Жақсылық- адамгершілікке бастайды

rysjan Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№ 8 қазақ  гиназиясының   бастауыш  сынып  мұғалімі
Нуршина Рысжан  Аманжанқызы
Тақырыбы: Жақсылық- адамгершілікке бастайды.
Мақсаты: балалардың бойына  рухани –адамгершілік  қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды , шыншыл, қайырымды т.б. адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,  жақсы ұстаздан болады.»  Абай
Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық,татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.
Барысы:
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар,оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше , өйткені біздің тәрбие сағатымызға қадірменді қонақтар келіп отыр.
Баяу музыка орындалып тұрады.
Көрініс
Балалар мына көрініске назар аударайық.
Мирас пен Әділдің үйлері көрші тұратын. Олар бүгін мектепке ертерек шығып, асығып келеді. Себебі, бірінші сабақ математика сабағы. Сынып жетекшісі оқушыларға бақылау жазатындарын  ескертіп, бәрінің түгел ерте келулерін тапсырған. Кенет алдарынан қолында ауыр сөмкелері бар әже кездесті, әжеге көмектесу керек болды. Мирас болса “кеттік сабақтан кешігеміз, мұғалім ұрысады”,-деп болар емес. Әділ досына ере түсті де, ойына бір нәрсе түскендей қайта жүгіріп, әжеге көмектесіп, сөмкесін алып бара жатты. Бірақ осы кезде мектепте сабақ басталып, өзге балалар бақылау жазуға кірісіп кеткен еді. Сабаққа кешігіп       келген Әділ, мән-жайды түсіндірді. Мұғалім ешқандай  жаза қолданбады.

IMG_0898
– Себебі неде деп ойлайсыздар?                                                                                                                                      – Жақсылық жасау дегеніміз не?

  • Осы сұрақтарға жауап алынып, сабақтың тақырыбы хабарланады.
  • Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз          “Жақсылық – адамгершілікке бастайды”

 IMG_0899
Балалар бүгінгі сабағымыз мынадай кезеңдер бойынша өтеді.
1 Ой қозғау.
2 Өзіңді өзің тани біл.
3 Оқып, талдап, ғибрат қыл.
4 Ой түйіндеу
5 Сергіту сәті
6 Сейілту
7 Қорытынды
1. Ой қозғау“Топтастыру”
Адамгершілік деген не?
Топта талданып, оқушылардың пікірі тыңдалады.
2. Өзіңді өзің тани біл
Мен кіммін? Қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?
Мен __________________________
Мен __________________________
Мен __________________________
Мен __________________________
Сендер өздеріңнің қандай екендеріңді, сонымен қатар сендер туралы басқалар қалай ойлайтыны жайлы айттыңдар.
Балалар адам баласы кез-келген нәрсені көргенде немесе оқығанда одан ғибрат алуы керек екен олай болса келесі бөлім.
3. Оқып, талдап, ғибрат қыл.
Оқушыларға мәтін үлестіріледі.
Баяу музыка ойналады  (5 минут)
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады.
Жұрт безердей болғандықтан оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең , мына тақтайға сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала  тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын  да күнге  жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр»  Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде  таусыпты. Әкесі қуанып  «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім » Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине , бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» дейді.
– Бұл әңгімеден сендер қандай ғибрат алдыңдар, оны сұрақтар арқылы талдап көрейік.                                   – Әкесі неге қарапайым талап қойды?                                                                                                                                         – Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?                                                                                                                                 – Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?                                            – Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
4. Ой түйіндеу
а) Түрлі – түсті дөңгелектерді балалар өз қалаулары бойынша таңдап алып, себебін айтады.
Ақ түс: адалдықты, тазалықты, арманды білдіреді.


Сары түс: жылылықты


Көк түс:ашық аспанды, көрегендікті

Жасыл түс: жомарттықты

ә) Дөңгелектің сыртына адам бойындағы жақсы қасиеттер жазылып қойылған. Осы сөздердің мағынасын ашу.
ақ     Адал, кішіпейіл, әділ

сары                 Шыншыл, ақкөңіл, мәдениетті

көк              Қайратты,сабырлы, батыл
жа-
сыл Қанағатшыл, жомарт ақылды.

б) “Қалай дер едің?” қарама-қарсы мағынасын тап.
1. адал … (арам),  жомарт —  (сараң)
2. шыншыл —  (өтірікші), әдепті —  (әдепсіз)
3. мәдениетті — (мәдениетсіз),  қайырымды — (қайырымсыз)
4. батыл – (қорқақ), мейірімді – (қатігез)
5. Сергіту сәті “Жылы шеңбер” ойыны
Балалар бір – бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне “Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …” (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды.                                                                                                                                                                       – Балалар міне осындай жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп атаймыз?                                                   – Адамгершілік қасиеттер.                                                                                                                                                      – Ендеше, мына адамгершіліктің алтын ережесіне назар аударайық
Адамгершіліктің алтын ережесі.
Өзіңе тілемейтінді өзгеге тілеме;  Үлкендерді сыйла;  Өтірік айтпа;  Ұрлық жасама;  Көре алмаушылық болмасын; Озбырлық жасама; Ешкімдікіне тиіспе;                                                                                                             – Ендеше, жақсы қасиеттерді бойына жазған, жанына жақсылық сыйлайтын адамды кім дейміз?                               – Адамгершілігі мол адам дейміз.
Күй:  «Балбырауын»
6. Сейілту
Жарық күн көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан – шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, бетіндегі түнерген бұлттарды алайық.

жағымды ой ойла  

2)  Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, өлеңдер айту
3) Рухани – адамгершілік қасиет сүйіспеншілік туралы айт

ТЕСТ
1.Сынып ішіндегі баламен сенің сенің досың ойнағысы, карым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал сендер не істер едіңдер?
а. Ештеңе білмегендей боласың
б. Достарыңмен бірге мазақ қыласың
в. Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді
2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?
а. Үлкен ағаш болғанда
б. Көшет кезінде
в. Тал кезінде.
3. Сенің үлкен ағаң анасына досымның үйіне барып сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар би кешіне кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?
а. Бұл жайлы ештеңе білмеймін деймін
б. Бір дәлел ойлап табумен ағаңды құтқарасың
в. Шыныңды айтасың.
Күн ашылды. (Күн рөліндегі оқушы шығып)
C:\Users\Администратор\Desktop\IMG_0911.JPG

Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың
Бәріңе ортақ шуағым.
Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар.
Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәмін алдыңдар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1 түсі Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар
2түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
3түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды еске түсіру үшін бірнеше                   минут бер.
4түсі. Әнді жиірек тыңдаған дұрыс,бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.
5түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен, нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7түсі. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген нақыл сөз жандарыңда жүрсін.
Қорытынды.
Қымбатты, балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Ды – быссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып жүректен шыққан жылы сөздеріңді мына жүрекшелерге жазып ілулеріңе болады.
Ықыластарыңа рақмет !
Осымен тәрбие сағатым аяқталды.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *