Кіші жүздегі тәуелсіздік үшін күрестегі Жақсы ханым ролі

24+Қазақстан Респуликасы

Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Бегалиев атындағы орта мектеп

Ғаділова Бибінұр

Бауыржанқызы

10 сынып

Кіші жүздегі тәуелсіздік үшін күрестегі Жақсы ханым ролі.

Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат  маршруттары.

 

Секция:  тарих

Жетекші:

Қабдолова  Клара

Жексенбайқызы

жоғары санатты

тарих және

құқықтану

пәнінің мұғалімі

 

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Қазақтың     көрнекті   тұлғасы деп тануға тұратын қазақтан шыққан өжет қыз, хан серігі, ханша, әулет қамқоршысы, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген Жақсы ханым Пірәліқызы, Арынғазы Әбілғазыұлының зайыбы   турасында деректер бере отырып,   көпшілікті таныстыру, есімін еліміздің   өмірімен байланыстыра көрсетіп, тұлға  ретінде тарихтан алар оның көрсету.

Гипотеза  (болжам)

Болашақта  қазақ тарихындағы тарихи тұлғаларды таныстыру   бағыттарын айқындау; ХХI ғасырда  еліміздің  әлемге танылуына үлес қосу;  Жоба кейіпкерімнің іс-әрекеттері    туралы  қоғамдық ой қозғау. еліміздің     болашағына болжам жасау арқылы тарих жолын  таңдаған ізденушілерге көмек  жасау.

Зерттеу барысы: Тақырып таңдап,оны нақтылап іздену  бағытында  аймақтарын белгіледім; Ғылымиа,көркем әдебиеттер мен қосымша   деректер жинастыру,  күнделік жүргізіп,алғашқы жасаған жұмыстарымды тіркеп,жетекшіден бағыт алып отырдым;  ғылыми жобаны нақты  мақсатпен   жетілдірудемін.

Жобамның эксприменттік әдістемесі: Қазіргі кездегі ақпараттық технологияға негізделген жүйемен  интернет желісінен зерттеуге алып отырған  тарихи тұлғамыз туралы мәліметтер алып, жүйелеп, жоба мәтінін құрастырдым. Қазақтың батыр аналарының бірі,бұрын танылмаған тұлға жәйлі жергілікті өлкеден шыққан Ұлжан Ахметованың деректемелеріне сүйене отырып,Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында басылым беттеріне хабарлар жолдап, Жақсы ханым  тұлғасымен оқушыларды,қалың көпшілікті таныстыру арқыл  тәрбиелеуге үлес қосу.

Зерттеуімнің жаңалығы және дербестік дәрежесі: Өткен ғасырда өмір сүрген,ұлт тарихында елеулі із қалдырған, жоғалып табылған жәдігер, қилы заманды басынан кешкен тұлға, халқына  ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал ана,қазақ  тарихының мақтанышы болған Жақсы ханым есімін жаңғыртып,халқымен қайта қауышуына ықпал ету.

Жұмыс нәтижесі: Әртүрлі дерек көздерінен алынған  мәліметтер негізінде заңгердің ғылыми-шығармашылық мұрасы туралы  жинақ құрастыру,оқу бағдарламасына негіздеп ұсыныстар  дайындау және оны жүзеге асыру.

 Қорытынды:  «Қайран біздің аналар,арды ойлаған!» тақырыбымен арнаулы   жинақ құрастыру; ұлы даланың   тарихта тануға лайық тұлғасы Жақсы ханым  жайлы  шағын кітапша  шығару; Өзіндік жоба негізін   тұлғасын танымдық – тәрбиелік шаралар арқылы оқушыларға  насихаттау;

Қорытындының практикада қолданылу бағыты: Қазақ елінің   тарихында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу  абзал    тұлғалармен қатар аналардың  болғандығын, олардың  да  елі үшін атқарған қызметін дәріптеу; Тарихта есімдері аталған тұлғалардың қатарында  Жақсы ханымды да қазақ   мақтанышы деп тануға   болғандығын нақты деректермен көрсету.

Жоба дерегі арқылы болашақтағы тарих парақтарына жаңа бір есімді енгізіп.оқулық деректерін толықтыра түссем деген ұсынысым бар.

 

Annotation

The aim research: Giving information about the first Kazakh distinguished representative of law Zhakyp Akbayev to introduce his professional and scientific works to the people and  show his place in History  as a veteran of the Alash movement.

Hypothesis:  To elucidate the directions of human rights activists preparations in future. To draw conclusions about expectant Kazakh lawyers’ activity system in XXI century which can represent our country to the whole world.  To get to know the public opinion about the holder of a law  master’s  degree Zhakyp’s activity through prediction for the future of country’s rights history to help the young researcher chosen jurisprudence.

The Procedure of the research: Chosen a theme, I’ve marked a definite zone in the process of my research. I’ve looked through necessary literature and found additional information in internet. I’ve registered my first practicable work in a diary and got a real direction from my teacher. I work on my science project with the definite purpose.

Method of Experiment: Based on the facts and information taken from different sources of literature and internet I have made up a content of my project work. I’ve informed on the pages of newspapers about the heritage of Kazakh first master’s degree and put definite contribution in bringing up rights competence.

Newness: To renovate Zhakyp Akbayev’s name – the pride of our country‘s rights history who lived his life in last century, left his significant trace in the history  of the nation, gone through severe burden of the century, devoted all his life to his folk. To reveal his lost and found legacy for the people.

Result of the work: On basis of the different source of information to make up a collection about the lawyer’s scientific – creative heritage. Based curriculum to prepare proposals and carry it out.

Conclusion: To make up  a special collection connected with the theme  “Basis of our future in our past” according  opinions of Kazakh lawyers. To issue a small brochure about law master’s degree, historical personality of the law Zhakyp Akbayev. To propagandize the pupils the name of great person Zhakyp Akbayev through cognitive and upbringing events.

Practical application:  To propagandize Zhakyp Akbayev’s activity, which he had done for his folk and show his role in history on the basis of hard facts.

Мазмұны

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім:

ІІІ.Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі.

Ү. Қосымшалар.

                                               Кіріспе.

Тарихтың ешқашан да  саяси жағдайға байланысты ұмыт қалдыруды мойындамайтындығын ескерсек, өткен ғасырда өмір сүріп, ұлт тарихында елеулі із қалдырған, халқына ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал  аналардың болғандығын  сарғайған құжаттар дәлелдеп отыр. Халқымыздың ғасырларға созылған  азаттық үшін күресіне өр мінезді аналардың, өжет қыздардың да қатысқандығын, тәуелсіздік деп аталатын қасиетті ұғымға үлес қосқандығын деректер арқылы бүгінгі ұрпақ санасына жаңғыртып, жаңартып сіңіру және болашаққа жеткізу борышымыз. Өз  тарихымызға деген құрмет пен сүйіспеншілік қағидасын бойға сіңіруге үйрету және үлгі алуға үндеу тарихи тұлғалардың өмірбаяндары мен қызметтері арқылы туған халқы мен Отанына адал да риясыз  қызмет ету үлгісіне айналып жүрекке ұялайды.Олардың ойы мен армандары қазіргі жас тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасында жүзеге асуда. Барлық тарихтағы сияқты қазақ  тарихында да  аталған есімдердің бірін алға шығарып, екіншісін кесіп тастауға болмайды. Олардың арасында  тарих өз ризашылығымен бағасын беріп, еліміздің  дамуына  бар саналы ғұмырын арнаған,саясатқа ерлермен бірдей араласқан,   аналық тұлғасы мен іскерлік көрегенділігін көрсеткен Бопай, Орын, Айғаным,Жақсы  ханымдарды мақтанышпен атап өтуге болады.Жобамның кейіпкері Жақсы ханым тұлғасы арқылы тарихқа құрмет көрсету, елдің азаттығын сақтау, әулеттің бірлігі мен татулығын  көз қарашығындай қорғау,туыстық қатынастар желісін үзбей ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру сияқты  қасиеттерді  үйренудің   уақытта маңызы.  Ғылыми жоба жұмысында  қазақ  қоғамының  тарихында  елеулі орын алатын, ел  өмірінің сынға түскен күрделі кезеңінде үлкен көрегенділік танытқан,азаматы Арынғазы Әбілғазыұылына үнемі қолдау көрсетіп,оның ісін жалғастырушы саясаткер ретінде танылған,бірақ шын мәніндегі өзіне лайықты бағасын ала алмай келе жатқан тұлға  туралы мәліметтер беру; еліміздің тәуелсіздікке  жетуіне  өзінің барлық саналы ғұмырын арнаған Жақсы ана   есімін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Оның өмірі мен өнегелі істері қазақ   тарихында өз орнын алмаса, еліміздің  тарихы толыққанды болып есептелмейтіндігі анық. Ғылыми жоба міндеті: халқымыздың  есімдері ескірмейтін ұлы  перзенттерінің қатарындағы аналардың  қоғамдық-саяси қызметтерін насихаттау, өркениетті әлем қатарына ену жолында төл   тарихымыздың өткен тәжірибесін жинақтап таныстыру,ғылыми құжаттар көшірмелері,үзінділер, ғалымдар пікірлерінен сілтемелер жасау, ізденіс нәтижесімен  өзіндік зерттеу   жұмысын жүргізіп, ұсыныс дайындау.Қазақстандық қоғамның жаңа тарихының   рәсімделулерінде  Жақсы ана мұрасының кәдеге жарары сөзсіз екендігін дәлелдер арқылы  таныстырып, факультативтік сабақтар бағдарламасына  енгізуге ұсыну.

 

Негізгі бөлім:

Саналы  өмірін  ұлтына арнаған, Ресейдің қитұрқы саясаты кезінде тарих сахнасында  ерлермен бірдей саяси істерге араласқан аналардың бірі- Арынғазы Әбілғазыұлының жары-Пірәліқызы Жақсы ханым. Ол  Кіші жүз ханы Нұралының екінші ұлы, түркімен ханы Пірәлінің қызы. Ата дәстүр бойынша Әбілғазы хан Кіші жүздегі Әбілхайыр хан мен Батыр хан аралығындағы құдандалық-туыстық қатынасты жалғастырып, ұлы Арынғазыға Жақсыны  алып берген. Арынғазы ханның төрт әйелі болған: Жақсы ханым, Ұлтуған (шын аты Айтолқын деседі), Топық және жоғарыда аталған Мәдина, толығырақ аты-жөні — Мәдина Хасанқызы. Арынғазы төрт әйелінен үш перзент сүйген: Айтмұхаммед (мұрағат деректерінде — Аймұхаммед), Тұрмұхаммед және Фатима, сонымен бірге інісі Нұрымның баласы Мұхаммедқазыны бауырына басқан. Жақсы ханым — өз ортасында беделі жоғары болған, Арынғазы шаңырағына қорған бола білген адам. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, дәстүрлі хандық басқарудағы соңғы өзгерістерді Жақсы ханым жан жүрегімен сезіне білген. Әсіресе,  Кіші жүздің оңтүстігіндегі Сыр бойындағы қазақ руларына соңғы  жылдары Хиуа хандығының зорлық-зомбылығы, Арынғазы ханға қойған талап-тілектері ерекше әсер етеді. Хиуа ханы Мұхаммед Рахымның тарапынан қысымның күшейген шағында Жақсы ханым  Арынғазы ханның ел басына түскен небір қиыншылықтарға  қарамастан, Сыр бойындағы қазақтарды Кіші жүзден бөлмеу,керісінше бірлікте ұстау саясатына нық қолдау көрсетеді.[1] Кейін Жақсы ханымның беделі өзімізге белгілі Әбілқайыр ханның зайыбы, Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымнан, Нұралы ханның қызы Тойқарадан кем емес деңгейде болды. 1820 жылғы хиуалықтардың  Сыр бойындағы қазақ руларына қарсы жасаған қанды шапқыншылығы  елімен бірге Арынғазы хан отбасының тағдырына да терең із қалдырады. Хиуа ханының 1820 жылы 25–ақпанда Сыр бойындағы қазақ ауылдарына тұтқиылдан жасаған шабуыл нәтижесінде 350-дей адам өліп, 802 қыз-келіншек, 233 қарт аналар қолға түседі. Қазақ руларынан түйе, қой, жылқы  малдары көптеп айдап әкетіледі.Тұтқындар ішінде Арынғазының анасы,інісі Нұрым сұлтан,оның әйелі,ұлы кетеді. Бұл оқиға туралы орыс зерттеушісі Е.К. Майендорф Арынғазының отбасынан 48 адам хиуалықтар қолына түсті десе, Арынғазы Әбілғазыұлы 1822 жылы сәуір айында І Александр  патшаға жазған хатында  үлкен-кіші бауырларынан 33 адамды хиуалықтардың алып кеткендігін  көрсетеді. Осындай қиын сәтте Жақсы ханым Арынғазы ханның бүкіл Кіші жүз бен Орта жүздің ел игілерінің басын қосып, Хиуа озбырлығына қарсы күш біріктірудегі әрекеттеріне көмектеседі. Оған Нұралы ұрпақтарының үлкені ретінде Жақсы ханымның  немере  ағалары Қаратай сұлтанның, Әлімұлы руларының бір бөлігін билеген Темір Ерәліұлы сұлтанның, өзге де ел басыларының  Арынғазы  ханмен пікірлес болғандығы дәлел. Азаттық үшін арпалысқан заманда ханды  ханшаның  рухани жағынан қолдап көмектесіп, демегені қай қазаққа да үлгі емес пе?! Патша үкіметі Әбілқайыр мен Батыр хандардан тарайтын ұрпақтарды өзара қарама-қарсы қойғанымен, ХІХ ғасырдың басында олардың қазаққат ортақ мәселеде бірлесе қимылдағаны анық байқалады. Арынғазының әкесі Әбілғазы хан да ата дәстүрі бойынша Бөкей ханмен үнемі байланыста болған. Жалпы, қай кезеңде де кіші жүзді билеген Әбілқайыр, Батыр ұрпақтары өз жерлерінің тұтастығын сақтауға бар күшін салды. Арынғазы хан — Қазақ Ордасының негізін қалаған Жәнібек ханның Жәдік  сұлтаннан тараған тікелей ұрпағы. Арынғазы ханның дүниеге келген жылы — 1786 жыл. Оның атасы — Хиуаны билеген Қайып хан, ал әкесі — Сыр бойы қазақтарының билеушісі Әбілғазы хан. Арынғазы бейнесін Ресей зерттеушілерінің пікірлері арқылы елестетер болсақ, капитан Е.Мейендорф былай дейді: «Сұлтанның бет-әлпеті әдемі, үлкен, сұлу қара көзді, сырт пішіні келбетті және салиқалы көрінеді. Бізге ол кең түрде пайымдай білетін, парасатты адам ретінде әсер қалдырды». Сыртқы істер министрлігінің аудармашысы Я. Ярцев 1821 жылы 24 қарашада Азия  департаментінің директоры К. Родофиникинге Арынғазы туралы: «… ол Шығыс үлгісінде білім  алған. Оның білімі арабша оқудан әрі аспайды. Дегенмен ол өте ақылды, ойлау қабілеті жоғары. Оның сөзі жағымды, сенімді және әрқашан да паңдана сөйлейді. Ол қашан да қайырымды, қолы ашық және әрдайым кім-кімге де  көмектесуге даяр тұрады» — деп жазды. Ал Л. Мейер Арынғазыға: «Ел билеуші сұлтандар арасындағы қазақтың жалғыз жанашыры, адал патриоты» — деп баға берді.[?] Бұл үш үзінді — кезінде орыс және шетелдік зерттеушілер тарапынан қағазға түсіріліп, сақталып қалған пікірлердің бір парасы ғана екен. Зерттеушілердің, патша шенеуніктерінің Арынғазыға деген қызығушылығының соншалықты жоғары болуы қазақ арасында оның атақ-даңқының, беделінің  асқақтап тұрғанын көрсетсе керек.1815 жылы шекті рубасылары Арынғазыны хан көтерді. Хан көтеру рәсімі Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында, Жанкент қаласы маңында өткен. Бұл — патша үкіметі бар, Хиуа, Қоқан хандары бар, яғни сыртқы күштердің қазақ сұлтандарын бір-біріне айдап салып, талас-тартысты қыздырып тұрған кезі болатын. Хан  атанған сәттен -ақ «Арынғазы Әбілқайыр хан ұрпақтары — Нұрәлі, Ерәлі, Пірәлі хандармен, Орта жүздегі Батыр хан ұрпақтары — Жантөре Жиһангерұлы, Жұма Құдаймеңдіұлы, Баба Қайыпұлдарымен, Сырым батыр ұрпақтарымен, Бұхарадағы  мұсылман діни өкілдерімен келісімге келіп, елді біріктіру жұмысын бастап кетті. Сөйтіп, ол ХІХ ғасыр басында мұндағы рулар  арасындағы тартысты өзінің батылдығымен тоқтата білді. Бұл бағытта хан әдет-ғұрып және шариғат заңдарына сүйеніп, араздықты тудырушы кінәлілерді көпшілік алдында өлім жазасына кесуге дейін барды», -деп көрсетеді.[3] Ал тарихшы Мұрат Әбдіров Кіші жүз қазақтары оны «Тыным хан» атаған, яғни елге тыныштық әкелген хан санаған дейді.[4] Арынғазы хан саясатын қолдаушылар оның айналасына топтаса түсті. 1816-1819 жылдар аралығында Кіші жүздің барлық дерлік рулары, сондай-ақ, оларды қолдаған Орта жүз және Ұлы жүз руларының өкілдері бар, ел игілері Арынғазыны  Кіші жүз хандығына ұсынып, Орынбор мен Санкт-Петербургке төрт хат жолдаған. Арынғазының мұндай беделге ие болуы, әрине, патша тағайындаған Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлына  ұнамаған. Ол өз тарапынан әрекеттеніп, Арынғазыны Ресей мен Хиуа арасындағы қарым-қатынасқа, саудаға кесірін тигізіп отырған, қауіпті тұлға ретінде көрсеткен. Өз кезегінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті І Александр патшаға қазақтардың бірлігін көксеген, айбынды Арынғазының империя үшін тиімсіздігін дәлелдеп, оны хан дәрежесіне  бекіттірмеуге  күш салды. Сөйтіп, 1821 жылдың көктемінде, Ресей Сыртқы істер министрлігінің астыртын жоспарына сай, Арынғазы Санкт-Петербургке аттанды. Өзі, елі бұл сапардан үлкен үміт күткен еді. Ал патша үкіметі ондай «қауіпті» тұлғаны хан дәрежесіне бекіту былай тұрсын, тіпті еліне жібермей, алдымен Санкт-Петербургте ұстап, кейін Калугаға жер аудару керек деп шешті. Онымен бірге еріп барған елшілер ғана бірте-бірте елге қайтарылды.Жұрты Арынғазыны асыға күтті. 1822 жылдың 21 сәуірінде Кіші жүз рубасылары патшаға хат жолдап,  Арынғазыны хан етіп тағайындап, елге қайтаруды сұрады.  Патшадан жауап болмады. Кіші жүздің батыр-билері Арынғазының қайтарылуын талап етіп, орыстарға қарсы қақтығыстар да ұйымдастырды. Солардың бірі — атақты Бөкенбай батырдың  немересі, табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы. 1822-1825 жылдардағы Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске табын, тама, адай сияқты кіші жүз рулары қатысты. Ұрыстардың бірінде ол Орынбор казак әскерлерінің есауылы Падуров пен прапорщик Медведевті тұтқынға алып, «бұларды Арынғазы хан қайтарылған соң ғана босатамын»,-деп мәлімдеген. Арынғазы Калугаға 1823 жылы жіберіліпті.   Онымен бірге інісі Елжан, әйгілі Сырым батырдың баласы Жүсіп би 1821 жылдан Санкт-Петербургте, 1823 жылдан Калугада қасында болды. Калугада жүрген Арынғазы хан әрдайым отбасының қамын ойлаған. Мүмкіндігінше көмектесу үшін орыс үкіметінен балаларына арнап жәрдемақы беруді өтінді.Бірақ патша үкіметі бұл өтінішті артық санады. Жүсіп би 1828 жылы (кей деректерде – 1829 жыл)  19 ақпанда Орынборға, одан әрі еліне кетуге рұқсат алған тұста Арынғазы сұлтан жолдасына отбасына жәрдем жасауын тапсырса керек.  Арынғазы ханның  Калугага жер аударылғаны ұзақ уақыт бойы құпия сақталған. Бәйбішесі Жақсы ханым Орынбор генерал-губернаторы П.К. Эссенге қайта-қайта хат жазған. Көп уақытқа дейін оның хатына «Арынғазы Петерборда» деген жауап келеді.   Жақсы ханым  Арынғазы жанына баруға рұқсат сұраған-ды.  Алайда, оған да нақты жауап берілмейді. Жақсы ханым өле-өлгенше «Арынғазы Петербордан келеді» деген үмітпен оның шаңырағының отын өшірмеді. Жақсы ханым сұлтанның Санкт-Петербургтен қайту мерзімі ұзара бастаған сәтте-ақ Орынбор губернаторы П.Эссенге хат жолдап,Арынғазының елде бала-шағасы қалдырғандығын ескертумен болды.1824 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы полковник Г.Ф. Генске Шекті руының Әбілманих Әбілпейізұлы: «Мен 5 шілдеде Арынғазы хан ауылына келгенімде ауыл Жайық өзенінен 45 шақырым жерде,Ерәлі би Шерәліұлы мен Шүкірәлі қожа Сұлтанмұхамедұлымен бір жерге тұрақтаған. Арынғазының ауылы штаб капитаны Тафаевтың әскери лагерінен 5-6 шақырым жерде орналасқан.  Арынғазының ауылына  жиналыс жасап,орыс әскерлері тиіспейді,көшпеңдер деп хабарладым.Әйтседе, түнде ұйқыдан  хан  Арынғазының  әйелі Жақсы ханым оятты.Оның хабарлауынша, Шекті-шүрен мен қарақияттықтар Тафаев отрядының кері қайтуына жол бермей жатыр.Отряд оқ атуға дейін барған.Қорыққан қазақтар түнде үдере көшіп кеткен. Тек Арынғазы хан ауылында 60-тай түтін қалған. Жаманша  Санамасұлының  «Орыстардан қазақтарға ешқандай пайда жоқ»дегенін естідім.» Осындай деректер арқылы 1824-1825 жылдары орыс үкіметі Арынғазы хан ауылы мен туыстары  үнемі хабар алып тұрғандығы байқалады.Мұрағат құжаттарының негізінде Арынғазы хан ауылында Жақсы ханыммен бірге  сұлтандар: Н. Әбілғазұлы,С. Әбілғазыұлы,Әбілпейіз,Есен,Өтеп Жолбарысұлдары, Сырым,Тілеген Әбілғазыұлдары, Мұхамедқазы, Тұрмұхаммед, ВимаметАрынғазыұлдары тұратындығы айтылған.[Ұ.А.-124 бет]

Тағдыр Жақсы ханымға Арынғазыдан ұрпақ сыйламады.Орыс деректері бойынша Арынғазы  Е.К. Мейендорфтан Жақсы ханымды емдету үшін дәрі-дәрмек сұрағандығын айтады.[1] Жақсы ханым Арынғазының інісі Нұралының    Мұхаммедқазы атты ұлын бауырына басады. Толық аты-жөні — Мұхаммед-Хұсайын Арынғазиев. Арынғазының елде екінші әйелі Ұлтуғаннан-Айтмұхаммед, үшінші әйелі Топықтан-Тұрмұхаммед атты ұлдары қалады.Сөйтіп, есіл ер елден шеттетіле берді. Арынғазының 1831 жылы қараша айында орыс патшасы І Николайға, желтоқсан айында К.К.Родофиникинге жазған хаттарында: «Еліме қайтарыңыз, ең болмағанда, Мәскеуге көшіріңіз”, деген өтініштері тіпті назарға алынбады. Арынғазы елде қалған бала-шағасы туралы соңғы рет патшаға 1832 жылы 17 қарашада білдірді.Соның алдында елдегі Жақсы ханымнан хат алған Арынғазы хан тағы да отбасына алаңдап, «патшадан ауылына жіберуін», «Кіші жүздегі әйелдері балаларына  көмек көрсетуін» өтінді. Соңғы жылдарда ханның жанында Елжанмен бірге онымен 1829 жылы қосылған татар қызы Мәдина Хасанова ғана қалады. Мәдина 1833 жылғы мамыр айындағы Азия департаментіне жазған хатында Арынғазының елге деген сағыныштан ауру болғандығын хабарлады. Осы әйелдің қажырлы талпынысымен орыс әкімшілігі 1833 жылы 21 тамызда кепіл иелерін Мәскеуге көшуге бұйрық шығарды. Бірақ арада екі күн өткеннен кейін Арынғазы дүние салды. Арынғазы ханның қайтыс болуы оның отбасына ерекше әсер етті. Оны жерлеу үшін Мәскеуден арнайы молда шақырылып, 28 тамызда денесі Калуга жеріне берілді. Сөйтіп, қазақтың біртуар азаматының сүйегі империялық пиғылмен уланған саясаттың құрбаны болып, Отанынан тысқары жерде мәңгілікке қалды. Тұтас бір халықтың ертеңге деген жақсы үмітін  оятқан айбынды хан Калугада титтей төмпешік болып қала берді, кейін есімі Калуга тарихына бір ғана сөйлем боп еніпті.Жақсы ханым Арынғазы ханның сүйегін елге әкелу үшін біраз жұмыстанады. 1835 жылы 25 наурызда Орынборға тағайындалған жаңа губернатор В.А.Перовскийге Жақсы ханым: «Мен 14 жыл бойына Арынғазымен кездесе алмадым. Енді егер заңға қайшы болмаса, оның сүйегін елге әкеліп жерлеп, парызымызды орындап, өзімізді ақтасақ” деп хат жолдаған.[1,56-бет]  Губернатор орыс заңдарында бір рет жерленген адамның аруағын мазаламайды деген сылтаумен оған рұқсат бермеді. Арынғазы хан өлімінен соң  Мәдина Хасанова Калугада қалмай, қызы Фатимамен Мәскеуге оралады. Кейіннен Жақсы ханым   Мәдинаны  Мәскеуден елге алдырып, өз отбасына қабылдаған.Мәдина 1833 жылы қараша айында алғаш рет Жақсы ханымға хат жазып,Арынғазыдан айырылғандағы  туралы хабармен қоса өзінің қызы Фатима туралы өтінішін білдірген. «Сөйтіп,біз өзіміздің Арынғазымыздан айырылдық.Не істерсің,барлығы Алла тағаланың ісі. Біздің қызымыз әкесі Арынғазыдан аумайды.Кезінде Арынғазы «қызымды бәйбішеме жіберемін» дейтін. Егер сіз қарсы болмасаңыз алдағы қыс мезгіліне қарамастан,қызымызды Сізге апарар едім»,-деп хат арқылы хабар салған екен.Осындай деректер арқылы Фатиманың кейінгі жылдарда Арынғазы хан ауылында өмір сүргені, Арынғазы бәйбішесі Жақсының төңірегінде болғандығын білдім. Арынғазы ханның сүйегі шет жерде қалса да, оның отбасын ұстап қалған Жақсы ханым Ұлтуған, Топық, Мәдина атты әйелдері мен ұлдары Мұхаммедқазы, Айтмұхаммед,  қызы Фатимаға қорған бола білді. Мәдина кейіннен  Кіші жүздің сұлтаны Сүйінішқали Жанғалиевқа, Топық ханша Арду Әбілғазыұлына тұрмысқа шығады. Фатима кейіннен Бұқар  көпесімен тұрмыс құрады.  Бүкіл отбасының береке-бірлігі мен ұйтқысы бола білгендігі Жақсы ханымның кеңпейілділігі мен парасаттылығының нақты дәлелі деп танимын.1838 жылы 6 наурызда Орынбор мешітінде имам А. Абдусалямовтың ұйымдастыруымен некесі қиылған Мәдинаның бұл некеде бақытты болмағандығы байқалады. Өйткені Мәдина 1841 жылы 4 шілдеде көз жұмар алдында  Фатима тағдырына  қарасуды Жақсы ханым мен Орынбор әкімшілігіне тапсырған екен. Жақсы ханымның Арынғазы елден кеткеннен кейінгі ел ішіндегі саяси жағдайды реттеуге атсалысқанын дәлелдейтін Орынбор әкімшілігіне,Кіші жүз ханы Айшуақұлы Шерғазы ханға жазған хаттарынан аңғаруға болады. Бұл хаттарда Арынғазы ауылындағы орыс тұтқындарын қайтару жөніндегі әңгіме қозғалған. Пірәліқызы Жақсы ханым-еліміздің тарихында із қалдырған,ел билеп,жер қорғауға атсалысқан,саясатқа араласқан, орыс құжаттарына түскен қазақ ханымдарының бірі.  1843 жылы 11 қыркүйекте Жақсы ханым Шекаралықком комиссияға хат жазып, онда «Малымнан түгел айырылдым.Тұрмысым ауыр»,- деп хабарлайды.Сол себепті Калугадан Орынборға әкелінген Арынғазы  ханнан қалған 550 рубльге бағаланған дүние-мүлікті балаларына қайтаруды сұрайды.Өтінішті есепке алған Шекаралық комиссия   1847 жылы 22 қаңтарда   Арынғазыдан қалған дүние-мүлікті бөлуді ұйымдастырды. Оған өз отбасы атынан Жақсы ханым Айтмұхаммед пен Фатиманы жіберген. Араға 14 жыл салып, Жақсы ханымның жігерлі ізденісінен кейін ғана Шекаралық комиссия өз міндеттерін орындауға мәжбүр болған.  Елде қалған сұлтанның бала-шағасын Жақсы ханым өз айналасына топтастырып, ауызбірлікте ұстайды. Жақсы ханым Ұлтуғанмен бірге, балалары Мұхаммедқазы, Айтмұхаммедпен бірге Арынғазы шаңырағының отын өшірмейді. Мұхаммедқазы үйленіп, Жақсы ханымға Үсенмұхаммед атты және тағы  3 ұл, 2 қыз немере сыйлайды. Арынғазы ханның отбасы ретінде оның ұрпақтары тұрақтаған Орта бөлікте Нұралы хан,Айшуақ хан,Қайып хан ұрпақтарымен қатар жайлаған.Арынғазы ұрпақтарының атамекенде Нұралы,Айшуақ хандар ұрпақтарымен аралас-құралас жағдайда қалуының өзі Жақсы ханымның үлкен көрегенділігінің нәтижесі. Мұхаммедқазы, Айтмұхаммед Арынғазыұлдарының дәстүр бойынша ата жұрты-Қайып-Әбілғазы ұрпақтары жайлаған ата қонысқа кейіннен көшу мүмкіндігі болғандығын ескеретін болсақ, Жақсы ханым үшін басты мақсат-түбі бір қазақ халқы,одан қалса аталары Әбілхайыр хан мен Батыр хан тұқымдарының татулығы мен елдік,бірлікті сақтау,ағайын арасына жік салмау еді.Ел арасына Ресейдің басқару жүйесі еніп, орыс саясаткерлері қазақ сұлтандарын мүмкіндігінше өз ыңғайына пайдалану,сүйтіп біржалата өз мақсатына жұмыс жасатуды қойған сәтте ұлтымыздың қыздары-аналарымыз тарих сахнасынан көріне білді. Арынғазы ойы мен арманын Жақсы ханым одан әрі жалғастырды.  Уақыт пен заманының сынағына қарамастан, Жақсы Арынғазыдай тұлғаның беделін ту қылып ұстап,үрім-бұтағын өсірді,өз жұрты мен қайын жұртының арасында зор беделге ие болды. Тарихта аты қалған асылдардың қатарына тұрған Жақсы ханымды жәй көпшіліктің бірі емес,керісінше жарқырап, «елім үшін,жерім үшін» деп қазақтың бірлігін сақтап, мемлекет дербестігінің жойылмауын, халықтың тәуелсіздік рухының өрлеуі үшін қызмет еткен қоғам қайраткері,ел үшін  келелі іс тындырған тұлға деп танимыз. Өйткені, Жақсы ханым Арынғазы ханның елде жүргізген  саясатымен және Орынбор әкімшілігінің шенеуіктерімен де жете таныс болатын. Кіші жүздегі хан билігі Шерғазы Айшуақұлында болғанымен, Нұралыдан туған сұлтандардың қоғамдық белсенділіктері басым болатын. Бұл ретте Жақсы ханымның Пірәлі Нұралыұлының қызы  болғандықтан   өзге  бауырларымен тығыз байланыста болуы заңды құбылыс болса керек. Патша үкіметі ендігі жағдайда Арынғазы отбасын өз ыңғайында ұстау үшін жылына 1000 рубль зейнетақы тағайындайды. Бұл арқылы  Орынбор әкімшілігі  Арынғазы ұлдарын Орынборға  келтіруді көздеді. Орынбор әкімшілігі тағайындалған зейнетақыны Арынғазы мұрагерлеріне бөлуде де талас-тартыс,айтыс тудырды. [1,132 б] Айтыс барысында Жақсы ханым бүкіл отбасында бірлікті сақтау мақсатында тағы да көрегендік танытты.1835 жылы 1 наурызда  Шекаралық комиссияға жазған хатында Жақсы ханым: «біз өзара келісіп, зейнетақыны   Мұхаммедқазы, Айтмұхаммед,Тұрмұхаммед және Фатимаға тең бөлдік»,-деп хабарлаған.Осы хабар арқылы Жақсы ханымның Мәдина Хасанова мен оның қызы Фатиманы отбасы мүшелігіне енгізгендігін пайымдауға болады. Арынғазы хан елден кеткен соң, Жақсы ханым сұлтанның атамекені Сыр бойына көше алмай,орыс шекарасына жақын жерге тұрақтайды. Бұған бірнеше себептері болған. Біріншіден Хиуа ханының озбырлық саясаты, екіншіден 1819 жылы Арынғазы атынан елшілікке аттанған інісі Арду Хиуада түрмеде жатқан болатын. Орынбор генерал-губернаторы П.К. Эссен Жақсы ханымға барынша қолдау көрсеткенімен, Шерғазы хан Жақсы ханым әрекеттеріне іштей қарсылық білдіреді.Мұның арты  Шерғазы хан тарапынан Жақсы ханымға қарай түрлі зорлық-зомбылық әрекеттерге әкеледі. Оған дәлел  1822 жылы Шерғазы қарамағындағы жетірудың кейбір бөлімдері Жақсы ханымның жылқыларын қуып әкетеді. Кейіннен 1824 жылы Жақсы ханым 2000 мың  қойдан айырылған. Жақсы ханымның бұл күйін Махамбет Өтемісұлының өлең жолдары арқылы өрнектесек:

Мұнар да мұнар,мұнар күн,

Бұлттан шыққан  шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура  атанға шөккен күн,

Бұлықсып жүрген ерлерден,

Бұрынға бақыт тойған күн,

Қатарланған қара нар,

Арқанын қиып алған күн.[ 1,125б]   Арынғазының елде барында мұндай опасыз қылықты жасай да,оған кейбір топтарды үгіттей де алмаған Шерғазы хан қалыптасқан жағдайда өзін Кіші жүздің қожасындай сезінген.Солай бола тұрса да,  немере ағасы Шерғазы ханның қысастығын  білсе де  Жақсы ханым орыс әкімшілігіне бірде-бір рет оның үстінен арыз түсірмеген. Туыстығы туралы Шерғазы хан мен Жақсы ханымның туыстығы шежіресі кесте бойынша қарасақ:

Әбілхайыр хан

 

Нұралы хан                              Айшуақ хан

 

Пірәлі хан                                 Шерғазы хан

 

Жақсы ханым

Жақсы ханым  П.К. Эссенге жазған хаттарында да  Арынғазыға  қарсы топтар ішінде немере ағасы  Шерғазы ханның есімін атамаған екен. Бұл әрекеттерінен мен Жақсы ханымның ағайынның теріс әрекетіне кешіріммен қарап,өз беделін асыра  түскендігі деп түсіндім. Кіші жүздегі Шерғазы ханның саясатын қолдап, Арынғазыны Петерборда қалдыруда басты  рол атқарған Азия департаменті Орынбор әкімшілігі мен П.К. Эссеннен келген мәліметтерді қарап, Жақсы ханымға  сенімсіздік танытқан. Департаменттің Жақсы ханымды  кінәлауына Шерғазы ханның Сыртқы істер алқасының басшысы К.К. Нессельродосқа жеткізген мәліметтерінің тікелей әсері болса керек. Шерғазы хан: «Петербордан Арынғазы жанынан Кіші жүзге оралған Қаражігіт молда, Бармақ Балпашев, Шүкірәлі Қожанар Орынбордан бес шақырым жердегі менің ауылыма соқпастан, бірден Арынғазы ауылына асты»,- деп көрсете келе, олардың өзіне қарсы  іс-әрекеттерін тізеді. Осы  деректерді саралап қарасақ, Арынғазы хан елінде  Жақсы ханымның саяси ролінің жоғары болғандығын байқаймыз.1824 жылы Шерғазы Ресей үкіметінің шешімімен біржолата  хан тағынан  тайдырылады. Ел ішіндегі қайтадан басталған ұлт- азаттық қозғалысқа Шерғазы Арынғазы ауылдарын кінәлі деп көрсетеді.Бұндай саяси жағдай Жақсы ханым мен оны қоршаған туыстарының әл-ауқатына, тұрмыс жағдайларына елеулі әсер етеді. Жақсы ханым отбасында  «бір бұлғын терісінен  тігілген және бір борсық терісімен қапталған тон, бір мылтық,үш кілем,11 шапан, 105 жылқы,221 қой,3 түйе,5 сиыр» қалғандығын мәлімдеген. [1,56-бет] Осыншама қиналыс көрген кезде де Жақсы ханым  малынан айырылуының себебін Шерғазы және оның адамдарынан көрмей,керісінше жұттан көреді. Адамгершілік қасиеттің жоғары көрінісі  Жақсы ханымның барлық болмыс-бітімінен анық анғарылып тұр емес пе?! Жақсы ханым қазақ халқының тағдыры таразыға түскен аласапыран заманда, қым-қиғаш, қайшылықты дәуірде өмір сүрді. Орыс отарлық әкімшілігінің қулығына найза бойламас әккі шенеуніктерімен болған келіссөз, кеңестерге қатысты. Жақсы ханымның іс-әрекеті мен ұстанған бағыт-бағдары сол заман талабынан туындаған деуге болады. Жан-жақтан қаумалаған жаулардың ортасында қалған сәтте де түпқі мақсаты бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын қалпына келтіру болған Арынғазы ханның жанында әрі жұбайы, әрі пікірлесі болып Жақсы ханым тұрды. Далалық дипломатияны жетік меңгерген жұбайының жүрек түбіндегі жұмбақ  сырын  Жақсы  ханым әуел бастан-ақ айтпай ұққан. Жақсы ханымның қолдау көрсетуі тілі де, ділі де жат елдің мәңгілік құлдығында қалуға ұмтылушылықтан емес, түптеп келгенде, халық аман болса, бір амалы болар  деген күйзелістен туған. Осы бағыттағы ханымның ой-пайымдары   ханымның сол кездегі қазақ қоғамындағы  дәрежесі мен орнын көрсетеді. Жақсы ханым  Арынғазының  адал жары, мемлекеттік, қоғамдық  істерде сенімді серігі, ақылды кеңесшісі болды. Осы жолда Жақсы ханым Арынғазының  қазақ қоғамында жеке билігінің орнауы мен беделінің артуына бар  күш-жігерін жұмсады. Жақсы Арынғазымен бақытты да  жарасымды өмір кешті, оның қайғы-мұңын да, қуанышты сәттерін де бірге бөлісті, екеуінің өмірлік мұраттары да астасып жатты. Жеке бастың мүддесінен гөрі тарихи даму талабына сай бұл істің артында да  Жақсының күш-жігері тұрғандығы анық. Міне, осы істердің барлығына бірдей Жақсы тікелей араласпаса да, оңды шешімдер қабылдауға Арынғазы үйінің салмағы, Жақсының ақыл-парасаты ықпал жасады. Сонымен, Жақсы ханым-күйеуі Арынғазы мен оның төңірегіне ықпал жасай білген адам ғана емес, бүкіл қазақ арасында танымал, аты аңызға айналған тарихи тұлға, ару десе ару, қайраткер, мәмілегер. Келіссөз, не жай әңгіме барысына Жақсының ұтырлы  араласа білетіндігі, ерекше зеректігі мен зейінділігі адамдардың  еріксіз  назарын аударған. Жақсы ханым –қалың жұрты «Елім-айлап» еңіреген, аштықтың айдаһар ажалынан сансырап, азып-тозғанда да,  жер ауған  азаматынан айырылып аңырағанда да,тәуелсіздіктің тығырына тығылғанда да бойынан күш-қуат тауып, қара шаңырағы мен қара қазанынан айырылмаған.  Жақсы ханым-қоғам алмасқан алмағайып  заманда білектері бүгілгенде  де  әулетінің тұтастығын, ұлын да, қызын да жетімсіретпей анаға тән асқақ рух танытқан.  Үлкен әулеттің қамқоршысы ретінде Жақсы ханым шыдамдылықпен айналасындағылардың ыңғайын,істің ығын тауып ортаға сіңіп, өз ықпалын жүргізе білген әйел. Жақсы ханым үшін  Арынғазы хан әулетінің балаларының «жетімек» атанбай, өмірден еншісін алуы-ең үлкен бақыт болған. Ол-өз өмірі қандай талқыға түссе де, тағдырын ұрпағының ертеңіне байлаған әйел.  Егер ер мен халықта шыдамдылық пен төзімділік,

табандылық болса,бұл қасиеттер Жақсы тәрізді  аналардан дарыған қасиет.

Осындай әйелді қалай құрметтеп,қалай дәріптеп, қалай даңққа бөлесе де болар еді.  Адал жарын  алға сүйреп,  оны қолтығынан көтерген осы аяулы жан-қазақ    «патшайымы» деген сөзге әбден лайық болса керек.  Өзге елдердің тарихындағы «патшайымдар» жайлы небір ғажайып аңыз-әңгімелермен салыстырғанда Жақсы ханымның  ханшайымдық бейнесі  бір төбе.

Перзенттерімен қатар тұрған  Жақсы ханым  бүкіл бір әулеттің ұрпағының басын біріктіріп, тарих сахнасынан жойылып кетпеуіне ықпал жасаған мақтауға тұрарлық тұлға.  Туған халқымыз Жақсы  ананы төбесіне көтеріп, оның бейнесі арқылы өздерінің  қамқор, жарына адал,ұрпағының бақытына алаңдайтын  ұлт екенін дәлелдеді емес пе?! Егер  Жақсы ханымның бойына біткен қажырлы қайраттылығы   мықты болмаса,ол  «Қайсар ханша» атана алар ма еді? Жалғыз адам-дара да, дана да бола алатындығын ханым өз ортасына дәлелдеді емес пе?   Өйткені, көкейді түрткен бір ойы елінің тәуелсіздік  алуы,ұрпағының амандығы болатын.   Сол ойы ешқашан да көңілінен  түспей,оны шымырлықпен болашаққа жетелеген.  Еліміздің тарихында қажырлы да қайратты арулар аз болмаған.Соның бірі-менің кейіпкерім-Жақсы ханым. Ол кісінің тұжырымын ашық, айқын айта алатын алғырлығына  кім-кім де тәнті болған. Туған елінің  бір уығы болса да шаншысуға тырысып, Арынғазыдай жарының демеуші болу ұстанымын ұстаған Жақсы ханымға қалай сүйсінбеске болады?! Бұл-елдің намысы  үшін қасқайып алға шығатын нағыз қазақ  әйелінің,қазақ ханымының әдебі.  Арынғазы ханмен өмір құрған жылдар ішінде Жақсы ханымсаяси көзқарасы жағынан өсті, жетілді. Көзінде нұр, жүзінде ізеті бар ол шын мәніндегі « ханым» болуға лайық еді.  Бұндай баға оған Арынғазы ханның зайыбы болғандығынан емес, өзі өмір сүрген ортасының жағдайын саралап,оңтайлы шешім қабылдай алатын батылдығынан,кішіпейілділігінен

қарапайымдылығынан, ақылдылығынан берілген болатын. Бұндай тұлғалардың тарихымызда қайталанып келуі  екіталай. Оны халқы, ортасы, ұрпағы   ақ киізге салып,ханшайым деп көкке көтерген жоқ,бірақ айтқан ойына,берген кеңесіне құлақ асып,бірлікті ту етті. Жақсыны қолдаған әулетінің ұрпақтары, жұбайы

Арынғазының серіктері болды. Жақсы ханым тәрізді тұлғасы мемлекет аралық саясатқа араласатын, тау тұлғалы қазақ   ханымы  тарих сахнасына  ғасырда бір рет келуі мүмкін.Ондай тұлға анадан туып, ана атанып, аналық көрегенділік, парасат танытады.Осындай аналардың бірі  менің жобамның кейіпкері Жақсы ханым екендігі мақтаныш етемін. Есімінің Жақсы атануының өзі бір даралық ойды, ерекше ілтипатты.кішілікті,кісілікті,адамгершілік қасиеттердің  бір адам бойында жинақталған жиынтығын меңзеп тұрған сияқты әсер қалдырады.

Тарих- адамзаттың жүрген жолы. Ол өткеннің мақтанышын да,өкінішін де бойына сіңірген өмір мектебі.Атадан балаға мұра болып сақталатын дәріс. Қазақ халқы  тарихи бастауын сонау көне ғасырлардан алады.Бұрын танылмаған тұлғалар мен олар атқарған тарихи істерді саралап, мұрағат деректері негізінде жаңғыртып аталар шежіресімен,даналық ұлағаттармен  толықтырып көрсету біздің парызымыз. Өзін қоршаған алпауыт мемлекеттермен қарым-қатынасының  бірде шиеленісіп, бірде өзара келіссіөздер арқылы бәсеңсіген, достық пен тең қарым-қатынас орнатуға ұмтылған іс-шаралар, дүрмекті оқиғалардың бел ортасында болған тарихқа танымал талай тарландар өмір сүрген.Тұлғаларымыздың тәуелсіздік,теңдік,

бостандық, үшін жүргізген тынымсыз күрестері бір күн де тоқтамаған, жалғасын тауып,болашаққа жетелеген. «Елдің бағын ашпаса,ер мұратқа жетер ме? Ел тірегі-ері,ер тірегі-елі бола білген қауымның басынан бағы кетер ме? Ез мұраты-көрешек, ел мұраты-келешек. Жетелі ер адаспас-бабадан қалған сөз бар ғой,жетелі ел адаспас-бағзыдан қалған із бар ғой»- деген Әйтеке бидің ел мен ерге арнаған сөздері халқының бірлігін армандаған ойларынан  туды емес пе?!

Менің зерттеп отырған тұлғам-Арынғазы ханның сенімді серігі,онымен мақсаты бір болған, ұлт-азаттық  күрестің арнасына үн қосқан, Кіші жүздің тарихында  қадір-қасиеті, елі үшін сіңірген еңбегі, лайықты орны бар Жақсы ханым Пірәліқызы.Жұбайы Арынғазы Әбілғазыұлының ата-бабалары қазақ тарихында терең із қалдырған тұлғалар. Арынғазының өзіне дейінгі жеті атасы хан болған.Тарихта аты қалған асылдарымыз қатарында, сөз жоқ, Арынғазы Әбілғазыұлының өзіндік орны ерекше.Қазақта  «ел  ерсіз,ер елсіз болмайды» деген аталы сөз бар.Қазақ даласын отарлап,XIX ғасыр басында Ресей ел ішіне ішкерілеп ене түскен сәтте Арынғазы ханның жанында Жақсы ханым тарих сахнасына көтерілді. Жай көпшіліктің бірі ретінде емес, қайта жарқырап «елім үшін, жерім үшін»қазақтың бірлігін сақтап,мемлекет дербестігінің түпкілікті жойылмауы,халқының тәуелсіздік рухының өрлеуі үшін барын салды.Біздің міндетіміз-болашақ ұрпаққа Арынғазы Әбілғазыұлындай қазақ халқының қоғам қайраткерінің кеңесшісі, ақылдасар серігі ретінде тарихтағы орнын,тындырған ісін, ой-арманын жеткізе білу, отаншылдық рухын келер ұрпаққа үлгі ету.  Тарихшы  М.Қозыбаев  «Тарлан тарихты жасаушы-халық, буын-буын болып өскен,өнген оның перзенттері.Тарихта осы халықтың өкілдерін көрсетуіміз керек. Ер елдің асқан белі, ерсіз ел жетім, осы тарихты еңіреп жүріп қанмен,

термен жазған халықтың батырлары,ақындары,шешендері мен көсемдері,сардарбектері мен сарбаздары, келешек ұрпақ ата-бабаларының кім екендігін,кең жазира өлкені қалай қорғағанын,бостандықтықты қалай қастерлегенін,Отан үшін жан пида қылғандығын  білуі керек.  Ал осыны білмесе, олар мәңгүрт болып өседі. Тамырсыз ағаштай ерте құриды »-деп орынды айтқан.Арынғазы  Әбілғазыұлының қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы , Сыр бойындағы қазақ руларының оны хан сайлап сенім білдіруі үлкен тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді. Кіші жүзде XVIII ғасырдың II жартысы-XIXғасырдың алғашқы ширегіндегі Сырым Датұлы, Қаратай,

Жоламан бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар,Айшуақ хан,Жантөре хан,Шерғазы  хан билеген кезеңдегі саяси ахуал, солтүстіктен Ресей, оңтүстіктен Хиуа елдерінің саясаты Арынғазыға қайраткер  ретінде үлкен ықпал жасады.Ата-бабасы тарихынан хабардар Арынғазы өткеннің қателігі мен кемшілігін саралап,елінің ертеңі үшін белін бекем буды. Арынғазы Кіші жүздің көп бөлігін басқарған Әбілхайыр хан ұрпақтарымен,соның ішінде Нұралы хан,Ерәлі хан балаларымен тығыз байланысқа шықты.ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Арынғазының Бөкей, Қаратай, қайын атасы Пірәлі Нұралыұлымен т.б. тұлғалармен қазаққа қатысты мәселелердің бәрін бірлесе шешуге талпынғандығы байқалады.Арынғазының ел басқарудағы қатаңдығы мен қайырымдылығы, әділдігі, жанындағыларға көмекке әзір тұруы,әскер өнерін жетік меңгеруі,шешендігі,артына мыңдаған азаматтарды ерте білуімен дарабоздығы байқалады. Азаттық үшін күрескен, өр мінезді қоғам қайраткерінің көкірегін кернеген,жанын мазалаған толғанысы мен арманы,халқының алдындағы ел мен жер тағдырына алаңдаушылығын күй арқылы  жеткізе білген Арынғазы 1818-1819 жылдары «Арынғазы» күйін шығарған.Тарихта Арынғазы халық басқарған ел басшысы,қоғам қайраткері және сегіз қырлы,бір сырлы,сөзге шешен,би,әрі батыр,әрі күйші,әрі сазгер ретінде танымал.

1931 жылға дейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарын ресми түрде екі топқа бөліп келген: шекара шебіне жақын және далалық жерлерде тұратындар. 1931 жылдан бастап шекараға жақын тұратындар жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерге — дистанцияларға бөлінді. Дистанцияларды бастықтар басқарды. Уақыт өте келе дистанция бастықтарының билігі алыс ауылдарда да жүргізілетін болды. Арынғазы ханның баласы Айтмұхаммедке патша қызметінде болу тағдыры бұйырған: ол 1958 жылы 29-дистанцияның бастығы болып тағайындалған, кейіннен — 1869-1873 жылдарда — Елек уезінің кіші көмекшісі қызметін атқарыпты. Айтмұхаммедтің үш ұлы болған: Сапа, Шайхы-Ислам, және Жүсіп.Айту керек, атақты күйші Үсен төре де Арынғазы ханның немересі болып саналады. Ол — Жақсы ханым бауырына басқан Мұхаммедқазының ұлы, толық аты-жөні — Мұхаммед-Хұсайын Арынғазиев. (Облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталған дерекке сай, Мұхаммедқазының қыстауы қазіргі Ақтөбе қаласының аумағында болған.) Үсен төренің біздің облысымыз аумағындағы жәрмеңкелерде базарбасы, т.б. қызметтер атқарғаны белгілі.Зерттеуші Берік Жүсіпов өзінің «Жиделі Байсын күйлері» атты еңбегінде: «Қазақта «төре күйлері» деп аталатын көшелі дәстүр болған… Сыр бойының Жанкент қаласында, шектілердің ортасында ақ киізге салып хан көтерілген, кейін Калугада он жыл айдауда болып, сүйегі жат жерде қалған Әбілғазыұлы Арынғазы төре күйлері мектебінің көрнекті өкілі еді» — дей келіп, Үсен төре шығармашылығына жеке мақала арнаған. Ол мақала былай аяқталады: «Үсен төре — күй өнеріндегі ерекше биік тұлға. Оның көптеген шығармалары түрлі архивтерде сақтаулы. Болашақта осы жәдігерлерді жарыққа шығарып, күйші шығармашылығын толықтыра жазса, қазақ күйінің құлап қалуға айналған тағы бір қабырғасы тіктелер еді». Бүгінгі ұрпақ өте жоғары баға беріп отырған Үсен төре күйшілігінің кезінде зерттелмей, насихатталмай қалуының себебін кешегі кеңес өкіметі жүргізген саясаттың ызғарынан іздейміз.Ал Арынғазы ханның өзіне келсек, оның бізге жеткен туындысы — «Арынғазы» күйі, тарихшы Мұрат Әбдіров жазғандай, кезінде қазақ даласына кең таралған, танымал дүние болған.Сондай-ақ Арынғазының тікелей ұрпағы — Роза Ахметшеқызы Арынғазиева ханның өз ұлы Айтмұхаммед те күйші болған дегенді естігенін айтады.Арынғазы ханның немерелері арасынан Сапа социал-демократиялық үйірмеге қатысқаны үшін, патша үкіметі тарапынан қудалауға ұшырап, үш жыл жер аударылған.— Өз бетімен оқып, орысша сауат ашқан Сапа Торғай облысынің 5-учаскесінде мал дәрігеріне аудармашы болып қызмет еткен, — дейді Роза Ахметшеқызы.Сапаның үлкен ұлы — Ғалиахметтің тағдыры ерекше: ол Орынборда гимназияда оқыған, одан соң Қазан университетінің медицина факультетіне түскен. Әскери хирург ретінде 1905 жылы орыс-жапон соғысына қатысқан. Соғыстан қайтқаннан кейін, патша үкіметі оны студент кезінде революциялық қозғалысқа қатысты деген айыппен, Нижний Тагиль жағына жер аударады. Еліне қайту түгіл, тұрған жерінде олай-былай шығуға рұқсат берілмейді. Сөйтіп, сол жерде дәрігер болып еңбек ете жүріп, бір орыс қызымен көңіл қосады. Қыздың әке-шешесі оған үйленгің келсе, христиан дініне көш деген талап қояды. Мұны сол жерде табысқан орыс жолдастары да құп көреді, «солай етер болсаң, ұлықтардың саған деген көзқарасы өзгеріп, жағдайың жақсарар» — деп болжам жасасады. Осылайша Ғалиахмет амалсыз христиан дініне кіріп, Юрий деген ат алады. Кейін қызы Варвараға бұл жөнінде: «…басқан ізімді аңдып, қатты ұстады. Елге қайтармайтындарына көзім жеткен соң, осы жақта үйлендім. Амалсыздан христиан дініне көштім» — депті.Ғалиахмет тағдыры бізді патша үкіметі Арынғазы ханның өзі ғана емес, оның ұрпақтары арасынан «қауіпті» саналған тұлғаларды да қазақтардың ортасында қалдырмауға күш салған ба деген ойға жетелейді. Жазушы Ғалым Ахмедовтің  «Елін іздеген қыз»    әңгімесі 1981 жылдың 17 шілдесінде «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген. Ғалым ағамыз өзінің Мәскеуге барған бір сапарында шетелдік туристерге арналған емхана бас дәрігерінің фамилиясы Арынғазиева екенін естіп, «бұл қазақ қызы болды ғой?» — деген оймен, оны іздеп барады.Әңгімеден үзінді:«… кең, жарық, әсем ғана жиһаздалған кабинеттің төрінде ақ халат, қалпақ киген, ақ шашты, қараторы әйел отыр. Аман-саулықтан кейін қай елден келгенімді, нендей шаруам барын сұрады.

— Шет ел турисі емеспін. Денсаулығым да әзірге, құдайға шүкір, жаман емес. Ақтөбенің қазағымын. Сіздің фамилияңызды есітіп, бәлкім, жерлес болып шығармыз деп, өзіңізбен танысқалы келдім.

 «О-о, менің әкем Ақтөбенің қазағы болатын, шынында да, жерлес екенбіз,деп, іздеп келгеніме қуанышын білдірді».Арынғазы ханның ұрпағы Варварамен жазушы осылай танысыпты.Варвара Арынғазиева Ленинград медицина институтында білім алған. Мамандығы — хирург-дәрігер. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. Мәскеудің Свердлов ауданында денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, жоғарыда аталған шетелдік туристерге арналған емхананың бас дәрігері, т.б. қызметтер атқарған. Ол — 1963 жылы Мәскеуде Фидель Кастроға соқыр ішекке байланысты операция жасаған дәрігерлердің бірі, Социалистік Еңбек Ері атағының иегері.Жазушымен тағы бір кездесуінде ол 1920-жылдардың екінші жартысында өзінің елге келіп қайтқан сапары жөнінде әңгімелеп береді.…бірде жазғы каникулға үйіне келген студент Варвара әкесіне: «Сен әрдайым елің туралы айтасың. Сол туған жеріңе, ағайындарыңа барып қайтайық» — деп өтініш айтады. Әкесі бас тартады. «Неге?». Қызының бұл сауалына жауап беру Ғалиахметке оңайға соқпаған. Қашқақтай отырып, біраз уақыттан соң ғана себебін айтады: «Біздің қазақ — дінге берік халық. Ағайындарым менің кәпір болып кеткенімді кешірмейді». Мұны айтқанда «…дауысы дірілдеп, көзіне жас іркіліп, теріс айналыпты».  Қызы қатты аяп, «Әкетай-ай!» — деп мойнынан құшақтай алады. Енді ол әкесіне елге өзім-ақ барып қайтайын деп қиылады. «Сіздің елді сағынған қайғыңыз маған да қатты батады. Құр босқа уһілеп жүргенше тым болмаса мен барып, көріп қайтайын» — дейді. Ақыры әкесін көндіріп, жолға шығыпты. Әкесі оны Самараға әкеп пойызға отырғызып, туыстарына «Күтіп алыңдар» — деп жеделхат жібереді.

Варвара Арынғазиева былай әңгімелепті:«Поезд Ақтөбеге түс ауа жетті… Вагоннан шықсақ, перронда еркегі бар, әйелі бар, отыз шақты қазақ күтіп тұр. Бәрі де қуана қарсы алып, бірінен соң бірі құшақтап, бауырына басып сүйіп жатыр. Тіпті есім шығып, көзімнен жас ытқып кетті…Ауылға тартып кеттік. Өзеннің бойында көгалға қатарластыра тігілген жеті-сегіз киіз үй. Бір үлкен үйге келіп түстік. Ауылдың бар адамы, бала-шағаларына дейін жиналған, сыймағандары есік алдында, басқаларының шыққанын күтіп тұр. Бір-екі адам шықса, даладағылардың бір-екеуі таласа-тармаса ішке кіріп, төрге қарай ұмтыла келіп, қолымды алады…Бір ауыз қазақша білмеймін, ал ауылдағылардың көбі, әсіресе, әйелдер жағы бір ауыз орысша білмейді, үй иесі тілмаш болып отырды. Бәрінің сұрайтыны — әкем жайы. Әкем: «мен шоқынған адам болғандығымнан, тумаларым енді маңына жуытпайды» — деуші еді, байқасам тіпті де олай емес. Әңгімелерінен әкемді өте  сағынатындарын, бір көруге зар екендерін байқадым. Осы ауылда айға жуық жатқанымда, күнде бір үй қонаққа шақырып, басқа ауылдарға да апарып жүрді. Қазақтың тілін, ғұрып-әдетін білмесем де, өз балаларындай жақсы көріп, бауырына басты».Әңгімесінің соңында ол Ғалым Ахмедовке өзінің сол сапарды ешқашан ұмытпағанын айтады:«Елге сол барғандағы қарапайым ауыл адамдарының жүрек жылылығы менің көңілімде мәңгі сақтаулы. Сол халықтың ішіне барып қызмет істермін-ақ деп едім, бірақ тағдыр жазбады. Біздің өміріміздің қандай толассыз оқиғаларға толы болғанын өзіңіз де білесіз ғой. Жастық шақтың қалай өткенін білмей де қалдық… Партия қайда жіберсе, сонда бас тартпай бардық. Сөйтіп жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Басынан аяғына дейін қатысуға тура келді. Ылғи алдыңғы шепте жүрдім. Көз алдымнан өткен — өлген, жаралы болған солдаттардың қисабы жоқ! Қазақ ішіне бара алмағаныммен, майданда талай ұлдарын кездестірдім. Қолымнан келген жақсылығымды олардан аямадым, әкемнің туыстарындай жақын тұттым»…Айтмұхаммедтің екінші ұлы — Шайхы-Исламның немересі, Ақтөбеде тұратын Роза Арынғазиева осы әңгіме арқылы Варварамен табысады. Әңгіме жарыққа шыққаннан кейін келесі, яғни 1982 жылы Варвара Ақтөбеге екінші рет келіпті. Бұдан соң олар жыл сайын кездесіп тұрған. Варвара 1989 жылы, 82 жасында дүниеден өтті, — дейді Роза апай.Роза апайдың айтуынша, Варвараның бірге туған бауыры — Борис те Ленинград медицина институтын бітіріп, дәрігер болып еңбек еткен. Ол 1937 жылдың зұлматына ұшырап, КСРО-ның оңтүстік шекарасындағы Кушка қаласына жер аударылған, кейін атылған. Ал Бористің қызы, 1932 жылы дүниеге келген Нинаға қазақ елінің дәмі бұйырыпты. Нина Борисқызы 1980-1989 жылдары Алматыдағы әйгілі «Қазақстан» қонақ үйінің меңгерушісі болып еңбек еткен.Жазушы Ғалым Ахмедов Арынғазы ханның тарихын жақсы білген. Бұл жөнінде ол Варвара апамызға да әңгімелеп берген. Арғы атасының Калугада жерленгенін естіген Варвара апай: «Калугаға талай барып жүргенімде білмегенім-ай!» — деп қатты өкініпті. Ғалым Ахмедовке Арынғазы қабірінің сақталған-сақталмағаны жөнінде біліп беріп, мүмкін болса, сол жаққа барып қайтайық деп ұсыныс та айтқан. Әйткенмен, түрлі себептерге байланысты Варвара апай мен Ғалым ағамызға Арынғазы хан қабіріне барудың сәті түспейді.  Варвара апайдың ұсынысы бойынша, 1985 жылы мен біздің облыстық музейден арнайы қатынас қағаз алып, Калугаға аттандым. Арынғазы хан Калугадағы ескі діндегілер («старообрядцы») қорымына жерленген екен. Мен ол жерде ақтөбелік бір жақсы досымның танысының үйінде болған едім. Сол үйде шамамыздың келгенінше Арынғазы ханды еске алу рәсімін жасадық. Содан кейін мынадай жағдай болды: түн іші, сағат 3-тердің шамасы еді. Мен түсімде Арынғазы атамды көріп жатыр екенмін деймін. Кенет оянып кеттім. Ұйқым шайдай ашылды. Ұйықтай алмаған соң орнымнан тұрып, сөредегі жиюлы кітаптардың бірін қолыма алғанмын. Калуга тарихына арналған кітап болып шықты, авторы — Фехнер екен, сол кітаптың 11-бетін ашып қалсам, Арынғазы хан туралы бір ауыз сөз жазылыпты. Ертеңгілік үй иелері ол кітапты маған сыйға тартты, — дейді Роза Ахметшеқызы.Роза Ахметшеқызы — Арынғазы хан, оның ұрпақтары жөніндегі деректерді тірнектеп жинап жүрген жан.Оның айтуынша, Арынғазы хан шөберелері — Кеңес өкіметі орнағанға дейін-ақ Ақтөбеде, Орынборда, Қазанда орысша білім алып, елге білім беру ісіне араласқан, дәрігер, заңгер болған адамдар. Олардың бірі — Ғалиахмет жөнінде жоғарыда айтылды. Ғалиахметтің туған інісі Шаяхмет те Ақтөбедегі екі класты орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебінде оқыған.Ал тағы бірі, Жүсіптің ұлы — Қасым Орынборда заңгер болып қызмет еткен. Жүсіптің екінші ұлы — Камалитдиннің есімін ерекше айту керек. Ол Қазандағы мұғалімдер семинариясын бітіріп, халық ағарту саласында еңбек еткен. 1926 жылы Қазақ КСР-інің Халық ағарту комиссары болып тағайындалған. Кейіннен Ақтөбе облысындағы білім ордаларында басшылық қызметтер атқарған. Сейітқали Меңдешов, Сәкен Сейфуллин, Ұзақбай Құлымбетовтермен аралас-құралас болған Камалитдин ағамыз жөнінде, өкінішке орай, деректер өте аз сақталған. 1937 жылы «төңкеріске қарсы ұлттық ұйымға қатысты» деген айыппен тұтқындалып, 8 жылға сотталған, кейін Ярослав облысының Рыбинск қаласында көз жұмған Камалитдиннің соңында жетім қалған екі қызы көп таршылық көріп өсті, — дейді Роза апай.  «Елін сүйген қызда» Камалитдин туралы да аз-кем айтылады. Варвара апайдың әңгімесінен мына үзіндіге көз салыңыз: «Қазақстанның астанасы ол кезде Қызылордада. Арынғазиевтердің біреуі сонда Халық ағарту комиссариатында істейді екен. Әкем айтып отырушы еді. «Камалитдин деген немере інім Қазанда учительдер семинариясын бітіріп кетті. Революция қозғалысына ол да араласып еді, бірақ жандармерия бар қаһарын біздің университетке тікті…» — деп. Ауылдағылар Камалитдинге де хабар берген екен. Ол маған келмей кетпе деп телеграмма соғыпты. Уақытым аз қалса да баруға тура келді. Қуана қарсы алып, бір жеті жібермей қойды…».Роза апайдың әкесі — Ахметше де 1897-1903 жылдар аралығында Ақтөбедегі екі класты орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде оқыған. Бұл училищені үздік бітірген Ахметше Арынғазиев оқуын әрі қарай Орынборда жалғастыруды ойлайды. Орынбор мұғалімдер мектебіне құжаттарын тапсырып, емтихандардан табысты өткенімен, оқу орнының басшылары Ахметшені қабылдаудан бас тартады. Сөйтіп, еңбек жолын Ақтөбе уезі, Тастемір ауылдық мектебінде мұғалімдіктен бастайды. Кейін  Ақтөбе облысы аумағында жаңа ашылған бірнеше мектептердің жұмысын жолға қойған. Бұлар — Қарғалы мектебі; Әлімбетов болысындағы №2 ауылдың «Өрнек» мектебі; Қарабұтақ мектеп-коммунасы; т.б.

Ахметшенің өзге туыстары арасында бірге туған бауыры Уәлише де жандармерия қаһарына ұшырап, 1910 жылы Архангельск жаққа жер аударылған.— Туыстарының патша үкіметі, одан соң НКВД тарапынан қудалау көруі әкемнің өмір жолына да кері әсер етпей қоймады. Ол кісі аяқ астынан жұмыстан қудалану, басқа да сол секілді құқайларды бастан өткерген, — дейді Роза апай.Роза Арынғазиева1933 жылы Новоресей ауданының Мағаджан ауылында дүниеге келген.  1932 жылы әкемді сол жаққа жұмысқа жіберген. Ол жерде әкем кейін Латвия басшысы, КПСС Саяси бюросының мүшесі болған Арвид Янович Пельшемен бірге жұмыс істеген. Екеуі достық қатынаста болған. Менің атымды да Пельше қойыпты. Ал 1937 жылы НКВД Пельшенің соңына түскенде, ол әкемнің арқасында құтылып кетіп, аман қалған, — дейді Роза апай.1940 жылы Ахметше Жақсы ханым мен Айтолқын ханым сақтаған Арынғазының заттарын — сауытын, құманын, ыдыстарын облыстық музейге ұсыныпты. Ахметшенің жалғыз ұлы  ағам Болат Ұлы Отан соғысында қаза тапты. Ал Уәлишеден, Қасымнан, Сапа атамыздың Ғалиахметтен басқа балаларынан тараған ұрпақтары жөнінде естіп-білгенім болмаса, қолымда нақты деректер жоқ. Арынғазының шөбере-шөпшектерінің бірқатарының сүйегі жат жерде қалса, ал  бүгінде к көзі тірі ұрпақтары Қазақстанның әр жерінде жүр, — дейді Роза апай.Ұрпақтары еліміздің әр жерінде жүргенімен, сүйегі Калугада қалғанымен, Арынғазының отаны — Ақтөбе жері болса керек. Тарихшылар Әбілсейіт Мұхтар мен Ұлжан Ахметова былай деп жазады: «Орыс тыңшыларының 1820 жылғы ақпарына сенсек, Кіші жүздегі 100 мың ауыл Арынғазыға, 4 мың ауыл Шерғазы ханға бағынған екен. Ел ішіндегі ең беделді адамдар тізімі Арынғазы сұлтан, Темір Ерәліұлы, Қаратай Нұрәліұлы делініп, Арынғазының тұрақты мекені ретінде 1820 жылдың күзінде Елек өзені

 

көрсетілген».Бұған қоса, Мұхаммедқазының (ал ол — Арынғазының бәйбішесі бауырына басқан бала екенін тағы бір есіңізге саламыз) қыстауы да бүгінгі Ақтөбе қаласының аумағында болған; ал Варвараның әңгімесінде де туыстарының Ақтөбе маңын мекендегені айтылады.1940 жылы Ахметше Жақсы ханым мен Айтолқын ханым сақтаған Арынғазының заттарын — сауытын, құманын, ыдыстарын облыстық  музейге ұсыныпты.

Мұхаммедқазының (ал ол — Арынғазының бәйбішесі бауырына басқан бала екенін тағы бір есіңізге саламыз) қыстауы да бүгінгі Ақтөбе қаласының аумағында болған. «Орнында бар – оңалар” деген. Қандай заман, қандай жағдай болмасын, есіл ерден қалған тұяқтар бабасының атына кір келтірмеді. Бір ұрпағы кешегі кеңестік заманда адал еңбек етіп, оқу-ағарту саласында көзге түсті. Бүгінде сұлтанның шөпшектері ұрпақтары Ақтөбе облысында тұрады. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тұсында Ақтөбеде Арынғазы ханды мәңгі есте қалдыру мақсатында шаралар (көше немесе Ақтөбе қаласы аумағындағы ауылдардың біріне оның есімі берілсе, т.б.) қолға алынып жатса, бұл — бүгінгі ұрпақтың кешегі азаттық аңсаған ата-бабалар алдындағы көп парызының бірін орындағаны болмас па еді?Көрнекті   тұлға деп тануға тұратын қазақтан

шыққан өжет қыз, хан серігі, ханша, әулет қамқоршысы, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген Жақсы ханым Пірәліқызы  есімін еліміздің   өмірімен байланыстырып, оның   тарихтан алар орнын  көрсету. Қазақ елінің тарихында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу  абзал  тұлғалармен қатар аналардың   елі үшін атқарған қызметін дәріптеп, есімдері  ескірмейтін тұлғалардың қатарында  Жақсы ханымды  ұлығылау. Бар ғұмырын халқына  арнаған абзал  ана Жақсының ел қорғандарының арасында болғандығын  сарғайған құжаттар дәлелдеп отыр.Саналы  өмірін  ұлтына арнаған, Ресейдің қитұрқы саясаты кезінде тарих сахнасында  ерлермен бірдей саяси істерге араласқан Арынғазы Әбілғазыұлының жары-Пірәліқызы Жақсы ханым ұлтымыздың мақтанышы.  Жақсы ханым туралы тарихи құжаттарда:

1\“ Еліміздің тарихында із қалдырған,ел билеп,жер қорғауға атсалысқан,саясатқа араласқан, орыс құжаттарына түскен қазақ ханымдарының бірі.”

2\“ Жақсы  Орынбор әкімшілігінің шенеуіктерімен де жете таныс болатын.”

3\ “Орынбор әкімшілігі тағайындалған зейнетақыны Арынғазы мұрагерлеріне бөлуде туған талас-тартыс,айтысты шешуде  Жақсы ханым бүкіл отбасында бірлікті сақтау мақсатында  көрегендік танытты.”

4\ “Немере ағасы Шерғазы ханның қысастығын  білсе де  Жақсы ханым орыс әкімшілігіне бірде-бір рет оның үстінен арыз түсірмеген”.

5\ “ Орыс отарлық әкімшілігінің қулығына найза бойламас әккі шенеуніктерімен болған келіссөз, кеңестерге қатысты.”-деп баға беріледі.

Жақсы ханым Арынғазы ханның жанында әрі жұбайы, әрі пікірлесі, адал жар, мемлекеттік, қоғамдық  істерде сенімді серік, ақылды кеңесші болған.  Ол Арынғазының  қазақ қоғамында жеке билігінің орнауы мен беделінің артуына бар  күш-жігерін жұмсаған. Арынғазымен бақытты да  жарасымды өмір кешкен, оның қайғы-мұңын да, қуанышты сәттерін де бірге бөліскен. Келіссөз, не жай әңгіме барысына Жақсының ұтырлы  араласа білетіндігі, ерекше зеректігі мен зейінділігі адамдардың  еріксіз  назарын аударған.

Перзенттерімен қатар тұрған  Жақсы ханым  бүкіл бір әулеттің ұрпағының басын біріктіріп, олардың тарих сахнасынан жойылып кетпеуіне ықпал жасаған мақтауға тұрарлық тұлға. Егер  Жақсы ханымның бойына біткен қажырлы қайраттылығы   мықты болмаса, ол  «Қайсар ханша» атана алар ма еді? Жалғыз адам-дара да, дана да бола алатындығын ханым өз ортасына дәлелдеді емес пе? Жақсы ханым тәрізді   мемлекетаралық саясатқа араласатын, тау тұлғалы қазақ   ханымы  тарих сахнасына  ғасырда бір рет келуі мүмкін… Жақсы ханым-қоғам алмасқан алмағайып  заманда  әулетінің тұтастығын, ұлын да, қызын да жетімсіретпей анаға тән асқақ рух танытқан  үлкен әулеттің қамқоршысы ретінде  шыдамдылықпен айналасындағылардың ыңғайын,істің ығын тауып ортаға сіңіп, өз ықпалын жүргізе білген әйел. Ол-өз өмірі қандай талқыға түссе де, тағдырын ұрпағының ертеңіне байлаған әйел. Жақсы  бүкіл қазақ арасында танымал, аты аңызға айналған тарихи тұлға, ару десе ару, қайраткер, мәмілегер.«Қайран біздің аналар,арды ойлаған!» тақырыбымен  ұлы даланың   тарихта тануға лайық тұлғасы Жақсы ханым  жайлы  шағын кітапша  шығарылса;  Жақсы ханым тұлғасы танымдық – тәрбиелік шаралар арқылы оқушыларға  насихатталса;  Тарих парақтарына болашақта  жаңа бір есімді енгізіп, оқулық деректері толықтырыла  түссе…

Қорытынды.                                                                                                                         Жақсы ханым – халқына  қанатымен су сепкен  қарылғаштай қызмет   еткен  қазақ халқының біртуар  қыздарының бірі. Ол ел мүддесін көздеп,өзінің  өмірлік серігі Арынғазымен тату-тәтті  өмір сүріп, оған демеуші, ел басқару саясатында көмекші болған. Қазақ халқының басына төнген қасіретті патша үкіметінің зымиян саясатынан екендігін түсіне білген Жақсы ханым оған бар  болмысымен қарсы бола тұрса да,ел бірлігі мен тұтастығын,ағайын арасындағы алауыздық  әрекеттерге тосқауыл қоюда көрегендік таныта білген. Қазақ халқының қайта өрлейтіндігіне, өз елінің  жарқын болашағына анық сенген Жақсы ханымның арманы жүзеге асты деп ойлаймын. Арынғазы ханның тұстастарымен, патша  үкіметінің  өкілдерімен араласа білген  Жақсы ханым   қазақ даласында тәуелсіз мемлекет құруды мақсат тұтқан, халқына қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған тұлғаға айнала білді. Аумалы-төкпелі заман ырқымен   Ресей құрамына енген елінің ертеңі үшін, туған жерінің тағдыры мен ұрпағы  үшін алаңдады. Сол үшін өткеннің өнегесін тірілтуге талпынды.Жақсы-жайсаңдардың, хан-сұлтандардың іс-әрекеттеріне араласа жүріп, көзі ашық, көкірегі ояу ел белсенділерінің   рухын ояту үшін қызмет етті. «Біз етек-жеңін ежелден жинаған елміз, билікті сыйлап, шешендікті бағалап, ұлыларды даралай білген елміз. Біз тексіз емеспіз, жесірімізді жылатпайтын, жетімімізді шетке қаңғытпайтын  елміз»,-деп сыр шертеді  Жақсы апамыздың тұлғасы. Демек, Жақсы ханымның  ел бірлігін сақтау жолындағы еңбектерін оның ұрпақ алдында атқарған толағай істерінің бір тарауы деп қабылдасақ артық болмас деп ойлаймын. Ханымның өмірінен алынған деректерді зерделесек, оның  жанының кеңдігі мен жаратылысының тазалығын аңғартатын   аңғарамыз.Кешегі кемеңгер бабаларымыз бен қатар ақ жаулықты аналарымыздың  өмірлік ұстанымынан туған даналық ойлар мен пікірлер бүгінгі  ұрпақ үшін рухын қанаттандырып,ойын да, бойын да қалыптастырып отыратын үлкен күш болары сөзсіз.Ұлт пен ұлыстың өткені мен болашағын қателеспей болжаған, әр ұрпағының иығына түсер жауапкершілік жүгін айқындаған, адам мен заман, ұлт пен қоғам арасындағы қатынасты пайымдап өмір кешкен Жақсы ханым бейнесі қай ұрпаққа да өнеге болары ақиқат. Аты тарихта қалған бұл тұлғаның  атқарған әрекеті құндылықтарға толы, көзқарасы заманауи  жетістіктермен сабақтаса дамып, бүгінде  маңызын жойып отырған жоқ.   Талғам мен танымды аласапыран күйге түсірген заманда ғұмыр кешіп, ұлт пен ұрпақ санасына  мәңгілік қалған ұмытылмас  тұлғаның бірі ретінде  қасиетті  есімі  келер ұрпаққа  жетеді. Өлшеусіз баба мұрасын насихаттауда менің таңдаған тақырыбым тарихи тұлғалардың қатарында қазақ   мақтанышы деп тануға тұрарлық дана, көреген,ақылды,батыл ана Жақсы ханымның  елі үшін атқарған қызметін дәріптеп, дәлелдейді деп түсінемін.

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер.

 

1.Ахметова Ұ. «Жақсы ханым» Қазақ тарихы  журналы, №2,2002, 54- бет.

2.Е.К.Мейендорф «Путешествие из Оренбурга в Бухару»,  Қазақ тарихы  журналы, №2,2002, 55- бет .

  1. Ахметова Ұ. «Арынғазы», «Полиграфия», Ақтөбе, 2004, 67- бет.
  2. ӘбдіровМ.
  3. Махамбет Өтемісұлы: «Ай заман-ай заман-ай…», І-том,183 б

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика