Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері

Негізгі тараудың атыАтыс қаруынан атыс жүргізу ережелері

                                            мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру

Сабақтың тақырыбы:  .  Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері

Өтілу күні: ________________  

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың мақсаттары:1.  Қол гранаттарын лақтыру кезінде оның жарықшақтарының ұшу радиусын білу, яғни техникалық сипаттамасын жақсылап түсіндіру, қорғаныстық пен шабуылдаушы гранаттарды ажырата білуге үйрету.

  1. 2. Спорттық гранаттар арқылы қашықтыққа, нысанаға лақтырып үйрену
  2. Гранатаны лақтыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, нысана

                            бағытында басқалардығ болмауын, құлаштау кезінде жақын тұрмау

мен лдақтыру бұрыштарын дұрыс есептеуді үйрету.                           

Пән аралық байланыс : Физика мен дене шынықтыру

Көрнекіліктер:  500 және 700 гр спорттық гранатасы мен қашықтық сызбалары, танк

макетінің жерге сызбасы

Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті, тактикалық алаң

Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.

Сабақтың өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:  Сабақ алдында  взвод бойынша саптануы. Взвод

       командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы  баяндамасы. 

      Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен тазалығын, үтіктелуін 

      тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке

      гигеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке

      оқушыларға  ескертулер жасау) қаралады. Сабақтың міндеті мен тақырыбы,

      өтілу орны туралы хабарлау. Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама,

      тәуліктік кезекші  немесе алдын     ала бөлінген оқушы жасайды.

2.Үй иапсырмасын сұрау

Қайталау сұрақтары : Қаруды жоғары қарай ату тәсілдері мен жүріп келе жатып ату тәсілдерін айт. Атудың қандай тәсілдерін білесің?

Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанада, жертөледе, елді мекенде, орманда, тауда т.б.) қарсыластың тірі күші мен әскери техникаларын, ғимараттарын, бекіністерін т.б. жоюға арналған  Қазақстан армиясының қолданысындағы қол гранаттары мынадай: – РГД-5, РГН және РГО, Ф-1, қол гранаттары. Гранаталар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5,  Ф-1,  қорғаныстық болып табылады.

 

РГД-5                          Ф-1

 гранаттарының қолданылуы мен ұрыстық қасиеттері

РГД-5, РГН жарықшақты қол гранатасы –арақашықта әрекет ететін граната, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған.  Граната лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автокөліктерде) әртүрлі жағдайда жүзеге асырылады.  Гранатаның корпусы жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін , сондай-ақ граната жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен, жоғарғы және төменгі тұрады. Жоғарғы бөлігі – қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа түтікшемен жалғанған, ол сонымен бірге жарылатын зарядты герметизациялау қызметін атқарады. Түтікті ластанудан сақтау үшін пластикадан тығын қойылады. Төменгі бөлігі – табан д.а., ол сыртқы қабықтан және табанның қосымша бөлігінен тұрады. ҚГ құрамы: жарылатын заряд; тұтандырғыш; соққы механизм; соққыш; ағытқыш иінтірек;  өздігінен тұтанғыш;

РГД-5 сипаттамасы: салмағы 310г, лақтырылу қашықтығы 40-50м,  жарықшақтарының қирату радиусы 25м, тұтану уақыты 3,2-4,2с

Ф-1 сипаттамасы: салмағы 600г, лақтыру қашықтығы -35-45м, қирату радиусы 200м, тұтану уақыты 3,2-4,2с Граната корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, жарықшақтары осылар арқылы бөлшектенеді.

Гранаталар мен тұтанғыштарының құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

РГД-5: 1- корпус; 2- жарылғыш заряд; 3- қалпақша; 4- қалп. қосымша беті; 5- тұтандырғышқа арналған түтікше;6-манжет; 7-тұтандырғыш; 8-табан; 9-табанның қосымша беті.

 

 

.

                                                         

 

 

 

Ф-1: 1- корпус; 2- жарылғыш заряд; 3- тұтандырғыш

Жаңартылған қол гранатасының үйлестірілген тұтандырғышының құрлысы:

1- тұтандырғыш; 2- соққыш механизм; 3-сақтандырғыш мұрындық;; 4-соққыш механизм түтігі; 5–ұрыстық серіппе; 6-соққыш шайбасы; 7-қосқыш тығын; 8-бәсеңдеткіш; 9-капсюль-детонатор; 10-бағыттаушы шайба; 11-соққыш; 12-капсюль-тұтандырғыш; 13- бәсеңдеткіш тығыны; 14- ағытқыш иінтірек.

 

 

 

1-ағытқыш иінтірек

айырына арналған тесік

2-соққыш шайбасы

3-шайба тірегіне арналған

Шығыңқы

4-істік

                   

                                                         

 

Соққыш және                                               Ағытқыш иінтірек        Сақиналы сақтандырғыш

соққыш шайбасы                                 1-айыр; 2-сақтандырғыш мұрындыққа                     мұрындық

арналған    саңлаулы құлақша

Тұтандырғыш бұрап енгізіліп, жай кездері арнайы қалташада сақталады. Жарылғыш заряд корпустың ішінде, ол жарылу кезінде жарықшақтарға бөліп, шашыратады, тұтандырғыш ЖҚГҮТ жарылу қызметін атқарады.

3.Үй тапсырмасын бекіту Жаңартылған қол гранатасының ұқсастығы мен ортақ қасиетін табу және айырмашылықтарын тауып айту.

            РГД-5                                        Ф-1

 Жаңа материалмен таныстыру: Гранатаны лақтыру келесі тәсілмен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлау (гранатаны жарақтандыру және тұтандырғышын орналастыру), лақтыру.

 

  1. Гранаттарды лақтыруға даярлауда жарақтандыру: қақпақшаны алу, тұтандырғышты бұрап түтікке орнату

 

 

  1. Сақина мұрындығын ашу арқылы ажыратқышты сақтандырғыштан алу

 

Жаттығу сабақтарында ұрыстық гранаттарды лақтыру үшін басқа болат дулыға киіледі. Жарақтандыру «Гранатты дайында!» әмірі бойынша іске асырылады. Ол үшін сол қолмен сөмкеден алынып, оң қолмен металл қалпақшаны алады, тығынды корпустан бұрап шығарады, осыдан кейін сол қолымен гранатаны ұстап, оң қолымен сөмке қалташасындағы тұтандырғышты алып түтікке ендіріп шегіне дейін бұрап кіргізеді, граната лақтыруға дайын Лақтырар алдында оң қолға ағытқыш иінтіректі қыса ұстап, оң қолымен сақина басының мұрындығын түзейді,

 

  1. Гранаталарды шабуылдау кезінде, жүріп келе жатып лақтыру

 

«Гранатамен –Ат!» әмірі берілісімен сақинашаны жұлып алып нысанаға қарай құлаштап лақтырып, өзі бірден тасаланады. Келесі граната лақтыру арасындағы ұзақтық 5с кем болмауы қажет. Гранатаны лақтыру тізерлеп тұрып, түрегеп тұру және жатқан қалыпта жүргізіледі. Әскери техникалардан, қалқаларды пайдалану арқылы шабуылдаушы гранаттар лақтырылады.

  1. Қорғаныстық гранатаны тасада, қалқада тұрып лақтыру.
  2. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Гранаталарды лақтыру тәсілдерін атап өт, ол туралы не білесің?
  3. Үйге берілетін тапсырма: т.5.5 203-206 беттер
  4. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар:
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика