Зат есім

Керейкулова Жанар Кабдуллаевна
№ 49 негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: Білімділік:Зат есім туралы білімдерін тиянақтау,пысықтау.
Дамытушылық: зат есім ерекшеліктерін меңгерте отырып, өздік жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Қатесіз әдемі жазуға машықтандыру.
Тәрбиелік: оқушыларды іздемпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, сөйлеу мәдениетін меңгерту. Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: сөздер, сөйлемдер жазылған кестелер, мазмұнды суреттер, сөзжұмбақ, тірек сызбалар,слайд суреттер.
Әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, хабарлау, жаттығуларды талапқа сай талдау, салыстыру, топтастыру, ой қорыту.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:316-жаттығу.
«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбында жазып келген әңгімелерін оқу.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сөз таптарын ата.
Сөз таптары

Зат есім етістік сан есім сын есім
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
Қыз, шаңырақ, түйе, шеге, сандық, бүркіт, домбыра, бұлар ненің атауы? – Заттың.
ІV. Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру.
Білесіңдер Кім? Не? Сұрағын ,
Сөйлемде ой иесі боламын.
Не істеді?сұрағымен,
Көркейемін,толамын. (Зат есім)
Зат есімнің ережесімен танысу.
Зат есім – заттың атын білдіріп. Кім? Кімдер?Не?Нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
1.Мақал-мәтел.318-жаттығу.
Мақалдарды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.
Ақыл-тозбайтын тон, Шешен сөз бастар,
Білім-таусылмайтын кен. Батыр қол бастар.
Сергіту сәті.
Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,,
Бұға қалды көбелек.
2.Дұрысын тап.
Не?
_____ үреді._______ ұлиды._________ қарқылдайды.________ шақырады.

3.Топтастыр
Қамшы,шөбере,жаңбыр,баба,немере,сәукеле,сап,ата,бөрік
Ітоп ІІ топ
Кім? Не?
Баба Қамшы
4.Топпен жұмыс.
І топ. Шығармашылық диктант.
Оқушы, кірді. сыныпқа. Түсіндірді, сабақ, мұғалім.
(сөйлемді дұрыс құра, сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастыр)
ІІ топ. Терме диктант.Сағат,үш ,дәптер,ойнады,әдемі,тақта.
Заттың атын білдіретін сөзді көшіріп жаз.
5.Дәлелде
321-жаттығу.Зат есім екенін дәлелде.
Ақын-бұл зат есім,өйткені кім? деген сұраққа жауап береді.
V. Білім бекіту кезеңі.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы ой қорыту.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Кім? деген сұрақтың қойылу ерекшелігі қандай?
3. Не? деген сұрақтың қойылу ерекшелігі қандай?
VІ.Сабақты қорыту: Топты бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма беру:Ережені жаттау, 320 – жаттығу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *