Жасөспірім . Қылмыс. Жаза

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернаты

Алдажарова Гүлзада

 

Тақырыбы: Жасөспірім . Қылмыс. Жаза

Мақсаты: Оқушыларға  қылмыс  жайлы  түсіндіру. Жаман  әдетке  жоламауға,  мектеп  тәртібін  дұрыс  орындауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, плакаттар

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар  құрметті  ұстаздар, қадірлі  қонақтар!  Адамды  қылмыс жасағаны  үшін жазаға  тартқаннан  гөрі  оның  алдын  алған  әлдеқайда  жақсы. Алдын алу  жұмысының  нәтижелі  болуы  алғаш  жасалған  теріс  қадамның  дер-кезінде  анықталуынан  ғана  емес, сонымен  бірге  кәмелетке  толмағандардың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  ескеруге  де  байланысты.  Мектеп  жасындағы  балалардың  құқықтық  санасының  төмендігі  олардың  қылмысты  көп  жасауынан,  заң талаптарына  өз   талаптарын  қарсы  қоюына  әкеліп  соғады. Сондықтан  оқушылар қылмысының  алдын  алып,  құқықтық  тәрбие  беру  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.  Құқықтық тәрбие кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз  етуді мақсат етеді.Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата – аналармен оқушылар арасында өткізілгелі отырған «Жасөспірім қылмыс, жаза» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.

                                               Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:

  1. Күнделікті көрініс
  2. Мен заңды қаншалықты білемін.(яғни сіздерге бірнеше жағдайлар оқылады.Мұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін айтасыздар, егер қылмыс емес деп тапсаңыздар сол қолды көтересіздер себебін тағы айтасыздар.
  3. Ешқандай заңы жоқ арал.(бұл сіздердің алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.)постер әдісі деп аталады
  4. Қызыл, сары ,көк ауыл атты тренинг
  5. Қылмыскер бала қайдан шығады деп аталады.(Ой қозғау)

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

  1. Арал аудандық Жасөспірімдер аға капитаны Гүлнар Есенжолова
  2. Мектеп басшысы Қалия Дәулетова
  3. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лиман Исаева
  4. Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Дәуіржан Жұбанов

 Мұғалім: Ақылды  болу  айналаңдағы  адамдарды  сыйлай, қадірлей  білу  деген  сөз. Құқықтық  тілмен  айтқанда  бұл – заңды  білу , яғни  заңды  білген  адам  өзгелерге  құрметпен  қарайды. Заңды  білмегендіктен  заңсыз  істер  істеп, зардап  шегіп,  өзін  қорғай  алмай  жүргендерді  көптеп  кездестіреміз. Ендеше кезекті күнделікті өмірде болып жүрген көрініске берейік.                                           

Мұғалім: Мінекей көріп отырғандарыңыздай әр мектепке  жаңадан келген оқушының басынан осындай жағдайлар өтіп тұрады. Осы туралы не айтасыздар? Сіздің жұмыс тәжірибеңізде осындай көріністер болды ма?

  • Кім қалай заң бұзды?
  • Ата – ана,сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті
  • Мұндай жағдайға мұғалім кінәліме, әлде ата – ана ма? Пікірлеріңізді айта отырсаңыздар.

(Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады.. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келеді).

Мұғалім: 2 – бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер, себебін түсіндіресіздер, егер қылмыс емес деп тапсаңыздар сол  қолдарыңызды көтересіздер, себебіне  әр жағдайға жеке тоқталып , түсініктеме бересіздер.

  1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге  есірткі  де  сатылады.
  2. Түнгі көшеде жастар  айқайлап  өлең  айтып  келе  жатыр.
  3. Сатушы сатып алушыға  байқамай  артық ақша  беріп  жіберді, ал  сатып алушы  өзіне  тиесілі  ақшадан  артық  екенін біле  тұра  қайтіп  бермеді.

4.Бір  оқушы  сыныптасына: «ертең   20 теңге  әкеліп  бересің, әкелмесең  басқаша  сөйлесеміз.» деп күш  көрсетті.

  1. Химиялық завод өзінің  зиянды  өнімін  өзенге тастады, сол өңірдің ауасы  бұзылды.
  2. Жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларының бір – бірінің заттарын ұрлауы

 7.Сыныптағы  бір  бала  екінші  баланың  сумкасын  сызып  тастады.

  1. Мектепте ұялы телефонды үнемі пайдалануы.

(Оқушылар  түсініктеме  берген  соң  заң  қызметкері  заңға  сүйене  отырып, өз  ойын  айтады).

Мұғалім: Келесі  бөліміміз  «Заңсыз  арал»  деп  аталады.(бұл сіздердің  алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.

Біз  ешқандай  заңы  жоқ  аралда  өмір  сүрсек, не  болар  еді ?        (Оқушылар  пікірі  тыңдалады).

  Заңсыз  елде  әркім  өз  білгенін  істейді, тәртіп  сақталмайды.Сондықтан  адамдар  қалыпты  жағдайда  өмір  сүре  алмайды, ал  тәртіп  пен   заң  біздің  қалыпты  тіршілігіміз  үшін  қажет. «Тәртіпсіз  ел  болмайды, тәртіпке  бас  иген  құл  болмайды»  деген  Б.Момышұлының  сөзін  естен  шығармайық.

Мұғалім: Енді келесі бөлімді тренингке берсек.

       Баяғы өткен заманда Арал деген шахарда адамдар тату тәтті  өмір сүріпті. Адамдар бір – бірімен дос, бауыр, бір –бірінен еш нәрсе аямапты. Бір күні  аспаннан әр түрлі  ленталар түсінті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын таласып алыпты. Күндердің күнінде қатты жел, боран соғып қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып шанхай, жаңа ауыл, автобаз деген ауыл – ауылға бөлініпті. Әр ауыл бөлек – бөлек қорған тұрғызыпты.Сөйтіп адамдар бір  — бірімен достықты ұмытып, бір – бірімен араласпай араларында алауыздық туындайды. Шанхай ауылында су бар азық жоқ, Жаңауылда азық бар су жоқ, Автобазда  азық та, су да бар от жоқ . Енді қалай өмір сүруге болады,не істейсіздер?  Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді?

                  Арайлым:

Адамдар ауыл – ауыл , көше – көше болып бөлінгендіктен сол бөліну кезінде құқықтары бұзылады, бір – бірінің заттарын ұрлап осы жоқшылықтың кесірінен қылмыс туындайды.(құқық қызметкері сөйлейді)

Мұғалім:Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол — мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамыз айтқандай «көйлегі көктік, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» дегендей қазір сіздердің алдарыңызға екі сурет көрсетіледі. Біріншісі тіп – тік әдемі салынған үйдің суреті.Екіншісі – фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті. Бұл тек үйдің суреті ғана емес,бүгінгі күн тәртібіндегі жасөпірімдер арасындағы құқы қбұзушылықтың алдын алу бағытындағы  бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?Яғни бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталады ата – аналар назар аудару керек.

«Отбасы – барлығының басы, жан – жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата – анамен баланың қарым – қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбисінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже,апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» — деп В. А. Сухомолинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, келесі сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.Суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыздар, тау сіздің балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы мүмкін дегенді білдіреді.

     Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні  сияқты  бала  қылмыскер  болуы  үшін де   бірнеше  жағдайлар  әсер  етеді.Оған  ата-ананың  баланы  бақылауынсыз  жіберуі, баланың  нашар  топқа  кіруі, жақсы  жолдастарының  болмауы, деген сияқты.  Мұның барлығын  дер  кезінде  байқап, балаға  көмекке  ұмтылсақ, оны  сақтап  қалуға  болама  осы жөнінде  не айтасыздар ( Бұл бөлімде  ата-анаға  көп  сөз  беріледі,) Бұдан  соң  заң  қызметкерлері  сөйлейді.

Мұғалім: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге  әсер  ететін  нәрсе  өскен  орта, ата-ананың  тәрбиесі. Соңғысы  күшті  болмаса, бара-бара  адамды  замандас,  жолдастың азғырып, адам  неше  түрі  жаман  мінезді  жұқтыратыны  белгілі»,-деген. Сол  сияқты  балаңыздың  қылмыс  жолына  түспеуіне  бірден-бір жауапты  ата-ана , өздеріңізсіздер.

Бүгінгі дөңгелек  үстелімізді  бала  тәрбиесінде  басты  рөлді  ата-ана атқаратындығын, сондықтан  олар  әр  уақытта  мектеппен,  ұстаздармен  байланыс  жасап  және  достарының  кім  екенін  біліп  отыру  керек  деп  қорытындылай келе сөз кезегін мектеп басшысына береміз.

Хаттама

2014 жылдың 24 желтоқсаны күні №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернатында 6 — сынып тәрбиешісі Алдажарова Гүлзаданың ұйымдастыруымен  Жасөспірім. Қылмыс. Жаза атты дөңгелек үстел болып өтті.

                                                                                                             Қатысқаны – 25

Қатыспағаны:жоқТыңдалды:

Дөңгелек үстелге 7 – 8 – 9 – 10сынып оқушылары және  Аудандық Жасөспірімдер аға капитаны  Гүлнар Есенжолова, ата – аналар  қатысты. Тәрбиеші дөңгелек үстелдің бөлімдерімен таныстырды. Дөңгелек үстел бес бөлімнен тұрды. Дөңгелек үстел 6 — сынып оқушыларының ұйымдастырыуымен қойылған күнделікті көрініспен ашылды. Осы көрініс жөнінде Гүлнар Есенжолова өз пікіірін білдірді. Ата – аналарға бала тәрбиесіне байланысты сауалдар беріліп оқушылармен арада тартысты ой- пікірлер айтылды. Оқушылармен тренинг ұйымдастырылып бұл тренингте жасырылған жұмбақтың шешуін 9 сынып оқушысы Кенжебаева Арайлым тауып өте ұтымды жауап қайтарды.Мұнан кейін әр топқа постер әдісі бойынша плакаттар таратылып әр топ өз ойларын сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп берді. Бір – біріне «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша өз пікірлерін білдірді. Интерактивті тақтада жанартау бейнесінде берілген «Қылмыскер бала қайдан шығады» атты ой қозғау сауалына ата – аналар өз ойларын жеткізді. Оқушыларда қалыспай пікірлерін білдірді. Тәрбиеші Алдажарова баланы қылмыскер болуға итермелейтін араласатын ортасы, жанұя жағдайы, ата – ананың ажырасуы, жетіспеушілік,байлықты көтере алмауы тағы басқа жағдайлардың әсерінен деп толықтырып кетті. Г. Есенжолова осы жөнінде оз ойын және жұмыс тәжірибесінде кездескен жағдайларды атап айтып өтті. Тәрбиеші Алдажарова: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге  әсер  ететін  нәрсе  өскен  орта, ата-ананың  тәрбиесі. Соңғысы  күшті  болмаса, бара-бара  адамды  замандас,  жолдастың азғырып, адам  неше  түрі  жаман  мінезді  жұқтыратыны  белгілі»,-деген. Сол  сияқты  балаңыздың  қылмыс  жолына  түспеуіне  бірден-бір жауапты  ата-ана , өздеріңізсіздер.Бүгінгі дөңгелек  үстелімізді  бала  тәрбиесінде  басты  рөлді  ата-ана атқаратындығын, сондықтан  олар  әр  уақытта  мектеппен,  ұстаздармен  байланыс  жасап  және  достарының  кім  екенін  біліп  отыру  керек  деп  қорытындылай келе сөз кезегін мектеп басшысына берді. Мектеп басшысы келген қонақтарға, ата – аналарға алғысын айтып бүгінгі дөңгелек үстел тартысты пікір алмасуларға толы болды, көптеген оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарға қанық болдық, өте жақсы өтті деп қортындылады.

қ1қ2

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *