Ескерткіштер сыр шертеді

Ы.Алтынсарин атындағы №159гимназияның

11-сынып оқушысы :  Кенжебеков Рүстем

Жетекшісі

География пәні мұғалімі: Қабылханова Назира Шәкерқызы

 Тақырыбы:      Ескерткіштер сыр шертеді

Алматының тарихы тереңде жатыр,оның өткен жылдары жеткен жетістігі,шыққан биігі,асқан белесі басынан кешкен тарихы көп-ақ.Алматыда барлығы 1500-дей көше бар,ал оның жалпыұзындығы бірнеше мыңдаған шақырымға жетеді.Көшелердің 700-ден астамы кісі есімімен аталады.

Көше атаулары бізге тарихи оқиғаларды еске түсіреді.Кеңес үкіметі тұсында халқына еңбегі сіңген,белгілі тұлғаларға көше атауларын беру қолға алынған.

Алматы – республикамыздың ірі ғылыми, мәдени, білім және өндіріс орталығы. Басында мәңгі         қар жатқан әсем Алатаудың баурайына орналасқан Алматы-дүниежүзіндегі көрікті қалалардың бірі. 1998 жылы Қазақстанның астанасы қазіргі Астана қаласына көшірілді. Осыған орай «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданған болатын. Ол заң бойынша Алматы бұрынғысынша еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи қржы және өндіріс орталығы болып қала бермек. Бұл қала дамуының кепілі.

Әр жылдың 18 сәуірі – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып жарияланған. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді.  Дүние жүзінің 122 елінің 754 тарихи құндылық  ЮНЕСКО тізіміне енгізілген .

Елімізде ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Ал, Алматы қаласындағы мемлекеттік тізімге 145 тарихи- мәдени ескерткіш мұра нысандары енгізілген,олардың 28-і республикалық, ал 118-і жергілікті тарихи  және мәдени ескерткіштер  қатарына жатады .

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне байланысты 159 гимназияның өлкетану үйірмесінің мүшелері көптеген іс-шаралар жүргізді. Ескерткіштерге саяхат жасап,  гүл шоқтарын қойды. Белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер тарихы жөнінде көтеген әңгімелер айтылды, еңбек және өмір жолына тоқталды.Өз қаласының тарихын тереңірек біліп,сол қалада өмір сүрген белгілі адамдар жөнінде және олардың өнегелі өмір жолдарын оқып үйрену.

Жалпы мектебімізде іс-шара өткізу әдетке айналған. Ондағы мақсатымыз көше басында тұрған тас мүсіннің еліне еңбегі сіңген азаматқа   қойылған құрмет екенін жеткіншектер санасына сіңіру.  Алматы – менің қалам атты қалалық туристік экспедицияның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында туризмді дамытуға өз үлестерін қосу. Осыған орай, «Өлкетанушылар үйірмесінің мүшелері қаладағы халқына еңбегі сіңген тарихи тұлғаларға қойылған ескерткіштерді аралап, олардың сырын білуге тырысты. Қазақстандағы тарихи–мәдени мұралар: ескерткіштер, кесенелер, ғимараттар туралы сынып сағаттары, сурет көрмелері, Ескерткіштер–тарих айнасы атты шығармалар байқауы өткізілді. Одан басқа оқушылар «Таспен қаланған тарих», «Бабалар аманаты», «Ескерткіштер-елдігіміздің белгісі» атты тақырыпта  рефераттарын қорғады.Ұлттық құндылықтарымызды қорғау және болашақ ұрпаққа жеткізу міндетіміз екенін ұмытпауымыз керек

         Оқушылар тәуелсіздік  монументінің жанында.

Тәуелсіздік- ежелден еркіндікті серік етіп,ешкімнің бұйрығынсыз азат өмір сүруді ту еткен қасиетті бабаларымыздың арманы. Қазақ халқы үшін Тәуелсіздік қана емес, ол туралы идеяның өзі де құнды, оған тарих куә.

Мен-қазақпын биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-

Айта бергім келеді, айта бергім!

 Жұбан Молдағалиев

Ескерткіш алдында оқушылар өнерлерін көрсетіп, өлеңдер оқыды.

1986 жылы 16-18 желтоқсандағы Алматы жастарының көтерілуіне тоталитарлық режим кезінде пісіп-жетілген объективті себептер түрткі болды.

 Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

М.Шаханов

Академияның тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,  дүниежүзіне белгілі ғалым, Қазақстан геологиясының негізін қалаушы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері.

Академик Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш (Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ғимараты алдында Байтұрсынов көшесі мен Сәтбаев көшесі бұрышында).

«Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын да мақтап жарытқан емес».

Қ.Сәтпаев

Нұрғиса:

«Қазақты мендей сүйетін адам болса, бұл қазақ жаман болмас еді. Мен қайтқанда халқым жоқтау айтпайды, әнмен шығарып салады, мен елдің рухын көтеріп кетуім керек. Сол үшін де жаратылғанмын».

 Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай қалады.

Н.Тілендиев

Ғ.Мұратбаев (03.06.1902 жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданында туылып, 15.04.1925 жылы Мәскеуде қайтыс болған. Орта Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі.

Қазақтың ұлы ақыны, философы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы әрі оның классигі Абай ҚҰнанбаев 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс

Қазақстан облысының жеріндегі Шыңғыс тауларында өмірге келген.

                                                         Досыңа достық-қарыз іс.

Дұшпаныңы әділ бол.

Асығыс түбі өкініш

Ойланып алмақ-сабыр сол.

Абай

Достық даңғылы мен Т.Шевченко көшесінің қиылысындағы украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко ескерткішінің жанында.

Жамбыл Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы-сәулетші В.Сашенко мүсінші Қзақ ССР-інің халық суретші Х.Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған.

Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы-айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Қазақстанның мемлекет қайраткері, үш мәрте  Социалистік Еңбек Ері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа (1912-1993) ескерткіш-бюст Киров көшесі (қазір-Бөгенбай) және К.Маркс көшесі (қазір Қонаев) қиылысындағы бақта 1978 жылы орнатылды.

 «Тіл жойылса-ұлт жойылады, Тілден үлкен ана бар ма, сірә?! Әркімге өз ана тілінде сөйлеуге тыйым салу мәдениетсіздік ғана емес,-зұлымдық».

Д.Қонаев

Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова – шығыстан шыққан алғашқы Кеңес Одағының Батырлары

28 Панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысына қатысушы, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіші.

«Ел үшін аянба, ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба, жігіттігіңе сын, ердің туы-намыс, именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген қорлық артық».

 Б.Момышұлы

Алматыдағы 28 гвардияшы Панфиловшылар атындағы парктегі мемориал

Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар – Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлерге қойылған ескертк

 Оқушылар мәңгі от алауына тағзым етуде.

[bws_related_posts]

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика