«Жас географтар» білім сайысы

жасПавлодар облысы,Ақсу қаласы

№2 жалпы орта білім беру мектебі

география пәнінің мұғалімі

Алиева Бакыт Абилкайыровна

 

                  «Жас географтар» білім сайысы.

Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер,өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын,жеңіске жүрегі жарыла қуанатын жанкүйер қауымы,6-сыныптар арасында өткізілетін

«Жас географтар» білім сайысына қош келдіңіздер!

Мақсаты:географиядан алған білімдерін жүйелеу,біліктілігін,іскерлігін,білімге құштарлығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту,адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Білімдіден шығады,алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем,

Сайра шәкірт,суырып шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең,-

дей келе, бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Алдымен әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Мектеп директоры: Касенова Мәрия Абдукадыровна

Оқу ісінің меңгерушісі:Ахметжанова Жанар Каирбековна

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Рахимова Алмагуль Амангельдиевна

Енді ойынымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

I кезең: «Өздерін таныстыру»

II кезең: «География» сөзжұмбағы

III кезең: «Географиялық лото»

IV кезең: Жанкүйерлермен ойын: «Ең…ең..ең..»

V кезең: «Әлем ғажайыптары» (бейне сұрақ)

VI кезең:«Ребус шешу»

VII кезең:«Жас саяхатшылар»

VIII кезең:«Жұмбақ жасыру»

IX кезең:«Капитандар сайысы»

X кезең:«Егер мен…………………»

 

I кезең: «Өздерін таныстыру»

6 «а» сыныбы

Топтың аты: “Данышпандар”

 Ұраны: Білекті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

                 

6 «ә» сыныбы

Топтың аты: “Тапқырлар”

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла біл  жеңіске.

 

6 «б» сыныбы

Топтың аты: «Алғырлар»

Ұраны: Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!

 

6 «в» сыныбы

Топтың аты: «Жүйріктер»

Ұраны:          Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой!

                             II кезең: «География» сөзжұмбағы

1.Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жынысы. (Магмалық тау жынысы)

  1. Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан.(Масштаб)

3.Жер асты суының құрамына еріген заттар мен газдар қосылуынан пайда болатын су.(Минералды су)

  1. 1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм тұз болады. (35 грамм)

5.Емдік сулардың шығып жатқан жері. (Арасан)

6.Жер сілкінісі жиі болатын аймақтар.(Сеймикалық аймақтар)

7.Дүние жүзінде ең қуатты жылы ағыс.(Гольфстрим)

8.Нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы.( Географиялық ендік)

9.Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.(Горизонтальдар)

10.Жер қыртысының бетіндегі ой-қырларының жиынтығы.(Жер бедері)

11.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.(абсолюттік биіктік)

12.Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті анықтайтын құрал.(деңгейлегіш)

13.Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,қатты тілімденген биік бөліктері.(Тау)

14.Қысымды анықтайтын құрал.(Барометр)

15.Жер бетінің аз тілімденген,тегіс немесе белесті болып келген кең алқабы.(Жазық)

16.1м3 ауадағы су буының нақты мөлшері,ол граммен есептелінеді.(Абсолюттік ылғалдылық)

17.Ылғалдылықты анықтайтын құрал.(Гигрометр)

18.Жер бетінің суға толған табиғи ойыстар.(Көл)

19.Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.(Жер асты суы)

20.Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей,жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық.(Қар жиегі немесе қар шекарасы)

              

III кезең: «Географиялық лото» Ой дамыту. (12 әріптен сөздер құрастыру)

 

 

 

 

 

     12 әріп

 

21 сөз

 

 

р

рр

 

 

 

 

 

 

 

Сөздер: ал,ала,алатау,ат,ата,атау,тау,ау,ауа,атом,томар,омар,марал,арал,ар,ара,арала,аралат,

IV кезең: Жанкүйерлермен ойын: «Ең…ең..ең..»

1.Ең үлкен арал-Гренландия.

2.Ең биік шың-Джомолунгма

3.Ең үлкен түбек-Арабия.

4.Ең кіші материк-Аустралия.

5.Ең ұзын тау-Анд.

6.Ең үлкен материк-Еуразия.

7.Ең халқы көп мемлекет-Қытай.

8.Ең кішкентай құс-калибри.

9.Ең терең шұңғыма-Мариан.

10.Ең үлкен мұхит-Тынық.

11.Ең биік сарқырама-Анхель.

 

 

12.Ең үлкен көл-Каспий.

13.Ең терең көл-Байкал.

14.Ең кіші мұхит-Солтүстік мұзды мұхит.

15.Ең суы мол өзен-Амазонка.

16.Ең ұзын өзен-Ніл.

17.Ең суыққа төзімді құс-пингвин.

18.Ең биік тау-Гималай.

19.Ең үлкен шөл-Сахара.

20.Ең кішкентай мемлекет-Ватикан.

21.Ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз.

22.Ең үлкен ел-Ресей Федерациясы.

23.Ең ірі су жануары-кит.

24.Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі-піл.

25.Ең ұзын бұғаз-Мозамбик.

V кезең: «Әлем ғажайыптары»

Хеопс пирамидасы  Семирамиданың аспалы бағы   Родос алыбы

  

 

Александрия  шам-шырағы                   Зевс мүсіні                  Бостандық мүсіні

      

 

 

      Ұлы Қытай қорғаны          Тадж Махал мовзолейі           Эйфель мұнарасы

    

 

 

                                                VI кезең:«Ребус шешу»

 
озен

Жауаптары: Шу,Есіл,Ертіс,Қаратал,Аксу,Торғай,Іле,Талас,Жайық,Аягөз,Шелек,Сағыз

 

 

VII кезең:«Жас саяхатшылар»

Географиялық нысанның Географиялық  нысанның аты
координатасы  
6° ш.б. 46° с.е.  
72° ш.б. 48° с.е.  
72° б.б. 32° о.е.  
60° б.б. 66° о.е.  

 

 

Номенклатуралар                 Бұл не?                  Қай материкте?
Эйр көл Аустралия
Миссисипи өзен Солтүстік Америка
Чад көл Африка
Лена өзен Еуразия
Виктория көл Африка
Анхель сарқырама Оңтүстік Америка
Янцзы өзен Еуразия
Ниагара сарқырама Солтүстік Америка
Титикака көл Оңтүстік Америка
Муррей өзен Аустралия

 

VIII кезең:«Жұмбақ жасыру» (жұмбақтың жауабын үш тілде айту)

1.Салынған көпір керемет,

Қызығушы өте көп.

Ал бірақ та не керек,

Кісі ететін жолы жоқ. (Кемпірқосақ)

 

2.Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін дүние жүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде,қызы күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен ай)

 

3.Қаратаудың басында

Киік кетіп барады.

Қол-аяғы бауырына,

Тиіп кетіп барады. (Тұман)

 

4.Ешбір тірексіз күмбез,

Ешбір сүйексіз күмбез,

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (Аспан)

 

5.Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр.

Дабылын ол қағып тұр,

От жағып дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (Жаңбыр,найзағай)

 

6.Алыстан көзді тартқан сұр тегене,

Кейде орта,кейде толы бір тегене.

Алдыңа ақын болсаң сала айтайын,

Тауып көр тапқыш болсаң бұл немене? (Ай)

 

7.Көмейден шығып тозады,

Көкке мойынын созады. (Түтін)

 

8.Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        IX кезең:«Капитандар сайысы»

 

1.Мүлгіген мидай дала.Жапан далада жалғыз жолаушы.Күн батып,қас қарая бастайды.Секем алған жолаушы жан-жағынан отын жинап,от жағады.Түннің бір уағына дейін от жағып отырған жолаушы ақыры ұйқыға кетеді.Таңертең отқа түскен ірілі-ұсақты кесектер қызарып сөнбеген.Оттан алыстау жатқанын қараса,қап-қара күйе екен.Бұл жерді белгілеп кетейін деп,түйеге теңделген тұздың екі кесегін таңдап алып,бір-біріне сүйеп белгі қояды.Содан бері бұл жер қалай аталған? (Екібастұз)

 

2.Өте ертеде қазақтар далада көшіп-қонып жүргенде,таудың бір шыңында бір тау бүркіт өмір сүреді.Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырағы көзбен қарап отырады екен.Сұлтандар осы бүркіттерді өлтірейін десе оқтары тимейді екен.Кейбіреулері ұясына шығайын десе шыға алмапты.Бұл жұмбақ жер қалай аталған? (Оқжетпес)

 

3.Бұл қаланың Кеңестер заманындағы атауы бүкіл Орал тауының шығыс бөлігінде мекендеп,

Ресейге бағынғысы келмеген Азия халқын,оның ішінде қазақтың…Есім ханын да халқымен қоса қырып,жерлерін империя құрамына қосқан казактардың атаманы атымен аталды.Еліміз егемендік алған соң  бұл қала атауы өзгертілді,атаманның Ертіс өзені жағалауына орнатылған алып ескерткіші құлатылды.Бүгінгі таңда қала ірі МАЭС-тердің, қайта қорыту зауытының орталығына айналды.Жаңадан салынған Дегелеңмен келетін темір жол да бұл қаланың үстімен өтеді. Қазақстанның қай қаласы сипатталды? (Ақсу)

 

4.Сарыарқаның бұл өлкесін табиғатының ерекше әсемдігіне байланысты Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді.Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма жазса,

С.Мұқанов өз кітабына арқау етті.Курорттарындағы минералды сулар мен саф ауа демалушы мыңдаған адам жанына шипа саналады.Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы. Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді?

(Көкшетау)

 

X кезең:«Егер де мен болсам…………………»

1.Егер мен Табиғат қорғау министрі болсам,Аралды қайта қалпына келтірер едім.

Ядролық жарылыс болғызбас едім.Табиғатқа зиян келтіргендерге ауыр жаза берер едім.

 

2.Егер мен суретші болсам,қазір жиі өртеніп,құрып бара жатқан орман-даламды,аянышты Арал тағдырын,ластанған ауа,бүлінген жеріміздің кескінін суреттер едім.Өткен заман табиғатының тазалығын бейнелеп,қазіргі уақытқа әкелер едім.2030 жылдардағы табиғатты суреттер едім.

 

3.Егер мен эколог маман болсам,онда аулымызды ауыз сумен қамтамасыз етіп,жерін суландырып,өңірімізге нәр беріп тұрған туған жерімді,Ертіс өзенін қамқорлыққа алар едім.

 

4.Егер табиғатқа тіл бітсе,адамдарды мейірімділікке шақырар еді.Мені қадірлеп,қорғасаң өзіңді қорғағаның дер еді.

 

Сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.

Бігінгі сайысқа қатысқан оқушыларға,жанкүйерлерге  рахметімізді айтып,біз сіздермен қош айтысамыз.,

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *