Есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту.

Ауызша тапсырмаға мынадай тапсырмаларды енгізу болады:

Мысалдарды шешкен кезде сол санға сәйкес келетін әріппен белгілейміз.

36:6

54-45

800:80

72:6

57:19

96:12

98:14

64:16

Есеппен жұмыс істеу.

№3 а)

t 1сағ 2сағ 3сағ 4сағ 5сағ
S 15км 30км 45км 60км 75км
d 105км 90км 75км 60км 45км

15км/сағ

A                                                                                                            B

0              15              30             45

Ә) Бұл есеп бір-біріне қарама –қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген. Балалар мұндай есептерді 2-ші тоқсанда кездестірген болатын және бір бағыттағы қозғалысқа құрылған еспетермен салыстыру туралы тапсырма беруге болады.

Б) Бұл сабақта бір бағыттағы қозғалыс күрделене түседі. Қлзғалатын нысандар бір мезгілде емес, белгілі бір уақыт аралығында қозғала бастайды. Мұндай жағдайлар өмірде жиі кездеседі. Сондақтан сыныптағы балалардың атын пайдаланып және балаға жақын өмірлік жағдайларды үлгі ете отырып, дайындық жүргізуге болады.

12 км/сағ

10:00

А                                                                                                                     В

 

12:00

3 км/сағ артық

 

60 км

2 сағатта: 12 – 10 = 2(сағ)

Екінші велосипедшінің жылдамдығын табамыз:

12 + 3 = 15(км/сағ).

60 : 15 = 4(сағ) – екінші велосипедші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.

60 : 12 = 5(сағ) – бірінші велосипелші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.

4сағ + 2 сағ = 6сағ – бірінші велосипедші жолға шыққан сәттен бастап осынша уақыт өтеді.

Ендеше екінші велосипедші біріншісін басып оза алмайды.

№4. Түбірлері тең теңдеулерді жұптастырып жазу.

1-тәсіл. Алдымен барлық теңдеулерді шешіп аламыз. Содан соң оларды жұптастырып жазамыз.

2-тәсіл. Құрылымын талдап алып, талдау негізінде теңдеуді шешпей-ақ қорытынды жасау. Екі тәсілді де пайдалануға болады.

№5 тапсырманы орындағанда балалардан дөңгелекті теңдей 6 бөлікке бірдей етіп бөлуді талап етпеңіз. Оқушылардан мұны қайткенде дұрыс істеу болатынын сұраңыз (белгімен, торкөз бойынша, т.б), олардың ұсыныстарын тыңдап алыңыз.

№6 тапсырмадағы «абайла» соңғы мысалда. Бірінші жақшаның нәтижесі нөлге тең болатынын көргеннен кейін, ары қарай есептеудің қажеті жоқ.

№7 тапсырма. 2,7,9 цифларын пайдалана отырып, неше екі таңбалы сан жазуға болады: (Бұл сандардағы цифрлар қайталанады). Жауап нұсқасы өте көп болғандықтан, оны жүйелеу қажет. Ол үшін алдымен 2-ден басталатын сандарды (22,27,29), содан соң 7-ден (77,72,79) және 9-дан ( 99,92,97) басталатын сандарды жазыңыз. Жауап нұсқалары жазылған кестені де осындай ретпен толтырамыз. Оны тақтаға сызған дұрыс.

2        7       9                        Мүмкіндіктер бұтағын құр.

2       7       9                        ондықтар

2        7       9                        бірліктер

 

№5 тапсырма – құрама есеп. Бірақ өмірде мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі, сондықтан онымен танысудың пайдасы зор. Егер жолаушы 10 минутта озып кетсе, жолға кеткен уақыттың 10 минутқа тең болғаны.

1-тәсіл

70•10=700 (м) – бірінші жолаушы жүріп өткен жол.

700-600=100 (м)- екінші жолаушының жүріп өткен жолы.

100:10=10 (м/мин) –екінші жолаушының жылдамдығы.

2-тәсіл

600 : 10 = 60 (м/мин) — бір-бірінен алыстау жылдамдығы.

70 — 60 = 10 (м/мин) — екінші жолаушының жылдамдығы.

№6 тапсырмада алдымен параллель түзулерді көзбен, бұрыштық сызғышсыз аныктап алғаннан кейін ғана бұрыштың сызғышты пайдалануды сұраңыз. Бұл жаттығу келесі сабаққа дайындық болады.

№6 (ә) тапсырма — сызық сызылмаған кағазға тіктөртбұрышты салу алгоритмін кайталауға арналған есеп. Балалар суретке сүйене отырып, алгоритмдік кадамдар тізбегін жасайды.

№7 тапсырманы орындаған кезде — оқулыктың форзацын ңолданыңыз, яғни, бір таңбалы сандар мен 10-ның кубтары көрсетілген кестені пайдаланыңыз.

№ 8 Сызбада неше үшбұрыш бар?

а)                                      ә)

Жауабы: а) 16 үшбұрыш бар; ә) 13 үшбұрыш бар.

№8.Көк, қызыл жөне жасыл стақандарға қарындаштар, фломастерлер мен қаламдар салынған. Жасыл стақанда қарындаш жоқ, ендеше карындаштар қайда тұр? Кестені немесе графты (бағыт сызығы) пайдалан.

  Қарындаштар Фломастерлер Қаламдар
Көк стақан +
Жасыл стақан +
Қызыл стақан +

Есептің шартын оқи отырып, бағыт сызыктарын жүргізуге бо­лады немесе кестенің тиісті қатарына « + » немесе « — » таңбаларын жазамыз.

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *