Жыр алыбы – Жамбыл

Жамбыл облысы

 Жуалы аудан

 №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп

Туленова Айгуль Байзаковна

Күні:29.02.2016ж

Тақырыбы:

Пәні: Қазақ әдебиеті                                   Сыныбы: 9

Жыр алыбы – Жамбыл

Мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша  білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық  мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Жалпы мақсат: Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты  оқи отырып , идеясын тарау тақырыбымен байланыстыра  ашуға мүмкіндік беру, алған білімдерін өмірде қолдана алу.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Кім жылдам, Кім алғыр, Ойлан, бірік, бөліс, Блум таксономиясы
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг

Барлық оқушыны ортаға шығарып шаттық шеңберін құрғызамын.Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлемін: 1. «Атамекен»

2. «Туған жер»

3. «Отан»

4. «Елім-ай»

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтады.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.1-4 дейін санау арқылы топқа бөлінеді

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу

 

Қызығушылық

тарын  ояту

«Кім жылдам» 

Сұрақтар слайдта берілген әр  топ жауап береді  Сабақтың эпиграфы:

Халықтың мұң-мүддесін қорғаған, қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай, Махамбет,  Сүйінбай, Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі –

жыр алыбы Жамбыл.

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Слайда үй тапсырмасын қайталауға тест сұрақтары жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі.

Тест сұрақтары:

1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А)1845ж. Шығыс Қазақстанда 

В)1846ж. Әулие ата өңірінде.
С)1848ж. Орталық Қазақстанда.

Д)1847ж. Көкшетау облысында.
2. Жамбылдың шығармасы.
А)«Сұраншы батыр« В)«Қыс« С)«Сағындым« Д)«Жүйрігім«
3.Жамбылдың ұстазы кім?
А) Абай    В) Тезек төре           С) Cүйінбай         Д) Шашубай
4. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді?
А) Білімге В) Еңбекке  С) Жалқаулыққа  Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.
5. Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?
А) 1945ж 99 жасында.
В)1946ж 100 жасында.

С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.

Мұғалім берген тапсырманы орындау. Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тест тапсырмалары интерактивті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді
Түсіну «Кім  алғыр» әдісі

 

 

—  Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу

 

 

Оқушылардың мұндағы мақсаты Жамбыл өлеңдерін жатқа мәнерлеп айту
Қолдану Жамбыл өлеңдерінің жазылу тарихы мен тақырыптық ерекшелігіне талдау жасау.

І топ «Мәңке туралы»

ІІ топ «Кәмшат қыз»

ІІІ топ «Кедей күйі»

ІV топ «Айкүміспен айтысы»

Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді
Сергіту сәті «Қызыл өрік» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
Талдау Ойлан, бірік, бөліс

1. Өлең құрылысына талдау жасау:

Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім,

Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.

«Жас ақын», «Жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын»

Дегенде, дара болып көзге түстім.

2. Семантикалық картамен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беріледі, сол тапсырманы кесте арқылы көрсетеді.

 

Жеке ойланады,топ болып біріге жұмыс жасайды, басқа топтарға ой бөліседі.
Жинақтау Шығармашылық тапсырма

«Тақырыпты біз  былай түсінеміз» (оқулық,суретпен жұмыс, жинақтау, бағалау)  (5 мин

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады:

•         Жамбыл кім?

•         Жамбыл айтысқан ақындар

•         Жамбыл өлеңдері мен дастандары

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын  қағазға жазып береді
Бағалау Шығармашылық жұмыс.
Тақырып: «Жамбыл ата»
Керекті сөздер: әлемге, бата, асқақтата, Жамбыл ата.
Жүз жасаған …
Сүйінбайдан алдың …
Қалықтаттың кең …
Қазағымның, даңқын…
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Өзін-өзі топпен бағалайды
Рефлексия Стикерлерді толтыру «Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
Үй тапсырмасы 1.Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жаттау.

2.Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың ерлігі туралы мәліметтер жинақтау.

   

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *