Жай бөлшектерге амалдар қолдану

«Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

матетматика  пәнінің мұғалімі

М.Абдиева

Тақырыбы:  Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу, бекіту. Өткен тақырып бойынша әр түрлі есептерді шығара білуге үйрету.
  2. Тәрбиелік: есеп шығаруда оқушыларды шапшаңдылыққа, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, мұқияттылыққа ойын арқылы тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, математика пәніне қызығушылығын және оқушының білім дағдыларын дамыта отырып, ал,алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабағы

Сабақтың әдісі:  «Мақта қыз бен мысық» ертегісі, сайыс сабақ

Көрнекілігі:  топшамалар,  «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен үзінді суреттер, интерактивті тақта

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:  Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты 4 топқа бөліп отырғызу.

ІІ.  Негізгі бөлім: Бүгінгі  сабағымыз «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісінде өтеді. Сіздер топ болып сайысқа түсесіз. Әр топ –мысықтың сүт іздеу барысында кездескен қиыншылықтарын бірге есеп шығару барысында орындайсыздар. Жарыстың әрбір кезеңі жетондармен бағаланып отырады.

  1. І кезең: «Мысықтың сиырға баруы» ереже сұрау.
  2. ІІ кезең: «Мысықтың талға баруы» топшама есептері
  3. ІІІ кезең: «Мысықтың қыздарға баруы» кесте есептері
  4. ІҮ кезең: «Мысықтың дүкенге баруы» топшама есептері
  5. Ү кезең: «Мысықтың тауыққа баруы» логикалық есептер
  6. ҮІ кезең: «Мысықтың тышқанды ұстауы» теңдеу

І – кезең: «Мысықтың сиырға баруы» Топтарға сұрақ қою арқылы ережелер сұрау.

  1. Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қалай қосамыз?
  2. Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
  3. Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
  4. Аралас сандарды қалай азайтамыз?

 

ІІ кезең: «Мысықтың талға баруы».  Топтарға топшама беріледі. Әр топшамада 2 есептен жазылады. Есептерін шығарып болып  жауабын тауып, сурет жағын қаратып тақтаға қаратады.

1-топшама есептері:

2 — топшама есептері:

 

3 — топшама есептері:

 

4- топшама есептері:

ІІІ кезең: «Мысықтың қыздарға баруы»

Тақтада кесте жазылады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, кезектесіп кестені толтырады.

А
В
а+в            
а-в            
а*в            
а/в            

 

ІҮ кезең: «Мысықтың дүкенге баруы». Әр топқа тапсырмалары бар топшамалар беріледі, шығарып болған соң топтың  бір мүшесі шығып, есепті тақтада қорғайды.

1 – топшама

  1. =1

2- топшама

  1.  =1

3 – топшама

  1. =1

4 – топшама

  1. =1

 

Ү кезең: «Мысықтың тауыққа баруы».  Топ  мүшелеріне сергіту сәті ретінде логикалық есептер беру.

Логикалық есептер

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
  2. Екі қолда 10 саусақ, сонда 10 қолда неше саусақ? (50 саусақ)
  3. Сағат 22:00 де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
  4. 70 мин көппе, әлде 1 сағ 10 минут көппе?

 

ҮІ кезең: «Мысықтың тышқанды ұстауы». Ертегі  табыспен жету үшін, әр  топқа теңдеуді шешу керек.

№1

№2

№3

№4

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Әр топ қорындағы ұпай сандарын  санап, қай топ алда келе жатқанын анықтайды.  Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Белсене қатысып отқан оқушылар бағаланады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *