Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары

Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Рахимова Ултуар Кожахановна

Тақырыбы:   Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  жел  және  оның   түрлері, желдің  жылдамдығы  мен  бағыты  жөнінде  білімдерін  кеңейту.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

 

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап                        4. Тірек-сызба

  1. Әңгіме-дәріс
  2. Кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

— Атмосфералық қысым

—  Атмосфералық қысымды өлшеу

Сәйкестендір
Термометр —-қар қалыңдығы
Анероид барометр —-ауа температурасы
Шаш гигрометрі —— ауа ылғалдылығы
Өлшеуіш сырық —— ауа қысымы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Желдің пайда  болуы
  • Желдің бағыты  мен  күшін  анықтау
  • Желдің түрлері

Оқушыларға дәптерлерін алып, беттеріне жақындатып желпулерін сұраймын.
Сұрақ: біз нені қозғап жатырмыз?
Жауап: ауаны
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жылыған ауа жоғары көтеріліп, оның орнына салқын ауа төмен түседі. Ауа бір жерден екінші жерге ауысып, салқын немесе жылу алып барады. Ал жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.

Ауа  үнемі  қозғалыста  болып, бір  жерден екінші  жерге  ауысып  отырады.

 

Желдің  жылдамдығы  метр / секундпен  өлшенеді, ал желдің күшін балл   арқылы  анықтайды.  Желсіз  тымық  кезде  жел  жылдамдығы  0  балл болады.

 

Қазақстан  аумағында  да  күшті  тұратын  желдер  бар. Олар  Арыстанды-Қарабас  желі, Жалғызтөбе  желі, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау т.б.

 

Желдің  бағыты  мен  жылдамдығын  желбағар  көмегімен  анықтайды.

Жер  бетіндегі  желдің орташа жылдамдығы  5 – 10 м / сек

 

Желдің  түрлері : жергілікті  желдер, бриздер, муссондар

Бриздер – бағытын  тәулік ішінде екі рет  өзгертетін желдер

Бриз (фр. brise — жел) — теңіздердіңкөлдердің (кейде ірі өзендердің) жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел. Күндізгі бриз теңізден (көлден) құрлыққа карай соқса, ал түнгі бриз құрлықтан теңізге (көлге) қарай соғады.

 

Муссондар- құрлық  пен  мұхиттар  арасында  бағытын  екі  рет  өзгертетін  желдер

Муссон (фр. mousson, араб.м‎аусым – жыл мезгілі), жер бетіне таяу тропосфераның төменгі қабатындағы ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.

 

  1. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы желдің түрлерін түсіндіру.

 

Жергілікті желдер Бриздер, тау-аңғарлық желдер, фендер, боралар, сирокко, самум т.б.
Атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер Пассаттар, батыс желдер, муссондар, шығыс желдер.
Жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер Циклондық, антициклондық желдер.

 

 

4.Тірек-сызба арқылы ауа массалары түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа сабақты бекіту:
  • Жел дегеніміз  не?
  • Бриз қандай  жел?
  • Желдің пайда болуына не әсер етеді?
  • Желдің бағыты дегеніміз не?
  • Желдің жылдамдығын яғни күшін қандай құралмен өлшейді?
  • Желді өлшеуіш өлшем бірлік қандай?
  • Желдің пайдасы  мен  зияны қандай ?
  • Өздерің тұрған  жерде  қандай  желдер  соғады?

 

 

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: § 30, 93-94 бет оқу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *