Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

отегенБатыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Асан ауылы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Галиева Ақсұлу Айтқалиқызы

Тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны туралы теориялық білімін қалыптастыру. Дастанның мазмұнын түсініп, ақын шығармашылығы жайлы білімдерін толықтыру
  2. Дамытушылық: Дастанның мазмұнымен таныса отырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және топта белсенді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: Дастанның негізгі идеясы арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу, топта ынтымақтаса жұмыс істеуге және ізденімпаздыққа үйрету Күтілетін нәтиже: Жамбыл Жабаевтың эпик ақын екені туралы біледі, дастан туралы түсініктері қалыптасады, басты кейіпкерді сипаттайды, дастанды күнделікті өмірмен байланыстыра алады, топта бірлесіп жұмыс істей алады.

Әдіс — тәсілдер: СТО элементтері, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, диалогтік әдіс

Құрал — жабдықтар: интербелсенді тақта, презентация, маркер

Дидактикалық материалдар: Таратпа қағаздар, бағалау парақшалары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Ақын, жырау, жыршы» сөздері жазылған қағаздарды алу арқылы топқа бөлемін.

Әр топ өз атауларына түсінік береді.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Қызығушылығын ояту

1.«Миға шабуыл» әдісі бойынша  топқа проблемалық сұрақтар қоямын.

І топ

  1. Ақынның Жамбыл деп атануы туралы не білесіңдер?
  2. Жамбыл молда алдынан оқуға неге бас тартты?

ІІ топ

  1. Ақынның ұстазы кім? Ол Жамбыл нені үйретті?
  2. «Жетісудың үздік ақыны» деген атаққа қашан ие болды?

ІІІ топ

  1. Ақындардың батырлар туралы дастан жазуының себебі неде?
  2. Батыр қандай іс — әрекет арқылы танылады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мағынаны тану: «Ойлан — жұптас — бөліс» стратегиясы арқылы «Өтеген батыр» дастанының мазмұнымен таныстыру мақсатында әр топқа тапсырма беремін.

Ақын тобы:

  1. Өтеген батырға сипаттама
  2. Отаршылдық саясат
  3. Халықтың тұрмысы

Кластер әдісі

Өтеген батыр

Елжандылығы

Мінезі

Қарым – қатынасы

Жыршы тобы:

  1. Халықтың жерден айырылуы
  2. Жерұйықты іздеу
  3. Қазақ жерлеріне сипаттама беру

Жырау тобы:

  1. Айдаһармен айқасы
  2. Өтегеннің ерлігі
  3. Әулиенің батасы

Себептері              Проблема                Қорытынды          Дәлелдер

Тапсырмаларды орындау

Венн диаграммасы

1-топ. Өтеген батыр мен Асан қайғы

2-топ. «Өтеген батыр» дастаны мен батырлар жыры

3-топ. 5 жолды өлең «Өтеген батыр» сөзіне

Ой-толғау. «Жастардың арманы — мәңгілік ел» (эссе жазу, қорытынды жасайды)

Бағалау.     Бағалау критерийі:

  1. Сабаққа белсенді қатысып отыру
  2. Нақты дәлелдемелер келтіру
  3. Ойын толық жеткізу
  4. Сөйлеу шеберлігі

 

Оқушы аты — жөні Миға шабуыл Ойлан — жұптас — бөліс Тапсырмалар орындау Жиынтық баға

 

Үйге тапсырма.  Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастанынан үзінді жаттау.

Қорытындылау. Міне, балалар, бүгін біз Жамбыл ақынның «Өтеген батыр» дастанында жырланған Өтегеннің халық үшін істеген игі істерімен таныстық. Сендердің де келешекте осындай халық қамын ойлайтын ұрпағы болуларыңа тілектеспін. Өйткені, сендер Қазақстанның болашақ жарқын азаматтарысыңдар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *