Жүрек жылуы  

Өзін-өзі тану пәнін жүргізу жоспары

Мектеп – № 34                    Мерзімі                             

Сабақтың тақырыбы:        Жүрек жылуы         

Пән мұғалімі:  Нұрмаханбетова Гүльнара Абеновна

Сынып:  2          Оқушы саны:              Жоқ:

Құндылық:   Сүйіспеншілік

Қасиеттері:  Мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық

Мақсаты:     Оқушылардың  «қамқорлық», қайырымдылық», «мейірімділік»                            құндылықтары туралы түсініктерін  кеңейту

Міндеттері: 1. Қамқорлық жасаудың адами қарым-  қатынастағы мәнділігін        түсіндіру;

2. Қамқорлық жасауға жетелеу.

3.Мейірімділікке тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Кітап, дәптер, тауық пен балапандарының суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.  

  1. Сәлемдесу,балалардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

Тыныштық сәтi.(баяу музыка) Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарың сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Нұр бірте-бірте ,жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.    Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: дәптердегі тапсырмалар.

Жақсы барлығың жақсы орындап келіпсіңдер олай болса менің қолымдағы не балалар? Иа «жүрек». Олай болса бәріміз жүрек жылуы өлеңін айтайық. Алдымен мен айтамын, сендер қайталайсыңдар.

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып.

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Мінекей балалар өздерің байқап отырғандай бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жүрек жылуы»

-Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсірмей, бір-біріміздің қолымымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімзбен бөлісейік.

Осы тақырыбымыздың дәйексөзі

Сабақ барысын талдау:
  1. Дәйексөз.

«Табиғаттағы барлық жылулық-күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан».

(3 рет оқып, қайталату )

1.      Балалар осы дәйексөзден не түсіндік?

Түйін: өздерің жауап бергендей, қайырымды іс жасау, оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш әкеледі. Өзің біреуге қайырымдылық жасасаң көңілің көтеріліп қалады, жаның жай табады, қуанасың, сол адамды қуантасың. Сен мейірімді болсаң айналаңдағы адамдар бақытты болады.т.б.

 
  1. Әңгiмелеу

1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

2.Жақсы көретін адамыңа қандай тілек айтқың келеді?

3.Жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс: «Жай ғана әжей»әңгімесін тыңдату.

1.      Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

2.      Бұл оқиғадан не үйрендіңдер?

3.      Абзал мен айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

Өзің түйіндеп отырасың)

++ Сергіту сәті:  балалар, орнымыздан тұрамыз. Жаттығу жасап жіберейік, шаршап қалған шығармыз.

Ормандағы аюдың (қорбаңдап жүру)

Құлпынайы көп екен (қолды екі жаққа созу)

Теріп-теріп алайық, (теру)

Қалтамызға салайық (қалтаға салу)

 
  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

Ойын-жаттығу  «Көмек»

Балапандарынан айырылып қалған тауыққа көмктесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беру.

1.Сен досыңмен көлге шомылуға бардың. Кенет досыңның «құтқар» деген даусын естідің не істер едің?

2.Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

3. Әр адамның  жүрегі мейірімді, қайырымды болуы үшін не істеу керек?

4. Тал шыбығы майысып сынғалы тұр, оған сен не істейсің?

5. Жолға біреулер кішкентай мысықты тастап кетіпті, ол аш. Сенің іс әрекетің?

6. Қарт әжей қолында сумкасы, жолдан өте алмай тұр. Сен не істейсің?

7.Өзіңнен кіші сыныптың оқушысы жылап отыр? Сенің іс-әрекетің?

(өзің түйіндеп отыр, балалардың жауабын дұрыс емес деме жарайсың деп барып өз жауабыңды айтып отыр )

 

Түйін: адам өзін-жіне өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді. Мейірімді адам өзге адамға, достарына, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. Қарт кісіге құрмет көрсету, кішіге қамқорлық жасау, сыйлау арқылы жақсылық, қайырымдылық көрсете аласыңдар.

 
  1. Топпен ән айту.

«Балдауреннің шаттық әні»

Сөзі: М. Қызыровтікі.

Әні: Е.Жақыпхановтікі.

 
  1. Үй тапсырмасы.

24-сабақ. «Қайырымдылық» мәтінін оқып келу.

 
9. Соңғы тыныштық сәті: Балалар, енді бір сәт тынышталып, (әуенмен) бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы  ойларыңды естеріңе түсіріп сақтаңдар. Рахмет айтамын!  
[bws_related_posts]

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика