Кең дүние, жүрек болып кеудеме енші менің

Набиева С.М

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Кең дүние, жүрек болып кеудеме енші менің» атты поэзия  кешінің  жүрісі:

1 жүргізуші : Құрметті ұстаздар,оқушылар!  Шындықтан туған шынайы поэзия иесі, қазақтың қара өлеңін асқақтатып, қайталанбас  құбылысқа айналған ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толды.

2 жүргізуші : Хан тәңіріндей асқақ ақынның сәулелі рухты жырларымен тағы да бір сусындау үшін ұйымдастырылып отырған «Кең дүние, жүрек болып кеудеме енші менің» атты кешімізге хош келдіңіздер !

1 жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың арқалы ақыны ұрпағына өлшеусіз баға жетпес мұрасын қалдырып кетті. «Өшеді өлең немесе көшеді өлең» деп пайымдағандай, өзі жарық дүниемен қоштасқалы қаншама жылдар жылжып өтсе де өлеңдері бүгінгі егеменді еліміздің еркін аспан, азат дала, асқар тауларында қырандай самғап, рухани керуеніміздің көш басында келеді.

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»  Ақынның өмірбаяны туралы видеоны тамашалау

2жүргізуші: Мазалай бер,мазала,

Тыным берме

Әбігерге сала бер, ұрын кел де

Желпіп жібер шаттықтың шәйісімен

Бүкіл мына ғаламның мұңын бер де.

1 жүргізуші:   Тағы, тағы,

Тағы да ,тағы да кел,

Ағыла бер,жырларым,ағыла бер,

Бағына гөр,жүрегім,бағына гөр

Анда-санда қаныңды бір тасытқан

Сағына гөр жырыңды,сағына бер.

2 жүргізуші:  Шалқы, менің шұғылам көк белдеуде,

Көпір бол да,тартып ал,көк пен жерге

Нөсерлетіп, сөндір де таста мені

Баяу жанып бара атса от кеудемде.

1 жүргізуші :  Соқ,соқ,жүрек!

Соқ,жүрек, қозғал миым,

Ми қозғалмай ойды да  қозғау қиын.

Жырсыз өмір –мен үшін өмір емес,

Жырсыз өмір- мен үшін тозған бұйым.

Енді кезекті ақын өлеңдерін мәнерлеп оқитын оқушыларға береміз.

Бұл бөлім «Жүрегімнің айтқанымен өмір сырын жырлаймын» деп

аталады.

    2 жүргізуші :    Жалғасы бар, жырымның  жалғасы  бар

Жылдарым  жылдарыма  жалғасыңдар

Сел  жырым  ақтарылса  арнасынан

Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар

Жалғасы бар, жырымның  жалғасы бар

деген  Мұқағали  атамыз неткен көреген еді. Ақын жыры өзін пір тұтатын, өмірді өлеңмен     өрнектеуге  құштар өрендермен  жалғасуда. Енді «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» атты бөлімімізде  оқушылар ақынға арнаған өз туындыларын  оқиды.

1 жүргізуші : Мұқағали  ақынның поэзиясы бүгінде  әнге айналды.Оның  сөзіне жазылған әндер қаншама. Әндері  халық  жүрегінен  берік орын  алып қуанышы мен қайғысын бөлісетін жансерігіне айналды.

2 жүргізуші : «Есіңе мені алғайсың» бөлімінде оқушылар ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындайды

1 жүргізуші : Жаратқан  жанымды менің  алсаң, алшы

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали  жоғалса  қайтер дейсің,

Артымда қалсын жерім,қалсын елім.

2 жүргізуші: Осы мен осылай  мәңгілік тұрармын

Өмірім сірә әріден басталған

Осы мен өлмейтін, өшпейтін шығармын

Сәл ғана мызғып ап тұрармын

Өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы ,сезім сырлары  қатар  өрген  өлең жолдары өзімізді әрқашан  баурап  жүретін ақын рухына бас ие отырып, осы кешімізді аяқтап әділқазыларға сөз береміз

Ақиық ақын  Мұқағаи Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына   арналған    «Кең дүние, жүрек болып кеудеме енші менің»   атты поэзия кеші

Жоспары:

  1. 1. «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім»

Ақын өмірбаянымен танысу видео арқылы

  1. 2. «Жүрегімнің айтқанымен өмір сырын жырлаймын»

Мәнерлеп оқу сайысы

  1. 3. «Есіңе мені алғайсың»  

          Ақын өлеңдеріне жазылған әндерден байқау

  1. 4. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап»

          Ақынға арнау .Оқушылар өз туындыларын оқиды.    

  1. Қорытынды Қатысқан оқушыларды марапаттау                                                          [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *