OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ж. Аймауытов «Торғай»

Жұматаева Ардақ Түленбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Торғай»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.
Торғай, жылан туралы білімдерін кеңейту. Мәнерлеп оқуға машықтандыру. Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап беруге үйрету. Әңгіме құрай білуге төселдіру.
2. Дамытушылық.
Оқушылардың сын тұрғысынанойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын ірікпей айтып, дәлелді сөйлеп, дискуссия жүргізе білуге үйрету. Топта жұмыс істеу.
3. Тәрбиелік.
Жауыздықтан жирендіру, әлсіздерге, жәбір көрушілерге арашашы болуға, әрқашан да әділ болуға тәрбиелеу. Байқампаз, батыл болуға шақыру. Тірі табиғатқа қамқоршы болуға үндеу.
Көрнекілігі: суреттер, сөздер жазылған қима қағаздар, мақал жазылған
формат, оқушылардың салған суреттері.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: Өз бетінше жұмыс істеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
I Қызығушылықты ояту:
Сабақты жақсы тілектерден бастайды Аспанымыз ашық болсын! т.б.
II Оқушыларды үш орталыққа бөліп отырғызамын.
1) Оқу-жазу орталығы
2) Дүниетану орталығы
3) Өнер орталығы
Ой қозғау. Жауыздық деген не? (қылмыс, ұрлық, төбелес, соғыс т.б.
Тапсырма 1) Оқу-жазу орталығына сөздерден сөйлем құрау.

Жылан, торғай, шөпте, сұр, жатыр, шырылдап, ұшып.

Тапсырма: 2) Дүниетану орталығы
Ассоциациялау
Торғай сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Мысалы: Торғай — қоқыс, аспан, үй…

Тапсырма 3 Өнер орталығы
«Торғай», «жылан», «ағаш», «шөп» байланыстырып сурет салу
III Оқулықпен жұмыс
Кіріспе: авторды таныстыру
а) Мәтінді мұғалім оқып шығады.
ә) Сұрақтарға жауап алу.
б) Мәтінді кезекпен оқушыларға оқыту.
в) Өздерінің құраған әңгімесімен салыстыру.

IV Ой толғаныс. Баланың жыланды өлтіргені дұрыс па? Дискуссиялық карта

№ Ия Жоқ
1
2
3
Үш орталыққа да таратылады. Оқушылар өздері толтырады. Оқушылар өз шешімін айтады, дәлілдейді.
V Бекіту. Білетін өлең, мақалдарын айтқызу
VI Қорытынды
«Жақсылыққа жақсылық
Әр адамның ісі
Жамандыққа жақсылық
Ер адамның ісі» мақалды талдау.
VII Бағалау
VIII Үйге: Әңгіменің аяғын өзгерту.
Сабақ аяқталды.
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.

Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

Жыланды өлтіргеннің сауабы бар.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *