Жас маманға көмек – заман талабы

БақытгүлАқтөбе облысы
Шалқар ауданы
Тоғыз елді мекені
№ 7 орта мектебінің
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Әйтен Бақытгүл Бақбергенқызы
Жас маманға көмек – заман талабы.
(мектепішілік семинар)
Мақсаты:Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.
Міндеті:

 

1.Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.

2.Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.

3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.

4.Жас маман өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.

Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.

Семинар соңынан жас мамандар білуге тиіс: жаңа технологиялармен танысады; қазіргі кезеңдегі жаңа технологиялармен жұмыс жасауға бағыт – бағдар алады; оқытудың мақсатын айқындай алады, оңтайлы әдістерін меңгереді; жаңа іскерлік қарым – қатынас құра біледі.

Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.

Тренинг барысы.

І.Психологиялық дайындық.

1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).

ІІ.Тапсырмалар:

1.Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту)

Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда.

Әркім өз білімдерін, дағдыларын,іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады. Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін – өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.

2.Тренинг «Жаңа технология дегеніміз не?»

(Білетін ойларымен бөліседі)

Слайд технологиялар түрлері:

-дамыта оқыту;

-СТО;

-модульдік;

-ұжымдық;

-БиС;

-үш өлшемдік технологиясы, т.б.

Технология түрлері:

1.Сатылған тәртіптелген іс – әрекет жүйесі

2.Нақтылы мақсатқа негізделген болашақ үрдісінің жобасы

3.Мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы

4.Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы

5.Көзделген нәтиженің орындалу кепілі

6.Жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс – әрекеттер жиынтығы

Өткізу әдісі: бірыңғай топтық жұмыс

1.Сызба бойынша (бір тақырып аясында) талдау, түсіндіріңіз.

Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары:

1)Деңгейлік тапсырмалар

-міндеті

-алгоритмдік

-эвристикалық

-шығармашылық

2)Ойын арқылы

-санамалықтар

-қаламақтар

-айтыс ойындары

3)Топтық жұмыстар

-бірыңғай

-сараланған

ІІІ.Дидактикалық дайындық – жалпы педагогикалық даярлықтың ең маңызды саласы. Ең алдымен мектеп мұғалімінің дидактикалық даярлық деген ұғым туралы таным түсінігін қалыптастыру керек. Мұғалімнің дидактикалық даярлығына оқытудың мотивтері мен оқытуға бағытталған мүмкіндіктер жатады. Нақты айтқанда, оқытуды ұйымдастыру қолданылатын әдіс – тәсілдерді жете біліп, оны қолданудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықтың белгілері деуге болады.

Мұғалімнің педагогикалық қызметі атқаруға қажет мынандай қабілеттері мен дағдылары болуы керек:

-оқыту үрдісін жоспарлай білуі;

-оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;

-жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдісін жүргізіп отыруы.

Оқыту мынандай дидактикалық кезеңдерден тұрады:

-білімнің мақсаты мен қажеті түсіндіріледі, әрекетке бағыттайтын мотивтері қалыптастырылады;

-жаңа оқу материалдарын қабылдауға мүмкіншілік жасалады;

-білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды қалыптастыру басшылыққа алынады;

-білімді тәжірибе қолдануға қалыптасады;

-алған білімі бойынша таным түсінігін есепке алу, тексеру және бағалау үрдісін іске асырылады.

І.Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Сұрақ. Осы мақсатты орындауда пән мұғалімдеріне қаншалықты дәрежеде көмек береміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандыра ма? Біз неден қиналамыз, нені меңгере алмай жүрміз? Енді осы сауалдарға жауап іздесек.

Сабаққа жақсы дайындалғанымен кейде қандай мұғалім болсын, тіпті тәжірибелі болса да, өтетін сабағында қандай жағдаяттар кез келерін алдын – ала біле бермейді. Сабақты жақсы көңіл – күймен, шабытпен шығармашылық ізденіспен мақсат қоя отырып жоспарланғанда ғана сабақ нәтижелі шығады.

 

Сұрақ. Қандай сабақтың құрылымдарын білесіздер?

Сабақ құрылымы:

1.Сабақтың тақырыбы

2.Сабақтың мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік)

3.Сабақтың түрі

4.Сабақтың әдісі

5.Сабақтың көрнекілігі

6.Сабақтың типі

7.Сабақтың барысы

8.Сабақтың формасы

 

Сұрақ. Сабақтың сәттері, ондағы мұғалімнің атқаратын жұмысы, оқушының міндеті жайлы талқылаңыздар? (сұрақ төңірегіндегі ойлар)

Сабақтың сәттері

Мұғалімнің атқаратын жұмысы

Оқушының міндеті

1 Ұйымдастыру сәті Сабаққа әзірлігін қадағалау Оқу құралдарын әзірлеп сабаққа дайындалу
2 Үй тапсырмасын сұрау сәті Әр түрлі әдіспен үй тапсырмасын сұрау (ауызша, жазбаша) Үйге берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап беру
3 Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сәті Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларын қоя отырып, жаңа сабақпен байланыстыра білу Тыңдау, сұраққа жауап беру
4 Жаңа сабақты түсіндіру сәті Жаңа әдіспен жаңа сабақты түсіндіру Оқушы тыңдайды
5 Жаңа сабақты пысықтау немесе бекіту Алдын ала әзірленен сұраулар бойынша оқушылардың білімі тексеріледі Алған біліміне қарай оқушы жауап береді
6 Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындау сәті Бұл сәт мүмкіндігінше жазбаша жүргізіледі Оқушы орындайды
7 Оқушыларды бағалау сәті Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағалайды Бағаны күнделікке қойғызу
8 Үй тапсырмасын беру сәті Жаңа сабаққа байланысты үй тапсырмасы түсіндіріледі Тыңдап, күнделіктеріне жазып алады

ІІ.Мұғалім оқыту үрдісін ұйымдастыруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс – тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек. Қазіргі уақытты мұғалімге керекті нәрсе сабақтың түрін ажырата білу.

Сұрақ. Сабақтың түрлерін атаңыздар? (Пікір алмасу)

Сабақ түрлері:

1.Дәстүрлі. Дәстүрлі әдістегі мақсат – мұғалім түсіндіреді, сөйлейді, белсенді болады, ал оқушылар тыңдап, тапсырма орындайды.

Дәстүрлі сабақ кезеңдері:

-үй тапсырмасы;

-жаңа сабақ;

-оқушыны бағалау;

-үй тапсырмасы;

2.Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз- қалыптан тыс сабақ. Түрлері: пікірсайыс, саяхат, ойын, концерт, сот, конференция, сахналық сабақ, баспасөз, дәріс, дебат, т.б. Оқытудың дәстүрлі емес әдісіне қойылатын мақсат- оқушының дағды мен білімге қолын жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының өзара белсенділігі артады. Бұнда мұғалім тек бағыттаушы.

Мұғалімнің ескеретін жағдайлары:

1.Сабақта берілетін тапсырманы оқушылардың қабілетіне қарай таңдау.

2.Тапсырманы орындауға қажетті материалдық ресурстардың қаншалықты жетімділігін ескеру.

3.Егер топқа бөлу керек болса оның құрамын анықтау.

4.Берілген тапсырманы орындау кезінде оқушыға қиындық келтіретін мәселелерді анықтау.

5.Бағалау әдісін таңдау.

 

ІІІ.Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс – әрекеті, тәсілі. Технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай мұғалім мақсатына жетпейді.

 

Сұрақ. Қандай сабақ әдістерін білесіздер, қандай түрлерін қолданып жүрсіздер? (Әдістерді талқылау)

Сұрақ – жауап.

Әдістер.    –Логикалық қабілет арттыру

                   —Баяндау

                   —Ойын элементтері

                   —Деңгейлеп оқыту

                    —Ой қозғау

                   —Ой қорыту

                   —Іскерлік ойындар

                   —Танымдық ойындар

                   —Шығармашылық қабілетін арттыру, т.б.

Сабақтың формалары: -Сыныптағы сабақ

-Зертханалық сабақ

-Сарамандық сабақ

-Өзіндік жұмыстар

Ал, сабақ барысында жоғарыда көрсетілген сабақтың сәттерін негізге алуға болады. «Тамызығын тапса, қар да жанады» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Қысқасы, мұғалім әр түрлі жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың өн бойында негізгі мақсатты, оның түйінін естен шығармай әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда ғана өз мақсатына жетеді.

Сұрақ. Жаңа технология қажет пе?

Жаңаша оқыту технологиясы негізінде өз бетімен ойлап алатын, білім мен қабілетін қолдана білетін адамды табу қажет. Жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашып, әрбір оқушының бейімділігіне, қабілетіне қарай саралап, деңгейлеп отыруды өз тәжірибемізге қолданып, оқушыны өзіне – өзі сенімді етіп тәрбилеу мұғалімнің қолында дегім келеді.

Семинар соңында кері байланыс парағын ұсыну.

Жалпы қорытынды: Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім- мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.

 

Семинар соңында кері байланыс парығын ұсыну.

Кері байланыс парағы

Аты – жөнің__________________________________________________________________________

Семинар тақырыбы____________________________________________________________________

Семинар өзектілігі_____________________________________________________________________

Не үйрендің__________________________________________________________________________

Пікірің______________________________________________________________________________

Ұсынысың ___________________________________________________________________________

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *