Жас мамандарға арналған семинар — практикум

81Алматы облысы Ақсу ауданы

«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жас мамандарға арналған семинар — практикум

(психологиялық тренинг-жаттығулар)

  Педагог-психолог   Қаметжанова А.Н.

Мақсаты: Жас мамандарға өзін-өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық.

 

«Жылылық». Бір бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді.

Бір–бірлеріңіздің алақандарыңызды алақандарыңызға қойғанда қандай сезімде болдыңдар?

Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік.

  1. «Мен кіммін?!» жаттығуы.

Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шынайы  болуы керек. Соңында өзіндік презентация болады.

Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.

Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, орта деңгей, сіз әрдайым  ашылмайсыз.

10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және қысылмайсыз,

20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.

 

  1. 3. « Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда»

Мақсаты:  Өзін — өзі дамыту, өз қабілетін, өз талантын  шыңдау.

Тапсырма: Мәтінді оқы. Мәтінді өз ойыңмен, өз сөзіңмен толықтыр.

 

Әркім өз білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады.

Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін-өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен, көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден-бір жолы – білімділік, ізденімпаздық.

Өзіңе сен, алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтан, — деген Абай атамыз.

Алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез-құлқын, жұмысын жай ғана бақылау арқылы өзіне үлгі ете алады. Бақылау нәтижелерін талдап, өз мінез-құлқын, жұмыс нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.

 

Қорытынды: Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен, табандылық керек.

(Әл — Фараби)

Қолыңа іс алған екенсің – аяқсыз қалдырма, қайта қалауын табуға ұмтыл, табандылық таныт, сәл сәтсіздікке ұнжырғаң түспесін.                                             

  (Ж. Қуанышбаев)

  1. Психодиагностика

Сіз қандай мұғалімсіз?

 

1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

  1. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру

  1. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ

  1. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды

  1. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

  1. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

  1. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді

  1. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

а) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін

  1. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б) өкінесіз

  1. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа

 

 

Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.

40-50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

 

20-39 ұпай жинасаңыз : Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

 

10-19 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

  1. «Сыйқырлы шарлар» жаттығуы

Қатысушыларға түрлі – түсті үрленген шарлар беріледі. Шарлардың ішінде тапсырмалар бар.

  1. «Балалық шақтан қызықты оқиға»;
  2. «Жұмбақты шеш»;

Таппайтын тағат, тығулы сағат (жүрек)

Төрт аяқты шалғы, орып өтер малды (қасқыр)

Жез бейнелі өзі, кең дала еркесі, мөп – мөлдір көзі (киік)

  1. «Мақалды аяқта»

Көп біл, … ( аз сөйле).

Ақыл – дария, … (Ой – теңіз)

Ақ жүрек адам –  … ( азбас)

Бірінші байлық денсаулық

Ел іші алтын бесік

  1. «Қатысушыларға тілек»
  2. «Күн шуақты алаңқай» жаттығуы

Күн шуақты, көк шалғынды алаңқай салынған ватман қағазы.

Біздің топта жарық, ол күн шуағына, жүректердің жылуына толы. Өздеріңізді ғажайып  күн шуағы алаңқайында, гүлдер толы жердемін деп елестетіңіздер. Бұлар сан түрлі қызыл-сары гүлдер. Осы алаңқайдан әркім өзінің гүлін табады. Ал, енді қағаз, қарындаш, фломастерлер алып, қиялыңыздағы гүлді салыңыз.Осы гүлді қырқып, бояп және оған тілек жазып күн шуақты алаңқайға жапсырыңыздар. Қараңыздаршы, гүлге толы таңғажайып алаңқай шықты. Оған жақындасаңыздар жақсы тілектер оқи аласыздар, әрі керемет гүлдердің хош иісін сезінесіздер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *