Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша   белсенді әдіс-тәсілдерді іске асыру

Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша   белсенді әдіс-тәсілдерді іске асыру.

   Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін белсенді әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдануды үйретеді.

Биология пәнін оқытуда  белсенді әдіс-тәсілдерді іске асыру үшін сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін қолдану қажет:

-эксперименттік жұмыс;

-ойын моделдерді қолдану;

Оқушылардың білім-білігін (бақылау, эксперимент  жүргізу, білімді жүйелеу және қорыту, құбылыстарды түсіндіру және алдын алу) жалпы дамыту, олардың дамуына жағдай жасайды.Сол себепті; оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады:

-қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері  байланысты қамтамсыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау-оқу бағдарламаларындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар және белгілі бір оқу кезеңі) аяқталғанда жүргізілетін бағалау түрі.

Сабақ жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы пайдаланылады.

Қысқа мерзімді жоспарлауды әзірлеу үшін қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін қарастыра отырып, орта мерзімді жоспар бойынша сабақтың жоспары дайындалады. Сабақ жоспарын дайындау барысында оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударылады. Қысқа мерзімді жоспар сабақты тиімді құруға көмектесетіндігін, әрі  сабақтан кейін оқушылар меңгере алмаған немесе анықтау мақсатында сабақты талдап рефлекция жасап отыру керек.

Сабақты жоспарлау- сабақтың қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек екендігін байқалады.

Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана білетіндігіне көз жеткізуге болады.

 

Головацкий атындағы орта мектеп.

Биология пәнінің мұғалімі Рысбаева Г.Б.

Панфилов ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика