Еңбекқор жәндіктер (Презентация)

qumyrysqaАлматы облысы
Алматы қаласы
Бостандық ауданы
№22 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Халивалипова Гүлмира Әбденқызы
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқор  жәндіктер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру, мазмұны мен идеясын ашу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  аралас   сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Венн диаграммасы.
2. “Ой қозғау” стратегиясы.
3. «Т кестесі» стратегиясы.
4. «Рафт» стратегиясы.
5.  Бес жолды өлең.
6. «Топтау» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнежазба,оқулық.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
I.  Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық: Көңіл күй сыйлайық!
Жүректен – жүрекке
тал

Әр оқушы кішкене жүрекшелер бір – біріне тілек жазып, «Ғажайып ағашқа» іледі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ өрмекші,құмырсқа, қарлығаш  туралы мәлімет жинап, топ бойынша  жұмыстарын қорғайды. Бір — бірін қайталамайды.
Жаңа сабақ.
ІІ. Мағынаны тану.
Венн диаграммасы.
-Сонымен балалар өрмекші,құмырсқа, қарлығаш 3  жәндікке ортақ ,ұлы қасиет не екен?
-Еңбекқорлық екен .Бір сөзбен айтқанда оларды  «Еңбекқор жәндіктер»деп айтамыз.
-Балалар, дұрыс айтасындар бүгінгі сабақта біз Балалар әдебиетінің атасы -Ы.Алтынсариннің  еңбекқор жәндіктер   жайлы айтылатын мәтінмен танысамыз.
Сөздікпен жұмыс.

Нанның уағы — нанның үгіні, қиқымы
ғибрат-үлгі, өнеге
тұзақ
Сөйлем құру.(ауызша)
Бейнекөрініс көру.
«Жарас»студиясы ұсынған мультфильм.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді рольмен оқу.
Мәтін бойынша сұраққа жауап құрастыру.
(3 топ бірін-бірі қайталамай,сұрақтарға толық жауап керек.)

Халық болжамдары туралы мәлімет беру.

-Балалар,бізге бұл еңбеккор жәндіктер бізге қонаққа келіпті.Бірақ, құр қол келмей, сендерге қызықты тапсырмалар әкеліпті.Қанеки,бәріміз бірігіп білімді, ақылды,алғыр  екенімізді тағы байқатып көрейікші.
Қарлығаштың  хаты
“Ой қозғау”
3 топқа  1 сұрақтан бөліп беріледі. (Әр оқушы өз жауабын,өз айту керек.)
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
— Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
-Еңбекқор  деп қандай адамды айтамыз?
Құмырсқаның хаты
«Т кестесі» стратегиясы.
Әр топ  жағымды қасиеттер туралы жазып  оларға қарам-қарсы жағымсыз қасиеттер тауып жазады.
еңбекқор- жалқау
мейірімді — қатыгез …т.б.
Жағымды қасиеттерді барлығымыз хормен дауыстап оқимыз.
-Көрдіңдер ме,балалар,бойымызға жағымды қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуымыз керек.
Өрмекшінің  хаты
“РАФТ”стратегиясы.
Оқушылар өздерін осы жәндіктердің орнына қойып,олардың қасиеттерін еске түсіріп, солардың атынан сөйлемдер айтады.
Сабақты қорытындылау.
ІІІ. Ой толғаныс.
Sinkuein немесе «5 жолды өлең» стратегиясы
Дәптермен жұмыс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
Топтастыру стратегиясы.
«Еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.

Мұғалім сөзі:
Қазақ ұстаздарының атасы Ыбырай Алтынсариннің дәл осы бір шағын әңгімесінен кейін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің ел халқын еңбекке баулыған жолдауы есіме түсіп тұр.Елбасымыз  халқымызды  еңбекке, өнерге, мейірімділікке шақырды, жалқаулықтан жирендірді. Қарасаңыз, Алтынсариннің балаларға арнаған насихатын бүкіл халыққа бір-ақ бағыттады. Елбасы жолдауы ғұлама ұстаздың «Өрмекші, құмырсқа, қарлығашымен» үндес шықты.
-Әлсіз жәндік, жұдырықтай құс демей, олардан да алар сабақ, үйренер үлгілеріміз көп секілді.
Тәуелсіз -еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда. Сондықтан да өрмекшідей өнерлі, құмырсқадай тәртіпшіл, қарлығаштай қайырымды , еңбекқор,ұйымшыл болыңдар-деген тілекпен сабақты аяқағым келіп тұр.
Кері байланыс.  (Рефлексия)
Тақтаға барып смайліктерін іледі.
-Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
-Сабақ ұнады ма?
-Қай сыныптасыңның жауабы ұнады ?
-Қандай қиындықтар болды?
Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу.Сөздік жаттау.
Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *