Жуық мәннің салыстырмалы қателігіне есептер шығару

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы

Математика мұғалімі: Наурызбаев Б.А.

Ашық сабақ тақырыбы:

Ашық сабақ тақырыбы: Жуық мәннің салыстырмалы қателігіне есептер шығару.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды «Санның жуық мәнінің салыстырмалы қателігіне» есептер шығарту арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тәжірибеде өлшеу және есептеуден алынған нәтиженің, дәлдігінің сапасын сипаттауын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау сабағы.

Сабақ түрі: аралас, топтық, ойын сабақ

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, сызғыш, транспортир, актив қалам.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастырушылық кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық дайындық. Топқа бөлу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • №324 жаттығу

х ≈ 12,6 және 12,69 өлшемдерінің арасында орналасқан;

Өлшеу қандай дәлдікпен орналасқан?

Жауабы: α =0,01

2) Толықтауыш тест

1) Жуық мәндердің …………….деп дәл мән мен жуық мәннің айырымының модулін айтады

2) ………………….деп санның ондық санау жүйесінде жазылуындағы сол жағынан бастап орналасқан нөлден өзгеше цифрларын атайды.

3) Абсолют қателігі өзі жазылған разряд бірлігінен артық болмаған жағдайда жуық санның жазылуындағы цифрлар ………………….деп аталады.

4) Жуық санның абсолют қателігінің осы жуық санның модуліне қатынасын ………………деп атайды.

Жауаптар:

  1. Абсолют қателігі;
  2. Санның мәнді цифрлары;
  3. Дұрыс цифрлар;
  4. Салыстырмалы қателігі

 

III. Негізгі бөлім.  

  1. Есептер шығару

1) Массасы 1,8кг затты бүтінге дейін дөңгелектеп, абсолют қателігін табыңдар?

Жауабы: 0,2

2) 412,552; санын 0,01 үлеске дейін дөңгелектеп, абсолют қателігін табыңдар?

Жауабы:  0,002

  1. Практикалық жұмыс

а) Сызғыш көмегімен қарындаш ұзындығын  өлшеу және абсолют қателігін анықтау орындау алгоритмі:

  1. Сызғыштың бөлік құнын анықта.
  2. Сызғыш көмегімен қарындаш ұзындығын өлше.
  3. Бүтінге дейінгі дәлдікпен дөңгелекте.
  4. Абсолют қателігін анықта

в) Транспортирдің көмегімен бұрыштың градустық өлешемін өлшеудің дәлдігін анықтау орындау алгоритмі:

1.Транспортир бөлігінің құнын анықта.

  1. Транспортир көмегімен бұрыштың градустық өлшемін анықта.
  2. Жуық мәнін анықта
  3. Ондыққа дейінгі дәлдікпен дөңгелекте
  4. Жуық санның абсолют қателігін анықта
  5. абсолют қателікті жуық санның модуліне бөл

 

  1. Оқулықпен жұмыс. №335, №336, №337, №339 жаттығуларын орындау
  2. Тақырыпты бекіту

Тест

  1. Жуық мәнді анықтаңдар:

А. Ауа температурасы 14 C;           С. 1 кг құмшекердің бағасы 120 тг;

В. Үйде 9 қабат бар;                         Д. Пойыз 20 сағат 20 мин-та келеді.

  1. 8,231 санын жүздік үлеске дейін дөңгелектеп, абсолют қателігін табыңбар.

А. 0,1;                 В. 1;              С. 0,01;         Д. 0,11.

  1. 0,001 дәлдікпен 6 бөлшегін ондық бөлшекке айналдырыңдар.

А. 6,222;             В. 6,223;      С. 6,221;       Д. 6,220.

  1. Қай өлшем дәлірек?

А.81 м (±0,2 м);             В. 81 м (±0,02 м);

С. 81 м (±1 м);               Д. 81 м (±0,15 м);

  1. 19,23 санын бірлік үлеске дейін дөңгелектеңдер. Салыстырмалы қателікті табыңдар

А. ≈ 0,12;          В. ≈ 0,98;            С. ≈ 0,97;            Д. ≈ 0,012.

Жауабы:

 

  1. Қорытындылау

Абсолют қателік пен салыстырмалы қателік:

Екеуінің қандай айырмашылығы бар?

Байланысы неде?

Жауабы: Өлшеуді жүргізу, есептеу процесінің өзі жуық санның абсолют қателігі туралы түсінік қалыптастырады. Бірақ жуық санның абсолют қателігін өлшеу немесе тәжірибеде алынған нәтиженің дәлдігінің сапасын сипаттауға жеткіліксіз. Демек, бірнеше өлшеу нәтижелерінің дәлдігін анықтау  үшін салыстырмалы қателігін білу керек.

 

  1. Үйге тапсырма: №340, №343. (123 бет)

VII. Бағалау

Сабақтың презентациясын жүкте

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *