Кесте құру және кестелерде формулаларды қолдану. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

ДУБЛЕР САБАҚ

 Пән: «Есептеуіш жүйені бағдарламамен қамтамасыздандыру»

Тақырыбы: «Кесте құру және кестелерде формулаларды қолдану. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері»

Топ: 1 негізгі ВТ- 2

Оқытушы: Қалымжанова А.Б.

Дублер: Ахметқали А

 

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ №10

 

1.     Атаулы категориясы
1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»

130404 3 – «Техник-бағдарламашы»

1.2. Курсы, тобы І курс, 1 негізгі ВТ-2
1.3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудың атауы Есептеуіш жүйені бағдарламамен қамтамасыздандыру
1.4. Сабақтың тақырыбы Кесте құру және кестелерде формулаларды қолдану. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.

1.Кесте құру және кестелерде формулаларды қолдану.

2.Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.

1.5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы топтық
1.6. Білім алушылырдың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен иемділігі – Қолданбалы жүйелері түрін білу;

– Мәтіндік редакторы және процессорды білу;

1.7. Кәсіби және еңбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі – қарым-қатынас жасау дағдысы;

– ақпаратты қабылдай алуы;

– алынған ақпаратты тәжірибе жүзінде қолдана білу.

2. Сабақтың мақсаты
2.1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді – тыңдай алу;

– топпен қарым-қатынас;

– өзгенің пікірімен алмасу.

2.2. Студентерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету – жұмыс орнын дұрыс тағайындау;

– әдебиетпен жұмыс істей алу;

– топта жұмыс істей алу;

– логикалық ойлау.

3. Сабақ қорытындысын сипаттау
3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білуі және істеуі қажет – Қолданбалы жүйелері түрін білу;

– Мәтіндік редакторы және процессорды білу;

3.2. Сапа белгілері – Қолданбалы жүйелері түрін білуі;

– Мәтіндік редакторы және процессорды білуі;

4. Жоспарлау фазасы
4.1. Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі Олифер В.Г.,. Сетевые ОС

36-37 бет

4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар ДК
4.3. Студенттер іс әрекетінің ретін сипаттау -Бағдарламамен қамтамасыздандыру құрамы мен қызметін қолдануды.
4.4. Оқытушының рөлі – тақырып бойынша негізгі түсініктерді хабарлау;

– терминдерді және олардың ретін сипаттау.

5. Жоспарды жүзеге асыру
5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте) Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»

 

6. Бағалау
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау.

 

Оқытушы ______________ Қалымжанова А.Б.

Дублер _______________ Ахметқали Айгерім

 

 

Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру

 

Сабақтың негізгі кезендері Әрекеттердін түрі мен реті Студенттердін қызметі Оқытушымен студентердін біріккен қызметі Оқытушынын қызметі
Жекеше Топтық Топаралық   Кенес беру Нұсқау Бақылау
1. Бағдарлау және жоспарлау кезеңі Сабақтың тақырыбы мен мақсаты   Х   Х   Х  
2. Жұмысты орындау кезені Жұмыс орынын дайындау   Х     Х    
Материалдарды дайындау   Х     Х    
Технологиялық барыс: конспектіллеу,

Конспектімен жұмыс,

Интерактивті тақтада жұмыс істеу,

Карточкалармен жұмыс.

 

 

Х

Х

 

 

 

 

 

       

 

Х

Х

 

 

 

 

 

   

 

Х

Х

 

 

 

 

 

3. Аралық және сонғы нәтижені бағалау және талдау кезені Сапа белгілері боынша бағалау:

Айырма сөйлемдер әдісі

Анаграмма

Сөз тендіктері

Артық термин

 

 

 

Х

Х

Х

Х

       

 

 

Х

Х

Х

Х

   

 

 

Курс тақырыбы: Қолданбалы қамтамасыздандыру, бағдарламалармен жұмыс: MS Оffice.

Сабақтың тақырыбы: №10 Кесте құру және кестелерде формулаларды қолдану. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.

Үй жұмысын тексеру:

І кезең БӘЙГЕ

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас?

интерфейс

  1. . WINDOWS дегеніміз не?

операциялық жүйе

  1. Дүниежүзілік желі

интернет

  1. Латынның “information” сөзі нені білдіреді

ақпарат

  1. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек

70 см

 

  1. Бір килобайт қанша байтқа тең?

1024 байт

 

  1. Калькулятордың неше түрі бар

2

  1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі

құрал

компьютер

  1. Компьютердің жұмыс істеуін бұзатын программа

вирус

  1. . Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне

BackSpace

ІІ кезең Полиглот

  1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.

Ақпарат-Информация-Information

  1. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы.

Пернетақта-клавиатура-Keyboard

  1. Компьютер пенетақтасында қанша перне бар?

Жүз бір-сто один-One hundred one

  1. Мысыққа ойын керек, …… өлім керек.

тышқан-мышка-mouse

  1. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.

енгізу-ввод-enter

ІІІ кезең Филворд

 

Жаңа сабақ.

1.Кесте құру және кестелерде формулаларды қолдану.

2.Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.

 

Кесте құрудың 3 тәсілі бар. Қазір осы 3 тәсілді әр топ өздеріңіз оқып өзара талдайсыздар содан кейін ортаға шығып басқа топтарға түсіндіресіздер.

  1. Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген информация. Кесте реттелген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады.

Бірінші: Таблица – Добавить таблицу командасы көмегімен

Екінші: аспаптар тақтасындағы Добавить таблицу батырмасын пайдаланып.

Бірінші жолмен кесте қою үшін Таблица – Добавить таблицу командасын орындаған соң экранға Вставка таблицы терезесі шығады. Число столбцов өрісінде баған санын, число строк өрісінде жол санын енгізіп, ОК батырмасын шертеді.

Құжатқа енгізілген баған мен жол саны бойынша кесте енгізіледі. Кестедегі бағанның енін бағаналар арасындағы шекараларды тышқан көмегімен жылжытып өзгертуге болады.

Ал жол биіктігін де осы тәсілмен өзгертуге болады.

Кестенің ұяшықтары арасына ауысу үшін меңзерді басқару пернелерін немесе маусты пайдалануға болады.

Ұяшықтарды қосу және өшіру, біріктіру.

Кей кезде дайын кестеге баған немесе жол немесе ұяшық қосуға болады. Кестеге баған немесе жол қосқанда деректердің жаңылысуы болмайды. Ал ұяшық қосқанда мұқият болған жөн. Ұяшық, немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Добавить ячеек командасын орындаңдар. Добавление ячеек терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсету керек. Дайын кестеге көбіне жаңа ұяшық қосу көп қолданылмайды.

  1. Кестеге жаңа баған қосу үшін жанына жаңа баған орналасатын бағанды белгілеп, Таблица – Добавить столбцы командасын орындайды.

Кестеге жаңа жол қосу үшін жанына жаңа жол орналасатын жолды белгілеп, Таблица – Добавить строки командасын орындайды.

Кестедегі жаңа жол, баған немесе ұяшықты өшіру үшін оны белгілеп Таблица – Удалить ячейки командасын орындаймыз. Удаление ячеек терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы немесе жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.

Жолдардың көрші ұяшықтарындағы ақпаратты біріктіріп, оларды бір ұяшыққа жазу үшін осы ұяшықтарды ерекшелеп, Таблица – Обьединить ячейки командасын орындайды. Нәтижесінде ерекшеленген ұяшықтардағы ақпараттар бір ұяшыққа біріктіріледі.
Кестенің кейбір ұяшықтарын бірнеше ұяшыққа бөлу үшін бөлетін ұяшықты белгілеп, Таблица – Разбить ячейки командасын орындайды. Разбиение ячеек терезесінде число столбцов өрісіне қажет бағана санын, число строк өрісіне қажет жол санын енгізіп ОК батырмасын шертеміз.

Кестелерді жиектеу.

Кестелердің жиектерін өзгерту немесе алып тастау үшін өзгеріс енгізетін кесте торын белгілеп, Формат – Границы и заливка командасын орындайды. Границы и заливка терезесінде Граница қосымшасын шертеді. Қажет жиектің типін таңдап ОК батырмасын шертеді.
Кестенің ұяшығындағы мәтіннің бағытын өзгерту үшін ұяшықтың үстінде маустың оң жағын басып, шыққан динамикалық менюден Направление текста командасын таңдайды.

Шыққан терезеде қажет бағытты таңдап, ОК батырмасын шертеді.
3. Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру Обьект Microsoft Equation 3. 0 (Вставка Обьект Microsoft Equation) 3. 0 әмірін орындау керек немесе стандартты құрал саймандар мен пішімдеу жолағынан белгішесін басамыз. Сонда экранда “Формула” атты шаблондар панелі шығады.

Мысалы: ах2 + вх + с = 0 квадрат теңдеуінің түбірін табу формуласын жазайық. Оның түбірін табу формуласын жазбастан бұрын осы теңдеудің өзін біз компьютерде қалай теретінін қарастырайық. Бұны теру үшін формулалар редакторы керек пе, жоқ па дегенге тоқталайық. Оны біз жоғарғы индексілі х2 белгісін қолдану арқылы оңай жаза аламыз. Олай болса біреуіміз осы формуланы компьютерде теріп көрсетейік. (теңдеуді бір оқушы компьютерде жазып көрсетеді)

Ал теңдеудің түбірін қалай табамыз? Кім ол формуланы тақтаға жазып береді?

Міне осы формуланы біз компьютерде теру керек.

Ол үшін жоғарғы немесе төменгі индексілі белгілерді қолдана аламыз ба?

Қолдана алмайтын болсақ оны қалай жаза аламыз?

осы формуланы компьютерде теріп көрейік

Д=в2 — 4ас

Д>0 болса екі түбір бар:

х1=- в+В/2а

х2=- в — Д/2а

Тақтадағы жазылған квадрат теңдеудің түбірін табу формуласын практика жүзінде компьютерден теріп көрсету керек.

1 тапсырма:

«Менің сабақ кестем» атты кесте құрып, ішін толтыр.

2 тапсырма:

5 баған, 11 жолдан тұратын кесте құрыңыздар. Ұяшықтардың өлшемдерін өзгертіп, кестеге өз топтарыңыздың студенттерінің тізімін жазыңыздар. Және бағдарламалау тілі, математика, тарих пәндерінен алған бағаларын жазыңыздар. Пішімдеу амалдарын қолданып, кестені әрлеңіздер.

3 тапсырма:

«Toyota центр орталығындағы машиналардың сатылу көрсеткіші» атты кесте құру. Көліктің маркасы, моделі, шыққан жылы, бағасы, КПП, түсін жазыңыз. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек.

4 тапсырма:

  1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр> Аспаптар тақтасы > Кестелер мен шекаралар (Вид > Панели инструментов > Таблицы и границы) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.
  2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
  3. Кестені белгілеу – Формат > Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1 – ші бағанды толтыр.
  4. 1 – ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.
  5. Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.
  6. Tab пернесін басып 1 жол қос, 4 – ші ұяшықты біріктір.

 

5 тапсырма:

  1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
  3. Кестеге Формат > Шекаралар және құю /Формат > Границы и заливка/ командасы арқылы жиектеу орналастыр

Оқушы туралы мәлімет

Р/с Оқушының аты – жөні Туған жылы Мекен – жайы Телефоны

1

2

3

 

6 тапсырма:

  1. Қалауыңыз бойынша кесте құрыңыз.
  2. Кестенің 1 – ші бағанын және 1 – ші жолын сұр түске боя.
  3. Кестеге тағы бір жол қос.
  4. Кестенің соңғы жолын біріктір.
  5. Кестені екіге бөл (Таблица Разбить таблицу).
  6. Кестенің сызықтарын үзік сызықтарға келтір.
  7. Кестені Автоформат үлгі бойынша түрлендір.
  8. Кестенің торын жасыр.
  9. Кестенің өлшемдерін өзгерт.
  10. Кестенің ішкі сызықтары ғана көрінбейтіндей қалыпқа келтір.
  11. Бос ұяшықты бөл.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кесте құру әдістерін ата.
  2. Объединить ячейки командасы не үшін қажет?
  3. Кестені қалай екіге бөлеміз?

7 тапсырма:

– кестені құрып, толтырыңыз;

– тақырыбын қарайтылған түрге енгізіп, ортаға туралаңыз;

– баған тақырыптарын қисайтылған түрге енгізіңіз;

2 – ші, 3 – ші, 4 – ші бағандарды ортаға тегістеңіз;

Механикалық өлшем бірліктер.

Өлшем Өлшемнің

белгіленуі Өлшем бірлік

Масса m Килограмм, грамм милиграмм, тонна кг, г, мг, т

Жұмыс A Джоуль, килоджоуль, мегаджоуль Дж, КДж, Мдж

Энергия E, W Ватт, киловатт, мегаватт Вт, кВТ, МВт

Қуат H, N

8 тапсырма

1 2 3 4 5 6 7 8 9

2 4 6 8 10 12 14 16 18

3 6 9 12 15 18 21 24 27

4 8 12 16 20 24 28 32 36

5 10 15 20 25 30 35 40 45

7 12 21 28 35 42 49 56 63

8 16 24 32 40 48 56 64 72

9 18 27 36 45 54 63 72 81

Көбейту кестесін сыз

9 тапсырма

  1. Меню Таблица, Нарисовать таблицу командасын шерту.
  2. Таблицы и границы терезесінен қарындаш белгісін алу.
  3. 7 баған және 17 жол сал.
  4. Артық сызықтарын өшіргішпен өшір.
  5. Тип линии бөлігінен екі сызықты жолды белгілеп, кестенің бірінші жолын сыз.
  6. Кестені сәйкесінше толтыр.
  7. Формат Направление текста командасы арқылы жазудың бағытын өзгерт.
  8. Бағандардың жолдарын суреттегідей біріктір.
  9. Цвет заливки бөлігінен керекті түсті белгілеп, боя.
  10. Өз бетіңше Нарисовать таблицу командасында орындалатын бірнеше әрікеттерді орындап көр.

Кезекшілер тізімі

Р/с Фамилиясы Дүйсен – бі Сейсен – бі Сәрсен – бі Бейсен – бі Жұма

1 Алекенова

2 Алпеисова

3 Ахметов

4 Берекенов

5 Бекжанов

6 Баймурзин

7 Бекмухамедов

8 Есболатов

9 Ермухамедов

10 Ермекова

11 Ержанов

12 Керімбетова

13 Кусайынов

14 Таукенов

15 Тугелбаев

 

10 тапсырма

  1. Кестені өз қалауымызша да өрнектей аламыз. Ол үшін кестенің өзгертетін ұяшығын белгілеп, Формат Границы и заливки командасын орындаймыз.
  2. Границы и заливки командасында Граница, Старинца, Заливка атты үш қалта берілген.

Енді осылардың әрқайсысымен жұмыс істеп көрейік.

  1. Граница – жақтаулардың керекті ұяшықтарын белгілеп, Граница қалташасынан Все типін таңдаңыз.
  2. Оң жағында көрсетілегн Тип бөлігінен қалаған сызықтарды таңдаймыз.
  3. ОК батырмасын шертеміз.
  4. Страница – қалташасы Граница қалташасына өте ұқсас, бірақ толық бетке жақтаулар орнатады.
  5. Заливка – бояуға қажетті ұяшықтарды белгілеп, Заливка парағынан керекті түсті таңдаймыз.
  6. ОК батырмасын шертеміз.
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика