 10 орында дегенге сенесің бе?(жоқ 6 орында)

2. Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар екеніне сенесіз бе? (я)

3. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрантындығына  сенесіз бе? (я)

4. Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екеніне сеніз бе (я) атырауда

_____________________________________________________________

  1. 1.      2009 жылы халық санағы бойынша ҚР халқының саны 16 млн-нан асқанына сенесіз бе?  (я)     (16402 млн адам)
  1. Қазақстан әлемдегі вольфрам қоры жөнінен 3 орында дегенге сенесіз бе? (жоқ) (1 орында)

 

  1. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында екеніне сенесіз бе? (я)

 

  1. Әлемнің екінші ұстазы Қазақстанда туған дегенге сенесіз бе? (я)Әбу-насыр Әл-Фараби

 

  Ән-жұмбақ (Қазақ жігіттері)

5-айналым. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады.Сол әріптерді пайдаланып,сұрақтың жауабын тереді/

1-топтың сұрағы:

1.Нанды баспа обал болады

2. Бала тілі бал

3.Ескі жара аузын тырнады

4.Бері тартса өгіз өледі

Әрі тартса арба сынады

5.Біреуге жала жаппа

6.Қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып

7.Түс көрсең жақсыға жоры

 

2-топтың сұрақтары:

1. Ақыл көпке жеткізер

Өнер көкке жеткізер

2. Ақыл жастан

Асыл тастан

3. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт

4. Көмірдің түсі қара

5. Астана әсем қала

6. Көмекке келу асар салу

7. Өзін-өзі тану пәні сабағының авторы Сара

   Ән-жұмбақ (Қазақстаным)

6-айналым. «Тарихты білеміз бе?»

  • 1. Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1865-1867 жылдары ол орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше рет экспедиция жасап, Хан тәңірі шыңының бөктеріне дейін жеткен. Бұл қай ғалым? (Семенов Тянь-Шаньский)

2. «Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің негізгі саласы болып табылатын Нарын өзенінің жоғарғы саласынан басталады. Бұл ара осы меридианда Семенов сапарының еш шырқау шегі. Одан әрі менің алдымда зерттелмеген, адам аяғы баспаған мүлде меңіреу өңірі жатты» — деп жазған ғалым кім?  (Шоқан Уәлиханов)

Ән-жұмбақ (Қазақ елі)

Қазылар  алқасы ойынды қорытындылап,  жеңімпаздарды  анықтайды.

 

2 комментария

  1. салеметсиздерме менин аты жоним нурасыл. сыздерге бир сурагим бар Казахстаннын физикалык географиясы нені оқытады
    литосферанын жогаргы бөлігі тропосферанын төменгі бөлігі гидросфера және биосфераны бір біріне әсер ететин жане бір бірімен әрекет ететин жердин ерекше кабиги калай аталади

    • Нұрасылға жауап: Қазақстанның физикалық географиясы Қазақстанның табиғи жағдайын, оның жер бедерін, геологиялық қабатын, климатын, агроклиматтық ресурстарын, табиғат зоналарынғ жануарлар мен өсімдіктер географиясын, жауын шашын т.б. жағдайын оқытады.

      литосферанын жогаргы бөлігі тропосферанын төменгі бөлігі гидросфера және биосфераны бір біріне әсер ететин жане бір бірімен әрекет ететин жердин ерекше кабиги калай аталади? Жауабы: Географиялық қабық деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *