Жыр керуенін арқалаған Мұқағали (ақын рухына арналады)

гулданаАқтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

МЫРЗАҒАЛИЕВА ГҮЛДАНА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Жыр керуенін арқалаған Мұқағали

(ақын рухына арналады)

Поэзия падишасы сөзі дара,

Гуманист ақын деп берді халық баға.

Хантәңірдің биік бір шоқтығындай,

Мұқағали туылған Қарасазда.

Ақиық Мұқағали  – сыршыл ақын,

Небір сөзге толтырған жыр құшағын.

Шаң басқан архивтерден таба алмайсың,

Халқыңда жүр өйткені жыр кітабың.

Батыл жүрек тұп – тура айта алатын,

Соғыс жылы туылып тайғанадың.

Қалың жұрт сағынып жүр қара өлеңі,

Үстіне шекпен жауып қайтаратын.

Мұқағали мұрасы маржан жырдың,

Дәл тартқан анық адырнасын.

Ананың адалдығын дәріптеген,

Оқысаң «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын.

Сіздей ақын болуға дәмеліміз,

Жетерме екен бірақ та әл дәрменіміз.

Есіңе мені алғайсын, Саржайлауың,

Шырқалып жүр басқа да әндеріңіз.

Абай болып жыр жаздың үлгісімен,

Абай болып табыстың бір кісімен.

Жырларыңды оқып біз болашаққа,

Қараймыз Мұқағали дүрбісімен.

Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай,

Кітаптарын оқысаң сырласындай.

Кейбір сөзі тереңге бойлататын,

Салмақты салмағы ауыр қорғасындай.

Сынбайды біз бар кезде қанатыңыз,

Тоқтаса да жүрегіңіз, сағатыңыз.

Бір аунап жатқан шығар бүгін міне,

Қара жердің астында әруағыңыз.

Сексен үш жасқа толдың сіз бүгін,

Арқаладың мойымай жырдың жүгін.

Бас иіп әруағыңызға халық саған,

Құтты болсын деп жатыр туған күнің.

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. жаксы екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика