Жаратылыстану — ғылыми пәндер бойынша білім беруде оқушылардың салауатты өмір салты

  anargШаяхметова Анаргүл Әменқызы                                                                                                  

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті аулы     Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі

Жаратылыстану  — ғылыми  пәндер бойынша білім  беруде оқушылардың салауатты өмір салты

Ібөлім    Кіріспе

ІІ бөлім   Жаратылыстану  — ғылыми  пәндер бойынша білім  беруде оқушылардың салауатты өмір салты

«Ессіздің  еншісі  есірткі

ІІІ бөлім  Қорытынды  «Ессіздің  еншісі  есірткі»

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.

Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылыды. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Ол – денсаулық.

Ұзақ және әдемі өмір сүру үшін денеміздің сау болуы бірінші мәселе. Ендеше адам жас кезінен денсаулығын сақтауға үйренуі шарт. Спорттың және дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі зор. Балалар бос жүрмей спорттық секцияларға қатысып жүрсе, бұл оларға денсаулығын нығайтуға, өзін – өзі тәрбиелеуге, тәртіпті болуға, күшті, епті, шымыр, жігерлі болып өсуіне септігін тигізеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?

Өмір салты дегеніміз не ?

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

-белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

-физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

-жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

-қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

-дұрыс жыныстық тәрбие беру;

-зиянды әдеттерден аулақ болу.

Ғалымдардың пікірінше, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін негізгі үш мақсатты жүзеге асыруды көздейді.

Глобальді –өсіп келе жатқан ұрпақтың физикалық және психологиялық жағынан салауаттылығын қамтамасыз ету;

Дидактикалық – оқушыларды денсаулықтың қадіріне жетіп, оны сақтауға бағытталған біліммен қаруландыру. Бұл арқылы жасөспірімдер арасындағы әр түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады. Сондай – ақ еңбек қабілетін жоғарылатып, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызады.

Әдістемелік – оқушыларға адамның тіршілік әрекеті және гигиенасы жайындағы білімдерді тиімді жолдармен жеткізу. Сонымен бірге санитариялық – эпидемиологиялық білім қалыптастыру.

СӨС –ның бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімділікке салыну десек, ол қазіргі зерттеулерге қарағанда мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:

Сондықтан балаларды жасынан СӨС – на қалыптастыруға күш  салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек.

Оның жолдары мыналар:

Оқушыларды үнемі қадағалау;

Биологиялық және тәрбиелік сабақтар жүргізу;

Ішімдік қабылдау салт дәстүрімізге жат екендігін ұрпақ санасына жекелеген тұрмыстық дәлелдер арқылы сіңіру, т. б.

Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі  уақыттағы әлеуметтік — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан — 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да ҚР – ның Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның төрт негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы.

— Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған » Қазақстан -2030″ бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі                    3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1   — бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»;

2   — бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»;

3   -бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
Бағдарламада былай делінген:

«Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді». Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек.

Сұрақ. — Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.

Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

 

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.

1)    Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.

2)    Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

3)    Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

4)    Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

5)    Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

«Адам азса, заман тозады» оны жаңғырту да , құрдымға кетіру де өзімізге байланысты. Арақ ішу, темекі тарту аздай жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастады. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстанда шалдыққан. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар.

Нашақорлық адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт.                                        Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз өркенді де, өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу – әр азаматтың міндеті.

Есірткі бұл адамның көңіл –күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті,

тыйым салынған химиялық зат.

 

ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасыры. Ендеше сол қоғамда өмір сүретін адамның болашағы – денсаулықта.

«Тән денсаулығы – рух денсаулығының жемісі» деп Бернард Шоу айтқандай, денсаулықтың әліппесін мұғалім мектепте үйретуден бастау керек.

Адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау!

“Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру.

Денсаулық сақтауға қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешек өмірде пайдалана білу, дағдылану әр оқушының міндеті. Жалпы ғылыми тұрғыдан қарағанда салауатты өмір сүру мәселелерін жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды, бірақ олардың әрқайсысы өз ілімі саласынан қарастырады.

Соның ішінде химия пәні , біріншіден, химиялық затттардың атмосфераға, табиғи су көздеріне әсері, ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың және химия өнеркәсіп орындарының мұржаларынан шығатын әр түрлі улы газдардың жер бетіне атмосфералық жауын – шашындармен қайта жаууы қоршаған ортаның ластануына алып келуімен бірге, адам денсаулығына зиянды екенін қарастырады.

Екіншіден, адам  организмінде кездесетін химиялық заттардың денсаулық үшін маңызы, химиялық элементтер мен химиялық заттардың жетіспеуінен туындайтын әртүрлі аурулар және олардың алдын – алу шаралары, адам денсаулығы үшін маңызды химиялық заттардың организмде өз мөлшерінде болуы үшін дұрыс тамақтану мәселелері қарастырылады.

Оқушының ғылымға қызығуын ояту, өз ісіне жауапкершілігін арттыруды талап етеді. Сол үшін химия сабағындағы пәнаралық байланысты кеңейту керек. Соның ішінде салауаттану, биология, психология ғылымдарымен байланыстыра отырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, химия сабақтарында берілетін материалдардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету, оқушылардың ойлауын, есте сақтауын зерттеу қабілетін дамыту жүктеледі. Ел президенті Н. Назарбаевтің «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өмірінің сау болуы үшін оларды СӨС әзірлеу қажеттігі көрсетілген.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда химия пәнінің алатын орны ерекше. Химия сабақтарында дұрыс тамақтандыру, тазалық және санитария ережелерін насихаттау

Нашақорлыққа қарсы күрес, темекі мен алкоголді қысқарту, қоршаған табиғи ортаның таза болуы, аурудың алдын алу туралы мәселелерді оқушылардың алдына қойып, оларды шешу жолдарын іздеуге, зерттеуге үйретуге болады. Химия пәні арқылы оқушының ішімдікке, шылым шегуге көз қарасын өзгертіп, көздерін жеткізу арқылы жаман әдеттен арылтуға әсер етуге болады.

Химия сабақтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет:

 

 

 

 

 

 

8 -9 сыныптарда оқушыларға ақпарат бере отырып, ғылыми әдебиеттерді ұсынып, кейбір элементтердің адам организмдегі маңызын көрсететін тақырыпта баяндамаларды беруге болады.

10 – 11 сынып оқушылары үшін адам организмнің әр түрлі мүшелерінің қалыпты жағдайда қызмет атқару үшін қажетті химиялық заттар – витаминдер туралы тақырыптарды ұсынуға болады.

Кез келген материалды өмірмен байланыстыра оқыту, оны химиялық тәжірибе жүзінде көрсетіп,зерттеу жұмысын жүргізіп, көзін жеткізу теорияны түсінуге жол ашады

 

 

Сынып Сабақтың тақырыбы Жүргізілетін зерттеу жұмыстары
1. 8 — сынып «Химиялық элементтер және олардың таңбалары» Химиялық элементтердің адам организмдегі рөлі, организмнің мүшелерінде кездесетін элементтер және олардың атқаратын функциясы.

 

2. 8 -сынып «Галогендер» тақырыбы Йод элементінің жетіспеуінен болатын «жемсаулық» науқасы туралы. Бұл аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтану және тағамға қолданылатын өнімдердің үлгілеріндегі йодты анықтау.

 

3. 11 — сынып «Спирттер» тақырыбы «алкоголь және денсаулық», «Жасөспірімдер алкоголге қарсы» тақырыптарында зерттеу жұмыстары

 

11 — сынып «Майлар», «Көмірсулар», «Ақуыздар», «Витамндер» тақырыптары бойынша Адам ағзасы үшін пайдасы және зияны; туындайтын ауру түрлері, күнделікті тамақтану рационының құрамына кіретін өнімдердің энергетикалық қуатын анықтау

 

 

Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы  тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.

 

Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп  ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен шубат іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін  сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар  бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескеніс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”
Құрбы — құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Салауаттану – денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы.
  2. Н. Назарбаев «Қазақстан — 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.
  3. «Үлгілі елдің ұл-қыздары».
  4. «Мен адаммын» жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.
  5. «Валеология» журналы 2009 жыл
  6. «Химия мектепте» журналы  №4, 2006 жыл

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *