Жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта

Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Рахимова Ултуар Кожахановна

Тақырыбы:   Жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  жеңіл түсті металдар металлургиясы  және олардың қоршаған ортаға  әсері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап

  1. Әңгіме-дәріс

 

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

— Түсті металлургия

— Ауыр түсті металлургия

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Әңгіме-дәріс.

— Жеңіл түсті металлургия

— Металлургия және қоршаған орта

 

Жеңіл металдар: Алюминий, магний, титан.

Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл – тасымалдауға қолайлы шикізат.

Алюминий тотығы(глинозем) – боксит – Арқалық және Тобыл аудандарында өндіреді.

Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады:

1.Бокситтен алюминий оксидін алу – материалды көп қажет етеді, әдетте шикізат көзіне таяу орналасады. Алюминий оксиді зауыты – Павлодарда салынған.

ПАЗ – әлемдегі ірі зауыттардың бірі.

2.Алюминий оксидінен алюминий алу – қуатты көп қажет ететін кезең.

 

Титан – магний комбинаты – Өскемен

Алтынды батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Алтын – Бақыршықта

 

 

Картамен жұмыс

Кескін картаға жеңіл түсті  металлургияның орталықтарын белгілеу.

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

98-суретке зер сал. Титан алу қандай сатылардан тұрады ? Оның қалдықтарынан қандай өнім алынады ?

Сен білесің бе ?

 

1.Васильков – дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі.(360 т алтын, құрылымы орташа 2,8 г/т есебімен алынған)

  1. Берилиий мен ниобий «атом өнеркәсібінің металы» деп аталады.
  2. Қазақстандағы 195 кен орнында 1 900 т алтын бар.(әлемде 9-орында)

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Сұрақ-жауап.

1.Сендер түсті металдардың қандай топтарын білесің?

  1. Жеңіл түсті металл кендерінің қандай қасиеттері оларды орналастырудағы негізгі принциптерімен байланысады?

 

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §22,23, 187-189 бет оқу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *