Жаңа Қазақстан-білім мен ғылымды дамыту:ізденіс ,зерттеу, нәтиже.

 Ақтөбе қаласы

№ 33 жалпы білім беру  қазақ орта мектебі

Мухамеджанова А.Е.

Тақырыбы:  Жаңа Қазақстанбілім мен ғылымды дамыту:ізденіс ,зерттеу, нәтиже.

І.Кіріспе бөлімі

Қазіргі замандағы педагогикалық теория негіздері.Стратегия -2050.

 ІІ.Негізгі бөлім

а)Теориялық білімнің 1-ші сынып оқушыларына атқаратын рөлі.

ә)Сауат ашу кезіндегі сабақтар.

 ІІІ.Қорытынды бөлімі

Педагогика білім мен ғылымның,зерттеу мен нәтиженің дамуының кешегідей емес,ертеңгі күніне бағытталады.

 ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.

 І.Кіріспе бөлімі

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді.

         Білімді ұрпақ  — ел болашағы.Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады.

Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.Бұл – тарих заңы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек.Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес.

Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі.

Қазақстан -2050  Стратегиясы: Бір – ел, бір — тағдыр, бір – халық тақырыбына түсініктеме:

«Бір халық»-бұл барлығымыз үшінортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел»- бұл барлығымыз үшін  ортақ Отан.

«Бір тағдыр»- біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер.

           Педагогика бала дамуының кешегі емес,ертеңгі күніне бағытталуы керек.Білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып,балаға белгілі бір көлемде білім дағдыларды меңгертумен бірге,ғылым,қоғам,табиғат,адам,айналаны қоршаған дүние туралы танымын дамыту,зерттеу және содан нәтиже алу.Оның жкек басының қасиеттерін жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістер баланың еркін дамуын,белсенді шығармашыл,үнемі ізденіс үстінде болуын талап етеді.

«Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ»-дейді Л.С.Высотский.сондықтан бала өз білімін ғылыммен ұштастырып ,үнемі өз жетістікін сараптап,нәтиже алуы тиіс.

Әрине әр баланың табиғаты әр түрлі:бірінің есте сақтау қабілеті зор болса,екіншісінің іздену,ал үшіншісінің зерттеу одан нәтиже алу қабілеті дамыған.Білім мен ғылымды дамыта оқыту жүйесі оқытудың кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады.Соның нәтижесінде барлық бала терең ойлауға,ізденуге,қорытындылауға мүмкіндік алып,өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.

Білім мен ғылымды дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принцптері

 

 

 

 

 

 

Дамыта оқытудың мақсаты –дені сау,ұлттық сана сезімі оянған,ар-ожданы мол,талғамы жоғары,іскер және сапалы қасиеттері мол азаматты тәрбиелеу.

 

ІІІ.Негізгі бөлім.

Сауат ашу кезіндегі интеграцияланған сабақтар оқушының дыбыс пен әріпті меңгерумен қатар сөздік қорын арттыру.Тілін дамыту барысында жүгізіледі.

Сабақта диалогты сөйлеуге үйрету,түрлі тапсырмалар беру оқушының ой өрісін арттырады.Әрбір сұрақ оқушының ойын дамытуға лайықтанып берілуі тиіс.Мысалы: «мына заттың аты не?», «Бұл заттың атынан қанлай жаңа дыбыс естіп тұрсың?», «Қалай ойлайсың?», «Бұл қандай дыбыс ?».Оқушылар жауап бергенде бірін-бірі толықтырып,ойланып,түзетіп отыру арқылы есте сақтау,іздену және зерттеу қабілеттерін дамытады.Жазуды ауада жазып,кеспе әріптермен жазып үйренеді.Ол оқумен қатар меңгеріледі.текшелер арқылы қателеспей дыбыстық талдау жасауға үйренеді,бундап оқи отырып,буындарды жазуға тұтас сөзді оөи отырып,тұтас сөзді жазуға үйренеді.

«Дыбыс»      «Әріп»      «Буын»         «Сөйлем»

Ұғымдарын меңгере отырып,тілінің дамуы,сөздің мәнін жете түсінуі,сөйлем құрау білуі,қысқа тексттің мазмұнын түсініп айтуға,өлең-тақпақтардың мазмұнын түсініп айтуы, сауатты жазуы,айтқандарын дәлелдеп отыруы арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытып,іздену зерттеу белсенділігін арттырады.

 

 

Сабақтың тақырыбы:       Ң дыбысы мен ң әрпі

Сабақтың мақсаты:           Ң дыбысы мен әрпін таныту.Ң дыбысы

бар сөздерді оқуға,жазуға жаттықтыру.

Оқушының ой-өрісін,тілін дамыту,

сүйіспеншілігін арттыру,оны қорғауға

тәрбиелеу.

Сабаққа керекті көрнекі құралдар:

«Әліппе»оқулығы,кеспе әріптер мен

буындар.Сюжетті және жеке суреттер,

табиғат жайлы кітаптар.

Сабақтың мазмұны:         Аңдар суреті

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Сөздік жұмыстар жүргізу

«Аңдар» сөзіне ауызша буындық,дыбыстық талдау жасау,буынға бөлдіру,буын санын анықтау.

Ң-дыбысын дұрыс айтуға үйрету.Дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.Балалрға тапсырма беру,кеспе әріптер мен буындардан «аңдар» сөзін құрастыру.Шартты белгілермен белгілеу.

Сұрақтар беру арқылы диаолгты сөйлеуге үйрету.

-Орманда нелер мекендейді?

-Аңдар.

-Қандай аңдарды білесіңдер?

-Аю,қасқыр,арыстан т.б.

-Қай буыннан ң дыбысын естіп тұрмыз?

-Бірінші буыннан.

Әліппе бағанында берілген сөздерді буындап тұтас сөзбен оқу.Әрбір оқушыға жеке оқыту.Сөздегі дыбысты дауыссыз дыбыстарға тоқталу.Ң дыбысы көбінесе сөздің ортасында,аяғында тұратынын аңғарту.

         Кеспе әріптерден сөз құрау

Жаңғақ,қаңбақ,қоңыз,аң,шаңғы,жаңбыр.(Сөзерден сөйлем құрастыру)мысалы:Мен жаңғақ жедім.

Жаңылтпаш,ң дыбысын дұрыс айтуға оқушылардың тілдерін жаттықтыру.

Шапшаң – шапшаң,

Бұрқырайды ақ шаң.

Жұмбақ шешкізу арқылы іздену,тапқырлықтарын шыңдау.

1.Жел соғып еді қауылдап,

Құйып кетті сауылдап.     (жаңбыр)

2.Қоңыр- соқыр шаң жедім,

Шаң жеп әбден дәмдедім.   (шаңсорғыш)

                         Сергіту сәтін өткізу

Дың-дың қоңыраумын,

Дың-дың соғыламын,

Дың-дың қағыламын,

Дың-дың мектептен табыламын. (Қоңырау)

                       «Ойлан тап» ойынын ойнату.

  А    
    ң      
  д            
а            
р        

1.Аңның аты

2.Көктемде көп жауады

3.Ұлттық аспап

4.Аң патшасы

5.Ең әдемі гүлдің аты

 

ІІІ.Қорытынды бөлімі.

              Қорыта  келе сабақты ерекше ақуал мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп бақылаушы,бағалаушы емес,танымдық іс-әрекетті ұйымастыратын істердің ұйытқысы.Тек осындай оқыту ғана баланың интелегенттілігінің көзін ашып,шығармашылығын дамытады.Білім мен ғылымды дамытуда баланың ізденушілік ,зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдардың,тәсілдердің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға түсуі керек.Ел басы айтқандай, мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.Оқушылар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз деген екен Ел басы. Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Әрбір бала өз Отанын, жерін, елін, өскен ортасын сүйе білгенде ғана Еліміздің болашағы жарқын болады деп сенім білдірді.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін деген Ел  басының сөздерімен аяқтаймын.Сондықтан құрметті әріптестерім,сіздерді қызығы мен қиындығы қатар жүретін жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

ІV.Пайдаланған әдебиеттер

Н.Ә.Назарбаев «стратегия -2050»

Қазақстан республикасының «Білім туралы»заңы «Дастан»баспа үйі-2000ж

А.Оңғарбай.Педагогика Шымкент-2005ж

Сауат ашу.Алматы-2013ж

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *