«Кім боламын?»

Тексерілді:
Күні: 20.04.2017жыл
Сыныбы: 1 «Б»
Пәні: Тәрбие сағаты
Тақырыбы:  «Кім боламын?»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа  байланысты ұғымдарын тереңдету
Күтілетін нәтижесі: Мамандықтар туралы түсінік қалыптасады

Мамандықтың пайдасы мен ерекшелігін ажыратады

Мамандығын таңдап, болашағын байланыстырады

Жұмыстың түрі: Топтық жұмыс
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Постер қорғау, сұрақ-жауап,әңгімелеу, жеміс ағашы
Қажетті құрал-жабдықтар:  А4 қағаздар,мамандықтар суреттер, постерлер,аудиожазба,маркер, желім,стикер  т.б
Кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: Ресурстар:
1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата – аналарың, аға – апаларың,  қандай мамандық иелері? 

Оқушыларды мамандыққа байланысты топтарға бөлу

Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар мамандыққа байланысты топтарға бөлінеді

1-топ: «Дәрігерлер»

2-топ: «Мұғалімдер»

3-топ: «Құрылысшылар»

4-топ: «Әртістер»

 

 

Шаттық шебері

 

 

2.Өткенді пысықтау:

(Білу кезеңі)

 

Мамандықтың  бәрі  жақсы. Тек   оны жүрек қалауымен таңдай  біл.Сонда  ғана  сенің    сол  мамандыққа  деген қызығушылығың   артады. Осы мамандықтың барлығы ұлы тұлға –ұстаз алдынан өтеді.

Ұстаз  болу  -жүректің  батырлығы

Ұстаз  болу –сезімнің  ақындығы

Ұстаз  болу –мінездің  күн  шуағы

Азбайтұғын адамның    алтындығы – демекші дана,экономистте,  дәрігерде  бәрі – бәрі де  сөзі маржан,үні  әнші де  ұстаз  алдынан  өтеді. Ғылым  иесі  ғалымда , ел  қорғаған   батырда, тілінен  бал  тамған  ақында , егін  салған  диқанда, мал  бағып,терін  төккен  шопанда, көк  күмбезінен  әрі  өткен  ғарышкер бәрі – бәрі   ұстаздан  тәлім  алады

—          Ендеше балалар тақтадағы мамандықтар туралы не білеміз?

 

Тыңдайды, түсінеді, айтады

Мамандыққа шолу жасайды

 

Маман дықтар суреті
3.Қызығушылық-ты ояту:

(Түсіну кезеңі)

 

—          Сендер өскенде кім болғыларың келеді?

—          Қандай мамандық иесі болғыларың келеді?

Дәрігер: 

Ақ халатты абзал жан,

Дәрігерге бәрі таң

Емдеп жазып ауруды ,

Дәрігер болғым келеді.

Әскери

Келешекте ел қорғайтын

Еліне бақыт сыйлайтын,

Жамандыққа елін қимайтын

Әскери мен боламын.

Боксшы:

Болашақта мен боксшы боламын,

Жалықпай жаттығамын күн-түн демей.

Әлемге елді танытқан,

Серік ағам сияқты мен боксшы боламын

 Инженер: 

Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Жолын қуған әйгілі,

Академик ағаның.

Ақын:    

Ал мен ақын боламын, Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін, Жырмен жаулап аламын.

Суретші:

Суретті керемет салатын,

Суретші мен боламын.

Абілхан атам сияқты

Сурет жолын қуамын.

Темір жолшы:

Жұмысым қиын білемін.

Қиын болса да төземін.

Жүйіткіген пойыздың,

Мен жолдарын жөндеймін.

 
4. Мағынаны ашу:

(Қолдану кезеңі)

Сергіту сәті

 

Топтық жұмыс

1-топ: еңбек туралы мақал-мәтел жазады

2-топ: Кім болғың келеді? Шағын әңгіме құрайды

3-топ: жауабын суретпен сәйкестендір

4-топ: маман иелерінің заттарын тап

 

 

Ән: «Қошақан»  рэп жанрда орындайды

 

Қағаздар, маркер, суреттер

5. Тақырып бойынша орындалатын жұмыс түрлері:

(Талдау кезеңі)

 

Ойын: «Қай мамандық иесі?»

1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты.
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді.
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген.
5) Ожауы бар қолында                  Кімді айттым ойымда?
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды.

 

Балалар сұраққа жауап береді

Мұғалім

Дәрігер

Тігінші

Ғарышкер

Аспазшы

Полиция

 

6. Қорытынды Елбасы Н.Назарбаев  білім  алу  үшін  барлық жағдайға  жол  ашқан .

Міне  сол  білімді   саналы түрде игере  отырып,Отанымыздың бір       тетігіне сапалы  маман  болып            қалану- біздің басты парызымыз.

Бүгінгі сабақта мамандықтың қыр сырын меңгере отырып, болашақта кім болғың келеді?

 

Балалар болашаққа таңдаған мамандығымен ой бөліседі

 
7.

Рефлексия

«Жеміс ағашы» әдісі Оқушылар бүгінгі күннен  алған әсерлерімен бөлісіп, тілек жазады стикер
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *