Желтоқсан көтерілісі –Тәуелсіздік бастауы / тарихи кеш/

тариБатыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Тарих, экономика және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі

Байсақалова Әлия    Ізтұрғанқызы

Тақырыбы: Желтоқсан көтерілісі –Тәуелсіздік бастауы / тарихи кеш/

Мақсаты:

  • Оқушыларға 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген ғаламат оқиға жөнінде жаңа тұрғыдан насихаттай отырып, оқушыларды өмірде болып жатқан оқиғаларды саналы қабылдай білуге, өз ойларын ашық айтуға, Отанын , елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  карта, интертақта, бейнекөрініс  т.б.

барысы :

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті.Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мейраммен қүттықтаймыз.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер! «Желтоқсан көтерілісі –Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Көшенов Еділ

1-жүргізуші: Елбасының  «Тәуелсіздік толғауынан»

Тәуелсіздік –ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды.

2-жүргізуші:Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады.

1-жүргізуші:Тәуелсіздік-сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау ұшін төгілген өлшеушіз қаны мен терінің өтеуі.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік-кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, Қазақстанды қасық     қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.

Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат-ХАЛЫҚТЫҢ ДАНАЛЫҒЫ.

Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік дегеніміз- Жалпыға ортақ еңбек.

Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі.

Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі.

Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі – деген болатын елбасымыз.

2-жүргізуші: Иә шынымен де, Тәуелсіздік бір ғана адамның еңбегі емес және бір күнде келген жоқ.Ол –тарихта ізі, жүректе сызы қалған небір оқиғалардың , ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жерін қорғау үшін төгілген қан мен тердің нәтижесі.

1-жүргізуші:Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай зары мен тауқыметін тартты.Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күресі жатыр.Іштей булыққан бұлқынысы мен  мен өкініші, жеңістері мен жеңілістері жатыр.

2-жүргізуші:Олай болса ортаға  «Жас қазақ» тобын шақырамыз.Қабыл алыңыздар!

/Қадірбек Перизат,Ақтілек, Айкөркем/

1-жүргізуші:ХХ ғасыр Ұлттың Ұлт ретінде өзін тануы, ұлттың болашағы не болады деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахынасына көтерілді.Қазан төңкерісінен кейін алаш ардақтылары Қазақ Автономиясын жариялады.

2-жүргізуші:Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады.Қазақтың еркіндігінен қорыққан Қызыл империя көсемдері Алаш туының астына біріккендердің бәрін құртты.

1-жүргізуші:1930-1932 жж ашаршылықта ең көп қырылған қазақ еді.

                     1937-1938 жж саяси қуғын-сүргін.

2-жүргізуші:1941-1945 жж соғыста ең көп қырылған қазақ еді

                     1949 жылдан бастап Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына     айналды.

1-жүргізуші:1954-1962 жж Қазақ жеріне өзге ұлттарды топырлатып, қазақ туған топырағында өгей атанды.

2-жүргізуші:70-80 жылдары тілі мен салт-дәстүрінен айырылып, рухани азу күшейді.

12 ай

1-жүргізуші:1986 жылы Қазақтың рухын таза құртпақшы болды.Сол жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық комитетінің бар-жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды.Пленумда Республика басшысы Д.А.Қонаевты орнынан алып, Республикаға жат біреу Г.Колбинді отырғызды.

2-жүргізуші:Осы кезде «Елім бар жұрт едім ғой, елім қайда, төрім бар жұрт едім ғой, төрім қайда» дейтін қаҺарлы ұранмен желтоқсанның үскірігіне қарамай, ұл-қыздарымыз жойқын батылдығымен дүние жүзін дүр сілкіндірді.

/бейнефильм «Болмыс» 1986 жылғы көтеріліс /

1-жүргізуші:Тарих неше мың жыл өтсе де, халық есінде, ол жаңғыра береді.

Ақырып теңдік сұраған ата-бабамыздың аялаған арманы, жан қиып, аҺ ұрған арманы-тәуелсіздік емес пе еді.

2-жүргізуші:Халқымыз дегенмен «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін  талпынды, осы жолда шайқасты.

1-жүргізуші:Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді,  әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп,  ұлттық мақсат ретінде  аманат етті.

2-жүргізуші: Бүгінде Алтай мен Атырау , Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы істердің , ұлағатты дәстүрлердің , іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады.

«Өткен күрестер жеңісі-бүгінгінің жемісі» оқитын Сайманова ГауҺар

1-жүргізуші: Елбасы өзінің  «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты ұлтжанды екендігін көрсетті.олар 100 жылға жуық  уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйеге бірінші  болып қарсы шықты.Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа, ұлттың мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» деп жазды.

2-жүргізуші:Енді бәріміз бүгінгі кешіміздің конағы Күміс апай сізді тыңдағымыз келіп отыр.Сіз Желтоқсан оқиғасы болғанда Алматыда  болыпсыз.Осы көтеріліс жайында айтып берсеңіз? Бәрі қалай басталды?

/Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қояды/

1-жүргізуші:Иә, 1986 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды және тәуелсіз Қазақ елі тарихының басы болып қала береді. Арың мен намысың барында , елдігің мен еркіндігің барында, жүрегің қазағым деп соқса, ЖЕЛТОҚСАНДЫ ұмытпа, жас ұрпақ!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік –ұмыт қалған тілімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды, тарихымызды жаңартты! Тіліміз мемлекеттік мәртебе алды.

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің туын биік көтерер біз ұрпақтар, парызымыз бабаларымыздың аманатын келесі ұрпаққа жеткізу емес пе?!Бабаларымыздың  мирас еткен , білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алғанына –24 жыл.

2-жүргізуші: Қазақстан жаңа мыңжылдықта өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлемнің алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін жаңаша өмірге қадам басты.

Бейнефильм    Отан туралы      

1-жүргізуші:Отан…Атамекен.Атажұрт…. Тарих….Бұлар –қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Елім деп еміренген ұлан, ерінің қадірін білгенде ғана біздің тәуелсіздігіміз баянды болмақ.

2-жүргізуші: Тілің аман, ділің аман, бауырың бүтін, рухың бұла, мекенің берекелі болғай!Қазақ елі жасай бер!

Қорытынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған