Жалқы және жалпы есім

gzh«Тиірмен қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Гожамбердиева Гульбахарям Кутлуковна

Ж.А Қараев, Кобдикованың «Оқытудың Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы негізінде сабақ үлгісі

Қазақ тілі  2 -сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалқы  және жалпы есім

Сабақтың мақсаты:оқушыларға жалқы  және жалпы есім туралы түсінік беру

зат есім туралы түсінік беру

Міндеттері:

  • Жалқы және жалпы есім туралы түсінікті өз бетімен анықтауына және өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығуларды орындағанда алған білімдерін өз бетімен қолдана алуына жағдай жасау;
  • Өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу;
  • Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес құзырлылығын дамыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ (І- кезең – 5 минут, ІІ – кезең 25 минут, ІІІ – кезең – 15 минут)

Сабақтың мазмұны: І – ІІІ кезеңдік тапсырмалар (оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімдерге арналған жауаптар кілтінде берілген)

Сабақтың әдіс – тәсілдері: І – кезеңде – сұрақ – жауап; ІІ – кезеңде – а)оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б)практикалада бекіту әдісі; ІІІ – кезеңде үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері

Сабақтың формасы: І – кезеңде – жеке; ІІ – кезеңде –  топтық; ІІІ – кезеңде – жеке

Сабақтың көрнекіліктері: жұмыс дәптері, ашық журнал, мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары, оқулық, слайдтар

 

 

І – кезең Ұйымдастыру кезеңі

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың III кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді.
«Көпір»

Тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Сұрақтарғажауап бер:

1.Зат есімді тап:

а) жүгірді         ә) мұғалім     б) сұлу        в) жеті

  1. қарлығаш, тоқылдақ кептер — . . .

в) аңдар        ә)  қала        б) құстар             в)   үй жануарлары

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Затесімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.

  1. Бас әріппен жазылатын сөздерді тап:

А) Алматы, Бес, Жұмыс,Биік, Оқыды

Ә) Байқоңыр, Қоян, Биік, Қуанды

Б) Нұргүл, Қостанай, Іле, Ақтөс,Құлагер

 

 

ІІ – кезең (топтық жұмыс) Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту

Жаңа сабақтытоптық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы: «Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай? нені?қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек)

  1. Бос орынды толтыр.

Мал жайлауға шықты. Біз жазғы табиғатқа саяхатқа шықтық.Алма – тәтті жеміс.

  1. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Олардың қандай ерекшеліктерін байқадың?

Құрманғазы— күйші

 Ақан серінің Құлагер деген тұлпары болған.

Ақнұр кітап оқығанды жақсы көреді.

Оқушылар мұражайға барды.

Жауабы:Қарамен жазылған сөздер кім? не? деген сұраққа жауап береді.Олар бас әріппен жазылған,  Адам, жер, су, жануар атауы.

 

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

 

  1. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

құс

2.Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді теріп жаз. Жазбаған сөздеріңе назар аудар. Олар туралы не айта аласың?

доп
ана
Аян
Есіл
Дина
күз
анар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикасы «Қолдану» Оқулықтағы қарапайым тапсырмалар орындалады
  1. Жалпы есімдерге сөздер жаз.
  2. Оқулықтағы 334 – жаттығуды орында (123 — бет)
Теориясы: «Талдау»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.)

 

 

 

 

 

 

Практикасы «Қолдану»

Оқулықтағы қарапайым тапсырмалар орындалады.

Жалқы есім

1.Венн диаграммасын толтыр

Жалпы есім

 

 

есім есім

Айырмашылығы неде?   Жалпы есімдер жалқы есімдерден басқа зат есімдер. Олар кіші әріппен жазылады.

Кісі, жер-  су, жан – жануарларға қойылған атаулар. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады.   Ұқсастығы неде? Зат есімдер,Кім?Не? Кімдер?Нелер? сұрақтарына жауап береді. Заттың сынын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
2.Оқулықтағы 336 – жаттығуды орында (123 — бет)

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына»жазған жауабына қойылады) 1.Берілген сөздердің жалқы есім екенін дәлелде: Балқаш, Алматы, Айдана, Керқұла, Құтжол.

Дәлелдеу үлгісі:                                       заттың атын білдіреді.

Бұл жалқы есім, өйткені, бас әріппен жазылады.

2.Берілген сурет бойынша мәтін құрап, жалқы есімдерді тап.

 

 

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызшамарапатталады.

 

Практикасы: «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады Оқулықпен жұмыс 340 — жаттығу

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)
Раушан
раушан
алма
Алма

 

 

 

 
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсың?

Жауабы: Алма-жеміс, раушан –  гүл. Жалпы есімдер.

                Алма, Раушан – кісі аттары. Жалқы есімдер.

III кезең(кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп  (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
I деңгей(5 балл)
Теориясы: «Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай? нені?қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек)

  1. Адасқан сөздерді өз ұяшығына орналастыр:

 

 

жалпы есім
жалқы есім

аңдар               Әлия                         ата             мектеп

 

алаша                                кітап                                          Атырау

 

 

 

Абай                           аспан              Ақтөс                     Тайбурыл

  1. Қажетті сөзді орнына қой:

Ұшақ әуеге көтерілді. Айдар – үздік оқушы.

 

Практикасы: «Қолдану»

(II кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар)

Оқулықпен жұмыс 338 -жаттығу
IIдеңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Өлеңді оқып, жалқы  есімдерді тап.

Есіліп Есіл ағады,

Жайылып Жайық барады.

Сылаң қақса Сыр сұлу,

Шу шулап  атой салады.

(О. Асқар)

Теориясы: «Талдау»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.)

Бағандағы сөздерді салыстыр.

 

Алатау
тау

 

 

 

 

 

 

 

 
Ұқсастығы: Екеуі десөз таптары. Зат есім.Не? сұрағына жауап береді.

Айырмашылығы: 1. Жалқы есім2. Жалпы есім

 

Практикасы: «Қолдану»

(II кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар)

Оқулықтағы 341  –жаттығуды орында.

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен жалқы есімдерді, бір бөлек, жалпы есімдерді бір бөлек топтап жаз.

 

 

IIIдеңгей ( 9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы: «Жинақтау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шешдеген сөздер тапсырма шартында болуы керек)

Ребусты шеш. Жалпы есім немесе жалқы есім екенін дәлелде.

7 с у

 

ж а н

Жауабы:  Жетісу, Айжан. Жалқы есімдер. Жер, адам атауы.

Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) Сен қалай ойлайсың?

Сөздерді ерекшеліктеріне қарай топта.  Неліктен солай топтадың?

Құстар, дәрігер,  Нұрсұлтан,  Қазақстан,  қыздар,Сара,Тиірмен, Шонжы.

Жауабы: құстар, дәрігер, қыздар – жалпы есімдер, кіші әріппен жазылады.

Сара,  Қазақстан,  Нұрсұлтан, Тиірмен, Шонжы – жалқы есімдер, бас әріппен жазылады.

3-нәтиже:Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский)

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *