Жаңа жыл, жаңа ғасыр

 

мешін«Балқаш қаласы №15 мектеп-лицей»КММ

 «Жаңа жыл,жаңа ғасыр»    

Орындаған:Кордабаева А.А.

 Тақырыбы: «Жаңа жыл, жаңа ғасыр»

Өтетін орыны: Үлкен зал

Мақсаты:  Мектеп оқушыларына мерекелік көңіл – күй сыйлау, оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда  өнерлерін көрсету арқылы оқушылар бойынан көшбасшылық дағдысын қалыптастыру, көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Фанфары: Сахнаға 2 жүргізуші шығады
Ернұр: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың

ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

           Анель: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

 

Ернұр: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.

 

 

           Анель: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде – әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық

 

 

          Ернұр: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан   Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп –лицейіміздің директоры  Қарлығаш Шәкәрімқызың  ортаға шақырамыз!

 

 

       Анель:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

      Ернұр:Жаңа Жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бейбіт құсы самғасын.
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың!

 

 

 

    Анель:Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

 

 

     Ернұр:Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

                Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

                Әнші қыздарыңыз ән салғанда беу шіркін,

                Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. Нурмаганбетова Малика орындауындағы .«Жана жыл» әні.

 Қарсы алыңыздар!

 

    Анель:Білесің бе Ернұр, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

 

    Ернұр: Дұрыс айтасың Аяулым, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

 

  Анель: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Ернұр:  Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Диспетчер: Тыңдаңыздар тыңдаңыздар 1 жолға Жаңа жыл ұшағы келіп қоңды.Мешін жылың қарсалуларыңызды сұраймыз. (музыка ойнайды)

Мешін жылының жаңында костюмер,аспазшы,астролог.

Қой жылын шығарып салу, мешін жылын қарсалу

Аэропортта барі жаңа жылды қарсалуға келіп тұр.Қолдарыңда чемодандар.Қой жылы қолында белгі үстап тұр. (Жаңа жыл 2016 )

Қой жылы- Асхат : Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге

 

 

 

 

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

енді менің жылым аяқталуға аз уақыи қалды.

  Мешін- Оңғар : Мен сіздең оңайшылықпен қабылдап алмаймын.Маған   жыл бойы жеткен жетістіктеріңізді көрсетіңіздер.

Қой-Асхат :балалар біз дайыңбызғой

Барі: Ия

 

Анель: Ал ендеше баршамыз жаңа жылды көнілді өткізейік.

Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,
  Ернұр    Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

 

Анель: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-
Келесі кезекті   бишілерімізді ортаға шақырамыз. 8В сынып

 

 

Ернұр:    Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Анель:  жаңа жыл сізге сұрағым бар еді..

Жаңа жылда қандай түстер сәнді?

 

Мешін-Оңғар: бұл сұраққа менің сәнгерім жауап берсін.

 

Сәнгер:

 

Диспетчер: Тыңдаңыздар тыңдаңыздар шұғыл хабарландыру.

2 ші жолға белгісіз бір ұшақ  ұшып келе жаттыр.Сақ болыңыздар.

ОООО бұл ұшақ емес. (дауыс шаңа)

Оқушы жүгіріп келеді: алақай аяз ата шаңасы келіп қоңды.

 

 

 

Ернұр: Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Анель:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз ата- Дарын:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Ернұр:

Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
Анель:

Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата-Дарын:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
Ернұр:

– Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз.

Ақшақар-Назерке:
– Бәрекелді, ! Елбасымыз 100 аурухана 100 метеп бағдарламасы бойынша салыңған мынандай керемет білім ордасында жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр деп естіген соң сіздерді бір қуантайын деп асыға келеміз деп адасып азер таптық.

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдік құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдық.

Аяз ата-Дарын:

Оо, қарақтарым! Біз сендерді сағына жетіп келдік. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар-НазеркеАяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
Аяз ата-Дарын:
-.Естуімше Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

 

 

 

 

Анель:– Әрине, ата!  Кешіміздің шырайын кіргізер  мектепшілік,қалалық,облыстық байқауларда бір неше рет Алғысқа ие болып жүрген біздің мектеп-лицейіміздің күйшілері бар. Сіз рұқсат берсеңіз ортаға күйшілерді шақырамыз.
Аяз ата-Дарын:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

 

Ернұр:

Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
Анель:

Олай болса, ортаға еліміздің ордалы  өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз.Ортаға 8А сыныбының КВН командасы шақырылады./

 

Ернұр:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші қыздар, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.  Гаухар мен Аружан

 

Анель:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

Мешін: Кешіріңіздер, барі жақсы, бірақ бір зат жетіспей тұрған сиякты.

Балалар:  Біздің шырша жанбай тұр гой!

Аяз Ата-Дарын:Шыршаны жандырады.

Аяулым:

 Мерекемізді жалғастырайық,  ортаға бишілерімізді  шақырайық. Қарсы алыңыздар!

 

Ернұр:

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып ,
Ортаға   сыныбын тамаша биімен шақырамыз
Анель:

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

 

 

 

 

 

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әуен берсек. …. 8 Б  сынып оқушысы Уразбай Назерке орындауындағы   ……………   қобыз тартады.. Қарсы алыңыздар!

Ернұр:

Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық! Дей келе ортаға 8А сыныбын шақырайық
Анель:

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде – әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық. Ортаға 8Ә сыныбын шақырамыз

Ернұр:

Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді

Анель:

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
ортада
Мешін:Биылғы жылды сіздердің жеістіктеріңіз өтте жақсы екен.Ал 2016 жылда сіздерді не күтіп түр екен? Бұл сұраққа мен жұлдыз жорамалшым сіздерге болжап берседі:

Астролог : Осы мерекеге жиналған қоңақтар Жаңа жылда сіздерді не күтіп тұрғанын болжап беремін.

Ернұр:

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.
Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Ортада …….

Қой жылы Мешін жылға Жаңа жылды табыстайды.

Қой жылы:Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, мешінжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.

Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Мешін:
– Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Қой жылы

– Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!

Ернұр:

Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
Анель:

-Иә, ата мына халқыңызға тілек тілер кезде келді ғой деймін.

Аяз ата-Дарын:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық! Қош сау болыңдар.

Аяз ата кетеді.

Ернұр:

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтыңжаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтағанарманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Анель:

Ескі жылға ырзамз
Өсе түсті бойымыз
Қуантып талай сырға біз
Шарықтады ойымыз.

 

Көңілде көп қуаныш
әр көңілге жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.

Ернұр: Құрметті достар!

 Анель Қадірлі ұстаздар, қонақтар және оқушылар!

 

Ернұр: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

Бірге: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! .

 

 

[bws_related_posts]

2 пікір

  1. Админға улкен рахмет!Сайтарыңыз өркендей берсін

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика