Жұмбақ көрме

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№56 «Жұлдыз» бөбекжайы
Бейнелеу маманы:
Нугманова Б.К.
Тақырыбы: «Жұмбақ көрме»
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, өлең
жолдарын тыңдату, көрме бұрышына саяхат жасау, жұмбақ жасыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Жұмбақ жауабына сурет құрастырып, бейнелеуге үйрету.
Қажетті заттар: ақ қағаз, гуашь бояуы, қылқаламдар, мақта-таяқша, бастырма-жапырақтар, көрме бұрышы, қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі: балаларды ұйымдастырып, назарларын аудару.
Сабақ барысы
Тәрбиеші: – Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Балалар амандасып, шаттық шеңберіне тұрып «Амандасу рәсімін» айтады:
Армысың алтын күз.
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Дала суық болады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып түседі, жеміс-жидектер піседі.

Балаларға өлең жолдары арқылы сұрақ-жауап алу.
Бұлттар төніп
Ызғар сеуіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұрғылт татады.
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тонады
Бөбектерім! Айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
-Күз мезгілінде.

-Өте тамаша балалар, олай болса балалар күз мезгіліне орай көрме бұрышымызға саяхат жасап келейік.
Балалар жартылай шеңбер болып көрмені қызықтайды, онда не көргендерін айтады. (Кірпілер жанұясын, жеміс-жидектер, сары-қызыл жапырақтар т.б)
-Ал балалар орнымызға жайғасамыз, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тапқан балалар сол суретті бейнелейді. Шыққан сурет қандай сурет болады екен.
-Бүгінгі оқу қызметіміз «Жұмбақ көрме» деп аталады.

1.Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Жауабын тапқан ек, үш бала бұлттың суретін салады.

2.Ұзын сабағы бар,
Жайылса тармағы бар. (терек, тал)
Талдардың суретін салу.
3.Ағайынды бәрі
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)

Жапырақтарды бастыру арқылы салу.
4.Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады. (Жаңбыр)

5.Жауып жаңбыр
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ салады.
Бұл қай кезде болады. (Күз)
Қалған балалар жеміс жидектердің суретін салады.
Сергіту сәті.
Жел улейді у-у-у
Құйып келіп билейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Балалар суреттері аяқталса ойын ұйымдастыру.
Ойын: «Не орнында жоқ»
Балалардың салған суреттерден көрме ұйымдастыру.

Балалар суреттерін тақтаға іледі.
Жұмбақтың шешімі бойынша суреттер құрастырылады.
Жемістерді балалар қалаған жерлеріне іледі.
Балалардың назарын тақтаға аударып, бірге талдау жасалады.
-Балалар қараңдаршы, тақтада қандай көрініс шықты?
-Күз көрінісі.
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап!
-дегендей, бүгін сендер күз мезгілінің көрінісін жұмбақ арқылы шешуін тауып сурет салдыңыздар, көрме ұйымдастырдық, жарайсындар балалар!
Қорытынды:
Балаларды мадақтау, кім қандай сурет салғанын атап айту.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика