«Жарнама агенттігі» ойыны

Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Ембі қалалық жанындағы интернатпен №7 орта мектебінің педагог-психологы
Салмаева Сая Инирбаевна

«Жарнама агенттігі» ойыны

Мақсаты: ойынмен өзара әрекеттесу арқылы балалар ұжымын нығайту, оқуға уәждеме (мотивация).

Міндеттері:

  • Ойын тәжірибесін зерделеуге үйрету.
  • Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
  • Өзінің әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
  • Рефлексия дағдыларын қалыптастыру.

Уақыты 1сағат 15 минут — 1 сағат 30 минут.

Қатысушылар жасы: 9-15  жас

Ойын  мазмұны

Әр топ — ол жарнама агенттігі. Біздің мектебімізді жарнамалауға үлкен тапсырыс алдық. Жарнама агенттігін құрып, мектебімізге жарнама жасау керек.

Қажет материалдар:

  • Қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатты қағаз.
  • Ватман, үлкен форматтағы қағаз.
  • Түсті қарындаштар.
  • Фломастерлер, маркерлер.
  • Желім, қайшы, скотч.
  • Қаламдар.
  • Ескі журналдар, суреттер, мата қиындылары.

Алдын ала дайындап қою қажет:

  • Әуендік сүйемелдеу. (жәй аспапты әуен)
  • Қатысушы санына қарай бейджик.

Қатысушылар:

  • Қатысушылар саны топтар санына байланысты. Әр топта 5-7 адам болғаны дұрыс. 3-5 топ болғаны жақсы.
  • Жүргізуші.
  • Жүргізуші көмекшісі.

Ойынды өткізу тәртібі:

  1. Қатысушыларды ойынға дайындау. «Сәлемдесу» жаттығуын өткізу.
  2. Бейджикке есімдерін жазу.
  3. Қатысушыларды түсті қағаздар көмегімен топқа бөлу.
  4. Ойынның өткізілуі.
  5. Ойын біткеннен кейін қатысушыларды ойын жағдайынан шығару үшін рефлексия өткізу.

Ойын барысы

Тапсырмалар:

  1. Жарнама агенттігіне біздің мектебімізді жарнамалау үшін үлкен тапсырыс түсті. Ол тапсырысқа қол жеткізу үшін өздеріңнің жарнама агенттіктеріңнің атауын ойлап тауып, тапсырыс берушіге таныстыруларың керек.  Дайындық уақыты: 10-12 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
  2. Жарнама агенттігінің негізгі идеясын құрып, тапсырыс берушіге ұсыну қажет (жарнама компаниясының девизі). Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
  3. Қалқанды (щит) жарнама дайындап көрсетулерің керек. Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
  4. Мектеп туралы видео жарнама түсіріңдер. Дайындық уақыты: 15-20 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
  5. Fл енді осыған дейін ойлап тапқан жарнамаларымыздың барлығын біріктіріп, бір жарнама жасайық. Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.

Ойынға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Жарнама агенттігі жабылды.

 

 

қосымша №5

 

Ойынға қатысушыға арналған сауалнама

Қатысқаның үшін көп рахмет!

Біз үшін сенің пікірің өте құнды!

  1. Сіз үшін ойын қаншалықты пайдалы болғанын бағалауыңызды сұраймыз (санды айналдырып белгілеңіз).

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10

  1. Ерекше не ұнады?_________________________________________________________
  2. Маңызды кездер?__________________________________________________________
  3. Не ұнамады?______________________________________________________________
  4. Сіздің тілектеріңіз:_________________________________________________________

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *