Етістіктен өткенді қайталау

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті
№70 Жанқожа батыр атындағы орта мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Сисенбай Жанат

Сабақтың тақырыбы

 

 

Етістіктен өткенді қайталау.
Сілтеме  Жоспар

 

Жалпы мақсаты

 

 

Етістіктен алған білімдерін бекіту, жинақтау және оны қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Етістіктен өткендерін естеріне түсіреді, оның түрлерін ажырата алады, алған білімдерін жинақтайды, оны орынды қолдана алады.
 Негізгі идея

 

 

Оқушының ойын дамыта отырып,сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады.
Тапсырмалар

 

 

Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар:

Ұжымдық жұмыс: «Білу» ;

Топтық жұмыс:  «Түсіну»; «Қолдану»

Жұптық жұмыс: «Талдау»

Топтық  жұмыс: «Жинақтау»

Жеке жұмыс : «Бағалау»

 

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал тудыру . «Сергіту сәті»

2.Оқушыларды  таратпада берілген мысалдар бойынша 4 топқа бөлу( Есімше, көсемше, рай, шақ)

Қызығушылығын арттыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, бүгінгі ашық  сабағымызды Жыр алыбы  Жамбыл атамыздың 170 жылдық мерейтойына арнаймыз. Алдымен, атамыздың  туған жеріне Жамбыл тауының бөктеріне саяхат жасайық. Ол үшін талай белесті бағындыруымыз керек. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі тапсырмаларды орындауларыңа қарай саяхатқа шығу үшін ұшақтың, поездың, автобустың билеттерін аласыңдар. Жинаған ұпайларыңның қорытындысына сәйкес бағаланасыңдар.

ІІ.Ұжымдық жұмыс :  Білу —  «Жазықты белес» 

  1. Етістік дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
  2. Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді? Туынды етістікке мысал келтір.
  3. Етістік мағынасына қарай қалай бөлінеді? Сабақты етістікке мысал келтір.
  4. Етістік  құрамына қарай қалай бөлінеді? Күрделі етістікке мысал келтір.
  5. Етістік іс-әрекеттің орындалуына қарай қалай бөлінеді? Болымсыз етістікке мысал келтір.
  6. Етістік атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді? Көмекші етістікке мысал келтір?
  7. Етістің неше түрі бар? Оларды ата. «Жу» етістігін етіс түрлеріне айналдыр.
  8. Есімшенің  ерекшелігі неде, жұрнақтарын ата
  9. Көсемше  қалай жасалады? Қай түрі жіктелмейді?
  10. Тұйық етістік дегеніміз не? Қалай түрленеді?

ІІІ. Топтық жұмыс:  Түсіну – «Жоталы белес»

«Ара өрнегі» әдісі бойынша топталады.. Қолдарына берілген тірек сөздерді топтастыру арқылы етістіктің түрлерін, қай шақта тұрғанын  тауып, жіктейді  және сөйлем құрайды.

А-өрнегі:   жазып ——отыр——ІІІ жақта жікте—— сөйлем құра

В-өрнегі:   биле——-а,-е,-й——ІІ жақта жікте—— сөйлем құра

С-өрнегі:   сұра——ды, -ді,-ты,-ті—-І жақта жікте—- сөйлем құра

Д-өрнегі:   кездес——атын,-етін, -йтін, -йтын——ІІІ жақта жікте—— сөйлем құра

Е-өрнегі:   қуанба——ар, -ер,- р, -с———І жақта  жікте———- сөйлем құра

                                   Қолдану – «Бетегелі белес»

Слайдта берілген  Жамбылдың өлең үзінділерінен  Етістіктің райларын ажыратыңдар:

1-топ:

Жігіттіктің кезінде

Жігерлі болса, ер болар

2-топ:

Өлеңім, шарла ауылды,

Тыңда, дала, Жамбылды!

3-топ:

Мен ғасырдың айғағы жүзге келдім,

Елбірлігін, бақытын іздеп едім.

4-топ:

Өлігіңе бие бер,

Малмен иман алғайсың!

ІV.Жұптық жұмыс:  Талдау – « Қыратты белес»

Таратпа қағазда берілген өлең жолдарындағы асты сызылған етістіктерді шақ, рай т.б. түрлеріне  ажыратып, морфологиялық талдау жасау.

1.Бір тояйын  дедің бе,

Ақысын жеп жетімнің.

2. Кәріге , жас буынға

Бақыт нұры жанып тұр.

3. Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім,

Көргенде  жақсы жырды құстай ұштым.

4. Біз әлемге жарық күн едік,

Өлтірмекші болды жау.

5. Бақыт нұрын құйды да

Гүлдендірді даламды.

6. Мектепке бәрің бүгін кеп,

Оқисың, думан саласың.

7.Бұлағына жүзіп білімнің

Сусындап  сонда қаларсың.

8.Көпті көрген көнемін

Көп заманнан келемін.

9.Жиналып жұртым алдымда,

Тыңдауға мені келіп тұр.

10. Жүз жасаған жүректен

Жырларымды төгейін.

11.Лаулаған оқтың өртінде

Жалғызы қалмай жағылсын!

12.Найзасы өткір ақ алмас

Салса тастан өтеді.

V. Топтық жұмыс:  Жинақтау —  «Жартасты белес»

Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, етістіктің сөйлемдегі қызметін анықта:

1-топ:

  Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты.

2-топ:

Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді.

3-топ:

Мен домбыра тыңдауға әуес едім.

4-топ:

Менің өлеңім самғаған құстай бүкіл Жетісуды шарлады.

VІ. Жеке жұмыс:  Бағалау – «Биік белес» 

Етістіктің шақтары мен райларын қатыстыра отырып, « Жүректен шыққан жылы лебіз» тақырыбында Жыр  алыбына лебізін білдіріп, баға беру.

Рефлексия:  «Мен үшін сабақ несімен маңызды болды… .»

 Бағалау парағы бойынша ұпайларын жинақтау:

Оқушының аты-жөні             Тапсырмалар бойынша жинаған ұпайлары Жалпы

ұпай

саны

1.Жазық

ты

белес

2.Жота

лы

белес

3.Бетеге

лі

белес

4.Қырат

ты

белес

5.Жартас-

ты белес

6.Биік

белес

   

 

             
   

 

             
   

 

             
   

 

             
   

 

             

 VІ. Үйге тапсырма: Етістіктің түрленуіне байланысты 5 мақал-мәтел жазып, синтаксистік талдау жасау.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *