Инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру-басты бағдар

largeАтырау облысы
Атырау қаласы, Индер ауданы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі
Дариева Гүлдана Жүсіпбекқызы
«Инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру-басты бағдар» 

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, қашықтықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану секілді ауқымды мәселелер анықталады. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Сонымен қатар оқытудың инновациялық технологиялары негізінде білім беруді жүзеге асыру арқылы оқушының қабілетін, өзіндік дамуын, біліктілігін қалыптастыру мәселесіне  ғалым-педагогтер М.Құдайқұлов, Б.Тұрғынбаева, М.Жанпейісова, Н.Сарсенова да назар аударған.[1] Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.[2]  Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. «Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу – тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа техногологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану, біріншіден, мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығуы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

Елімізде ғылыми – технологиялық прогресті жеделдету оқушыларға іргелі пәндер (математика, физика, химия, биология,т.с.с.) бойынша терең білім беруді қажет етеді. Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесі оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен эхкономикалық  және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне де байланысты. Кейбір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолданылуының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен ғана емес, негізінен, қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады. Көрнекті қоғам қайраткері М.Жұмабаев «Қазақтың тағдыры келешекте ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздің таза, сау, берік, Һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра алмасақ, келешегіміз күнгірт» деп ғылым мен білімнің маңыздылығына тоқталды. Қазақстан мектептері үшін бүгінгі күні кең инновациялық ізденіс тән. Инновациялық мектепте жұмыс мазмұнын, біртұтас педагогикалық үрдістің оқу-тәрбиелік тетіктерін мұғалімдер ізденістер арқылы толықтырып отырады. Оқу мен тәрбие тетігі мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы – іскерлік ынтымақтастығы, бірлескен қызметтің сипатына тәуелді екендігіне көз жеткізуге болады.[3] Жаңа технологияның басты мақсаты-өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушы мұғалім дайындап әкелген материалды қабылдап алушыдан оны іздеп табушыға айналады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық тапсырмалар беріліп отырады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. “Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.

Қоғамдық прогреспен жаңа экономикалық жағдайда еліміздің өркендеуімен ғылымның даму ықпалы білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру міндетін қояды. Білім мазмұнының ұлттық негізде берілуі мен оқытудың жаңа міндеттері және озат тәжірибелердің жинақталуынан білім беру креативті педагогикалық – өркениетке енуде. Мұндағы ең басты талаптардың бірі; білім беруді дамытудың жаңа бағдары –инновациялық жаңару стратегиясында болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлға ретінде кәсіби құзырлығының жоғарғы дәрежеде болуы. Қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шәкіртті үнемі даму үстіндегі әрекет                         иесі – субъекті ретіндегі орынға қойып отырғаны белгілі. Осындай мәселелердің шешімін табуда болашақ мамандардың креативтілігін дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады. Қреативтілікті қалыптастыру мәселесі көптеген ғалым, педагог-психологтардың еңбектерінде көрініс тапқан. Креативтілікті қалыптастыруды зерттеуді  шетелдік  ғалымдар қарастырған. Олардың қатарына Дж. Гилфорд, А.Маслоу, К.Роджерс, Е.Торренс, Э.Фромм, М.Ярошевский және т.б. енеді. Ғалымдар, зерттеушілер психологтар мен педагогтар өздерінің зерттеулеріне креативтілік ұғымына әртүрлі анықтамалар береді. Е.Торренс пікірі бойынша креативтілік – білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір кемшіліктерді шешудегі қабілеттілік. Е.Торренс үш факторлы креативтіліктің моделін ұсынады:

-ой ұшқырлығы,

-икемділік,

-ерекшелік, өзіндік.

Ал психолог К.Роджерс өз пікірінде, креативтілік – адамның қоршаған әлеммен байланысындағы шектеулерді жеңіп шығу үшін өзінің ішкі психологиялық әлемін зерттеуі деген.

Д.Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық дарындылығы» ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі – интелектуалдық белсенділікті шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді. Көптеген зерттеулерде ғалымдар «креативтілік» ұғымына анықтама беруде креативтіліктің бір сипаты ретінде жеке тұлғаның жағдаяттардан шыға білу қабілеті мен өзіндік мақсатты нақты қоя білу қабілеттілігіне тоқталады. «Креативтілік» деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл – ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. «Креативтілік – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» – деп түсіндіріледі философиялық сөздікте. Қазіргі кезде креативтілік – қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы ретінде және жаһандану кеңістігіндегі білім берудің модернизациялық жүйесінің  деңгейімен анықталады. Креативтілік – ең алдымен адам әрекеті. Креативті әрекет түрінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін көрсетеді және оның өзін белсенді етуге бастайды.  Креативтілікті қалыптастыру тұлғаның шығармашылыққа жетелейтін қабілеттері мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.[4] Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс – әрекетінде креативті әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Педагогикалық жаңа технологиялар оқушының тірек құзырлылығын қалыптастырып, оның жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.   Дарынды, білімді жастар ғана Егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан оқушыға мұғалімнің берген білімді, іс – әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі креативтілік іс – әрекетімен сабақтастыруға тиіс.

Егер жеке тұлғаның өз тарапынан креативтілік белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне барынша көмектесетіні белгілі. Ғылым мен техниканың шарықтаған заманында өмірге икемді, әр салада өзін таныта білетін, тыңнан жол таба алатын белсенді ұрпақ инновациялық оқыту арқылы креативтілігін қалыптастыру негізінде қаланады. Инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын, рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Алматы. 2008. 6-б
  2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Астана. 2004. 3-4 б.
  3. Д.В.Чернилевский Креативная педагогика и психология, М.Академический проект, 2004. 560-б.
  4. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. Ана тілі, 1992. 160-б
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика