Кеңістікте еркін секіру мен жүгіру жаттығулары. Доппен кеңістікте қозғалу еркін жаттығулары. Секіргіштермен, қарғымақтармен секіру жаттығулары. Берілген уақыт ішінде секіргіштерден секіру

Қысқа мерзімді жоспар № 6

Пән: Дене шынықтыру

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:   

1-бөлім: Ойынға негізделген жаттығулар негізінде нысанды бақылау

I-тоқсан

 

Күні:18.09.2017.ж. Мектеп: әл- Фараби атындағы ДБАГ
Сыныбы:1 «А» Мұғалімнің аты-жөні: Алтаева Күлайхан Майрашқызы

 

Қатысқан оқушы саны:16 Қатыспағаны:жоқ
Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте еркін секіру мен жүгіру жаттығулары. Доппен кеңістікте қозғалу еркін жаттығулары. Секіргіштермен, қарғымақтармен  секіру жаттығулары. Берілген уақыт  ішінде секіргіштерден секіру.
Оқу бағдарламасына сілтеме: Физикалық жаттығулар кезінде пайда болатын температура, жүрек соғуының жиілігі, тыныс алу тәрізді денеде болатын өзгерістерді бақылай алу. (4б)
Сабақ мақсаттары: Физикалық жаттығулар мен қарапайым, өзгертілген топтық контекстте өз тәртібін бейімдеуді білу.
Жетістік критерийлері: Қарапайым кедергілерден секіру терминдерін түсіну, білу, өз бетінше қолдану әдістері.
Тілдік мақсаттар:Оқушыларға

арналған ғылыми /академиялық

тілде жазылған.

Секіру, сермелу жаттығулары кезіндегі аяқтың дененің  қозғалтатын дағдысын қалай түсінетінін сипаттау және көрсету.
Құндылықтарды дарыту: Негізгі секіру  дағдыларының (НҚД) қайсысында жақсымын.

 

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі.
Акт қолдану: Дағдыларды талдау, карточка қолдану
Бастапқы білім: Оқушыларда үйде не/немесе балабақшада ойынға негізделген қозғалыстың алдыңғы тәжірибелерін жетілдіреді.

 

САБАҚ   БАРЫСЫ.

Б-барлық  сынып, Т-топтық, ЖЖ-жұпптық жұмыс, Ж-жеке,Тәж –оқушы тәжірибесі, К-мұғалімнің көрсетілімі, Ф-фор.бағалау.

Сабақ кезендері: уақыт Сабақтағы іс-әрекеттер: құрал жабдықтар (ресурстар)
Сабақтың басы: мөлшерленген

 

(Б, Ж.Тәж.К) Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.

Сабақ барысын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:Еркін жүгірулер. Сап түзіп жүру, асықпай баяу жүгіру, секіру, ырғу, керілу. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

 

Әр жаттығу үшін  кең, таза кеңістік, ысқырық, конус, маркерлер, нығыздалған доптар.
Сабақтың ортасы: мөлшерленген

 

(Б, Тәж, ф) Оқушылар кеңістікте еркін секіру мен жүгіруді зерттейді. Оқушыларға секіру, сермелу дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсету. Кең ашық кеңістікте мұғалім көмегімен немесе сыныптас арқылы1-2 жаттығу орындау. Доппен кеңістікте қозғалу, лақтыру, қағып алу  еркін жаттығулары. Қауіпсіздік ережелерін қолдана білу.  Секіргіштер және олардан секіру. Берілген уақыт ішінде секіргіш үстінен секіру. Оқушылар секіру сапасын жақсарту үшін секіріп және жүгіріп жүргенде оларға сұрақтар қою. Жаттығуларды дұрыс оқушыға сыныптың алдында жаттығуларын қайталата көрсету. Оқушылардан жүрек соғуының жиілігі мен тыныс алуларын секіруден кейін тексеру. Өзгерістер байқау. Әр шараға арналған үлкен таза кеңістік. Оқушылар мен мұғалімге секундомер, түрлі түсті белгілер мен конустар.
Сабақтың  соңы: мөлшерленген

 

Соңында оқушылармен  рефлексия жүргізу:

–         нені  білдім, нені үйрендім.

Сұраңыз: сіз күніне орта есеппен қанша уақыт жаттығулар жасауға жұмсайсыз?

 
Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, төзімділік, иілгіштік, шыдам/бұлшықет төзімділігі, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалана отырып, сабақтың тығыздығына көңіл бөлу. Бағалау– оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын  белгілі бір критерийлер бойынша тәсілдер арқылы бағалай алады. Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақты оқыту жүзеге асырылды.Оқушылардың қашыққа жүгіру мен секіру жаттығулары арқылы денсаулықты сақтауды түсінді.
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Ия,топтарда қауіпсіздікті сақтай отырып жүгіру, секіру әдістерін орындады,сонымен қатар кеңістікті дұрыс пайдаланды.
3.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Ия
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? Ия
5.Сабақ жоспары қандай ауытқулар болды неліктен? Ия, болды. Себебі,оқушылардың көбі жаңа тапсырмаларды бастапқыда толық түсінбеді, түсіндіруге уақыт бөлдік.
 

Жалпы  оқушыларды  бағалау:

 

 

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін сұрақ берілді-жауап алынды, бірігіп жұмыс жасау барысында өзара қарым-қатынастарына назар аударылды, мәселеге жалпы түрде шолу жасалынды.

 
Сабақтың жақсы екі  аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1: Жұппен,топпен жұмыс және жаттығу жеке жүгіру дағдыларын жақсартады.

2: Өзін-өзі тәртіпке,  шыдамдылыққа, төзімділікке, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1: Жоспарды  дәл, нақты жоспарлап, жаттығуларды дұрыс түсіндіру қажет.

2: Топтық, жұптық іс – әрекеттерді жетілдіре отырып, жекелей тапсырмалар беріп сабақты өткізу.

Сабақ барысында сынып   туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі(қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге  көңіл бөлу  қажет ? Сынып жаңа бағдарламаға жете үйренбей жатыр,себебі енді ғана енгізіліп жатқандықтан болар

 

 

 

 

 

 

Ұзақ жылғы ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, айтар болсам әрбір сабағымды балаларға дене қыздыру жаттығуларынан бастағанды жөн көремін. Сапқа тұрып, сәлемдесіп алған соң музыкамен жаттығу жасау күнделікті әдетке айналған. Күнде бір жаттығу жасау балаларды да жалықтырып жіберер,- деп ойлаймын. Жай жаттығу жасау үшін қандай шығармашылықтың қажеті бар,- деп ойлауыңыз да мүмкін. Бұны көп жыл дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып көру керек сонда айтуға болар. Сабақта балалардың денсаулығына қауіпсіз болуы үшін өте сақ болу керек. Сол үшін де сабақ сайын баланың денсаулығына қауіп келтірмейтін дамыту жаттығуларына жаңа элементтер ойлап табу, шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді. Берілген жаттығулардың ішінен кейде кейбірін іріктеп алып, кейбірінің орнын ауыстырып, кейде өз ойыңнан қосқан қимылдарың дұрыс келіп жататын кезі болады. Оның бәрін мен осыны ойлап таптым, мен былай жасаймын деп айтып көрмеппін. Сырт қараған кісі үшін дене шынықтыру сабағынан беретін мұғалімдерге, сіздер балаларды жүгіртіп, секіртіп, ойнатып өткізесіздер,-оңай шығар деген әңгімелер естисіз. Әрине әр пәннің өзіне лайықты қиындығы бары рас. Оны соны басынан өткізгенде ғана түсінер. Қысы- жазы балалармен бірге жүгіріп-секіріп жүріп сабақ өткізгенде неге басқа пәннің мұғалімі болмадым,- екен дерсіз. Дегенмен бұл менің таңдауым. Алғаш дзюдан жарыстарға қатысып жеңістің тәтті дәмін таттқанда осы өнерге балаларды баулып, шәкірт тәрбиелесем екен деген арманымның қалай  орындалатынын терең түсіне алмадым. Ауылда ондай мамандыққа үйренуге болады, оқуға болады дегенде ойланбастан осы мамандықты таңдадым. Осы уақытқа дейін қанша шәкірт тәрбиеледім. Өзім осы спорт түрінің шебері, тәуелсіз төреші атандым. Шәкірттерім аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда алдыңғы қатардан көрініп, жүлделі оралып жүр. Гимназиямызда облыстық семинарлар жиі өтіп тұрады. Тәжірибе алмасу үшін еліміздің әр облысынан келген ұстаздарға ашық сабақтар көрсеттім. Өнер кафедрасының құрамына кіретін болғандықтан әріптестеріммен бірігіп спорттық жетістіктерімізге байланысты үнемі үлкен көрнекі банерлер жасап іліп отырамыз. Сайыстарға көп қатысатын болғандықтан жиі ауыстыруға тура келеді. Ұстаздар, яғни әріптестерім де өз спорт түрі бойынша сайыстарға жиі қатысып, мектеп қоржынын жүлделермен толтырудан жалыққан емес. Футболдан мектеп жастар командасы Оңтүстік Корей еліне дейін барып финалдық сайыста ойнап, өнер көрсетіп келді. Таеквонда, дзюдо, волейбол, қазақша күрестен жеңімпаздар өте көптеп өсіп келеді. Гимназиямызда баскетболдан қыздар командасы жұмыс істейді. Теннистен мұғалімдер арасында бірінші орынды бірнеше жыл қатарынан ешкімге бермей келеміз. Біз бармаған қала, ел, мектеп қалмады,- десем артық айтпаған болармын. Осындай нәтижелерді көріп тұрып, басқалай әңгіме айта алар ма едім? Мектебіміздің «Балауса» би тобы да жүлделі орындар алады. Бұл тұста да дене шынықтыру пәні ұстаздарының қосқан үлесі бар деп ойлаймын. Шыдаған адам төзген адам ғана ұстаз болады. Бұған қоса осы заманға лайық жаңа технологияларды пайдаланып, жаңаша бағалауды пайдаланып сабақ өтуіңіз керек. Бұл тұста бізге кішкене болса да жеңілірек сияқты. Себебі үнемі топқа бөліп, командаға бөліп жарысып ойнағандықтан ұпайлар жинап, оны бағаға айналдыратын шәкілдер арқылы жүзеге асады. Ойындар мен жаттығулардың қиындығына байланысты критерийлер мен шәкілдер ішінара өзгеріп отырады. Балалардың өз арасынан төрешілер сайлап, капитандарға ерік берсеңіз тіптен қызық болады. Дамыту жаттығулары балалардың жас ерекшелігін ескере отырып таңдалады. Елімізге бүкіл әлемге аты танымал болған спортшыларымыз жайлы слайдтар жасап келіп сабақта презентациялар көрсетемін. Қысқа метражды фильмдер тамашалау арқылы балалар жеңістің қандай дайындықпен, қиындықтармен келетінін түсінеді. Бірақ ол еліміз үшін үлкен мәртебе екенін де ойлайды. Өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері артады- деп ойлаймын. Сабақтан басқа әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды. Тоғызқұмалақ, шахмат, шашка, дойбы, би үйірмесі. Өнер кафедрасының апталығы апталық емес декада болып өтеді. Себебі іс-шаралар көп болады. Әртүрлі сайыстар, ойындар, интеллектуалды ойындарға балалар ұйымшылдықпен қатысады. Ата-аналарымен бірге қатысатын ойындар да оқушыларға ұнайды. Ата-аналар да белсенділік танытып балалардың қызығушылығын арттырады. Соңында жеңімпаздар марапатталып жабылу мерекесі өтеді. Осындай игі істер өз ретімен қайталанып келіп жатады. Ал біздер, ұстаздар қауымы әркез оларды қайталамай жаңа бағдарлама құрастыруды ойланамыз.

Алтаева Күлайхан Майрашқызы,

Әл- Фараби атындағы ДБАГ, дене шынықтыру

пәнінің жоғары санатты мұғалімі, тәуелсіз          төреші, дзюдодан ҚР

спорт шебері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика