red autumn leaves

Күзгі көрініс

Ералы Кайратов
Павлодар облысы
Май ауданы, Көктөбе ауылы
«Ақбота» бөбектер бақшасы
Шарипбекова Жадыра Манатқызы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Күзгі көрініс»

Мақсаты: Балаларға табиғи материалдың түрлерін, дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып мүсіндеуді үйрету.

Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық іскерліктерін дамыту, сұраққа жауап беруін эмоционалды сөйлеуін қолдау. Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ –жауап, қызықты сәт,

мадақтау, қайталау.

Көрнекі құралдар: Ермексаз,жапырақтар

Сабақ барысы:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.

— Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.

Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем, сәлем, сәлем.

Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келеме? Ендеше мен сендерді орманға табиғат аясына саяхатқа апарғым келіп тұр.

Балалар қарайықшы ормандағы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!

  • Балалар мұнда нені көріп тұрмыз?

*  жапырақтарды, талдарды.

  • Қазір жылдың қай мезгілі басталды?
  • Күз мезгілі
  • Дұрыс. Ал жылдың қай мезгілі аяқталды?
  • Жаз мезгілі
  • Күз мезгілінде балалар неше ай бар?
  • Күз мезгілінде 3 ай бар.
  • Қандай қандай (Қыркүйек,қазан,қараша)
  • Жарайсыңдар балалар!
  • Күз мезгілі несімен қызық
  • Бақшадағы барлық жеміс-жидектерді,көкөністерді жинап теріп аламыз
  • Тамаша!
  • Күз мезгілінде қандай мереке болады?
  • Білім күні,балалар мектепке барады.

Дұрыс айтасыңдар балалар! Бәрін жақсы біледі екенсіңдер.

Тосын сәт: Жылаған дыбыс естіледі.

Балалар мұнда бір дыбыс естілетін сияқты мынау ненің дыбысы?

  • Жылаған дыбыс естіліп жатыр
  • Балалар жүріңдер қарайық, мына жылаған дыбыс қай жақтан шығып жатыр екен?

Тосын сый:

жапырақтың астынан жылап жатқан «Күз ханшайымы» шығады.

  • Балалар: Сіз кімсіз? Неге жылап отырсыз?
  • Мен «Күз ханшайымымын»
  • Саламатсыз ба «Күз ханшайымы»
  • Балалар күз мезгілі де келді, мен жапырақтың астында қалдым.
  • Күз ханшайымы сен мұңайма.
  • Сен біздің балалардың сабағына қатысып,көңіл-күйінді бір көтеріп ал

Таңғалып: Ой, мына күздің көрінісі бейнеленген сурет қандай Тамаша, Керемет ! бейнеленген! Маған өте қатты ұнап қалды.

Мен таптым балалар, күз ханшайымының көңіл-күйін қалай көтеруді

Күз ханшайымына мына күздің көрінісі бейнеленген сурет өте қатты ұнап қалды

Бүгін бізде мүсіндеу сабағы ғой. мүсіндеу сабағын пайдаланайықшы.

— Мүсіндеу сабағында не істейміз балалар?

— сары ермексазды пайдаланып,жапырақтарды мүсіндеп үйренеміз..

— Дұрыс айтасыңдар балалар

— Мынау не балалар?

— жапырақ

— Бұл қай мезгілдің көрінісі?

-Күз

— Ал бізге күзгі мезгілінің көрінісін жасау үшін не қажет?

— Жапырақтар

— Күзде жапырақтар сарғаяды .

барлығымыз бірігіп осы суретті табиғи және дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып мүсіндеп берейікші.

Балалар сендердің жапсырып жатқан суреттерің тамаша! Ендеше дөңгеленіп бойларымызды сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз.

Жапырақтай жайқалып

Шетімізден шеберміз

Әсем сурет жапсырып

Біз тынығып аламыз.

Тамаша балалар орнымызға отырып әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз.

Балалар салған суретін «Күз ханшайымына» естелікке табыс етеді.

Күз ханшайымы қуанып балаларға алғысын айтады.

Балалар енді мен сендермен қоштасайын. Сендердің сыйлықтарыңа, өнерлеріңе көп-көп рахмет.

Барлықтарыңыз ұйымшыл, ұқыпты таза жұмыс жасайды екенсіңдер! Өнерлі білімді балаларсыңдар!

Енді мен сендерге өзімнің Күз байлығымнан жеміс-жидектерді сыйға тартамын.

Сау болыңдар балалар!

Қорытынды

Сұрақ-жауап

Мадақтау

Ал, балалар қоштасатын сәт келді. Келген қонақтарға рахметімізді айтып қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңбер жасап құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау –саламат болайық!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *