«Жасұлан» сайысы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Оскина Күлдірген Абдуалиевна

Сайыс: «Жасұлан» сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Білімділігі: ортада өзін ұстауға, сабырлыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар

Түрі: жарыс сабақ

Әдісі: Сұрақ-ауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Бұл сыныптағы өткізіп отырған сынып сағатының мақсаты оқушылардың жалпы сабақ бойынша алған білімдерін тексеру.

Сайыс 6 бөлімнен тұралды:

  1. Таныстыру.
  2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)
  3. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден)
  4. Жалғасын тап (мақал-мәтелдерден жарыс)
  5. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақтар шешу: қазақша, орысша жауабын айту)
  6. Топбасшылар сайысы (3 сұрақтан беріледі)

Сайысымыздың 1-ші кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады.

2-ші кезеңі әр топқа 6 сұрақ беріледі.

1топ. 1.Білім күні (1қыркүйек)

  1. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
  2. Жаңа әнұран қашан қабылданды? (2006ж, қаңтар)
  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар)

2 топ. 1.Республика күні (25қазан)

  1. ұя салмайтын құс (көкек)

3.Қазақтың тұңғыш президенті қашан сайланды? (1991.12.01)

  1. Қазақстан туының авторы? (Ш.Ниязбеков)

3 топ. 1. Абылайдың шын аты? (Әбілмансұр)

  1. Елтаңбаның авторы кім? (Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
  2. ҚР-ның Ата заңы қай жылы қабылданды?(30тамыз 1995)

4.Түбір дегеніміз не?

3 бөлім бойынша Естімеген елде көп логикалық тапсырмалар

1-топ 1.Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)

  1. Қандай сұраққа иә деп ауап бере алмайсың? ( Ұйықтап жатырсың ба?)

2-топ. 1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)

  1. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)

3-топ. 1.Жұмылған көзбен не көруге болады?  (түс)

2.Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасық пен)

Төртінші бөлім: жалғасын тап «Мақал – мәтелдер» жарысы

1-топ: 1. Арқанды ат …  (қазығынан оралар)

  1. Жылы-жылы сөйлесең, … (жылан інінен шығар)
  2. Ұстазы таланты болса, Шәкірті … (талапты болар)
  3. Ертеңгі асты тастама, …(кешкі асқа қарама)

2-топ: 1. Ас атасы — … (нан)

  1. Өз елім — … (өлең төсегім)
  2. Оқу білім бұлағы, … (білім өмір шырағы)
  3. Әдептілік белгісі, (иіліп сәлем бергені)

3-топ: 1. Кітап білім …(бұлағы)

  1. Тіл қылыштан да (өткір)
  2. Отан үшін отқа түс … (күймейсің)
  3. Отан … (оттан да ыстық)

Бесінші сайсымыз  «Жеті жұрттың тілін біл»

1-топ: 1. Жүз теңгең болғанша жүз … болсын (дос, друг)

  1. Футболшының алдындағы ойын заты (доп –мяч)
  2. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама (кітап-книга)
  3. Жеті қазынаның бірі (ит-собака)

2-топ: 1. Ұшқан …, жүгірген аң-бәрі тамақ (құс-птица)

  1. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау –звонок)

  1. Бірінші байлық (денсаулық-здоровье)
  2. Күн мен түннің теңелетін жыл мезгілі (көктем-весна)

3-топ: 1. 5пен 5тің қосындысы (он-десять)

  1. Мені жұтсаң қуанып, Тыныс алып тұрасың (ауа-воздух)
  2. Ең қымбат адам (ана-мать)
  3. Қалқиып 2құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц)

Алтыншы кезең: Топ басшылары сайысы

1-топ Метаграмммалар

1.Ж-дан басталса жыл мезгілі

Қ-дан басталса ол құс белгілі (жаз-қаз)

  1. Егер Т-дан бастасаң,

Биіктердің биігі.

Егер Д-дан бастасаң

Қиындардың қиыны

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы   (тау, дау, ау)

2-топ 1. Г-ден баста, мен кілең

Ажарымын өмірдің.

К-ден баста мен енді

Қалдығымын көмірдің.    (гүл, күл)

  1. К-ден егер бастасаң,

Шомыласың суына

Ш-дан егер бастасаң,

Жазда аунайсың құмына (көл-шөл)

3-топ: 1. Егер Б-дан бастасаң,

Түтіндей боп көшемін.

Егер Н-дан бастасаң,

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң,

Ішкен жанға кеселмін.  (бу-ну.-у)

  1. К-дан бастасаң

Маған қарап сабақ айтады

П-дан бастасаң,

Маған балалар жүгін артады. (карта-парта)

— Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. Сайыс жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топта екенін білейік.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Қорытынды: Қазылар өз бағасын береді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *