Есептер шығару

15 ЖББ ОМ

Копеев Айдар Сейтович

 Сыныбы: 11

Пәні:физика

Сабақтың аты Есептер шығару
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Айнымалы ток және онда қолданылатын физикалық шамалар жайлы мағлұмат беру

Ø  Айнымалы ток және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Ø  Өзін-өзі   бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Айнымалы ток және онда қолданылатын физикалық шамалар жайлы мағлұмат алады

Ø  Айнымалы ток және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруға үйренеді

Ø  Өзін-өзі  бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Тұрақты ток тiзбегiнiң заңдары айнымалы ток тiзбегi үшiн де орынды болады. Тек бұл жағдайдағы

2.5 – сурет

айырмашылық, айнымалы ток тiзбегiнде физикалық шамалар уақыттың өтуiмен байланысты өзгерiп отыратын болғандықтан, бұл заңдар сәйкес шамалардың берiлген уақыт мезетiндегi лездiк мәнi үшiн орындалады.

Айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуат:

 – қуат коэффициенті деп атайды

Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Индукциялық ток генераторының негізгі бөліктері:

1. Индуктор – магнит өрісін тудыратын қондырғы;

2. Якорь – ЭҚК индукцияланатын орама;

3. Щеткалар мен сақиналар – айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар.

Тапсырмалар Топтық  жұмыс
Жеке жұмыс «Жалғасын тап»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Айнымалы токтың генераторының жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.
  2. Айнымалы  токтың генераторы қандай негізгі бөліктерлен тұрады?
  3. Айнымалы  токтың қуаты қалай анықталады?
  4. Қуат коэффициенті деп нені айтады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Өткен тақырыптарды еске түсіріп шолу жасау

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген есепті оқып, топпен бірлесе отырып, шығарады және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

  1.  Сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтiлiгi 0,01 Гн катушкадан тұратын тербелмелi контурда, пайда болатын тербелiстiң периодын анықтаңыз
  2. Жиiлiгi 1000 Гц электромагниттiк тербелiс алу үшiн, тербелмелi контурға сыйымдылығы 2мкФ конденсатормен бiрге индуктивтiлiгi қандай катушка қосу керек ?
  3. Тербелмелi контур индуктивтiлiгi 3 мГн катушкадан және радиустары 1,2 см, арақашықтығы 0,3 мм болып келетiн екi дискiлi жазық конденсатордан тұрады. Егер конденсатор арасы диэлектрлiк өтiмдiлiгi 4-ке тең затпен толтырылатын болса, тербелiс периодының қандай болғаны ?
  4. Катушканың ұштарындағы кернеудiң амплитудалық мәнi 160 В, ондағы токтың амплитудасы 10 А және жиiлiгi 50 Гц. Катушканың индуктивтiлiгiн анықтаңыз.
  5. Тербелмелi контур индуктивтiлiгi 24 Гн катушкадан, 1 Ом кедергiден және сыйымдылығы 2222 пФ конденсатордан тұрады. Конденсатордағы максималь кернеу 5 В болған кезде, контурда өшпейтiн тербелiс сақталу үшiн, ол қандай қуатпен қамтамасыз етiлуi керек ?
  6. Катушканың ұштарындағы айнымалы ток кернеуiнiң амплитудасы 157 В, ток күшiнiң амплитудасы 5 А және ток жиiлiгi 50 Гц. Катушканың актив кедергiсiн ескермей отырып, индуктивтiлiгiн табыңыз.

VІ. Жеке жұмыс «Жалғасын тап» (13 минут)

  1. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат……………………………
  2. Айнымалы ток генераторы деп………………………………………..
  3. Айнымалы ток генераторы мынадай бөліктерден тұрады………………………………..
  4. Айнымалы ток тізбегі индуктивтілігі 0,5 Гн, активті кедергісі 1 кОм катушка мен сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан тұрады. Кернеудің амплитудасы 100 в, тербеліс жиілігі 50 Гц болса, онда тізбекте қандай қуат бөлінеді?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар №78
Кейінгі оқу § 2.1-2.8  тақырыптарды қайталау

 

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика