Күзгі орманға саяхат

алтын куз Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы «№ 20 жалпы
орта білім беретін дамыта оқыту
мектебі» КММ  Мектепалды
даярлық 0 «А» тобының
Тәрбиешісі:
Угушева Райхан Замантаевна

Күзгі орманға саяхат

Қолдарына қызыл, сары жапырақ ұстаған балалар музыкамен залға кіріп жарты шеңберге тұрды.
Жүргізуші:Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін сіздер кішкентай бүлдіршіндеріңіз күз мерекесіне арналған ойын-сауығын тамашалайсыздар!
—  Балалар қарандаршы біз сендермен күзгі орманға саяхатқа келдік! Күзгі орманымыз қандай тамаша! Жерге қызыл сары жапырақтар түсіпті өте әдемі екен. Сендер білесіңдер ме балалар орманды осыншама әдемілеп қойған кім?
Балалар:Сиқырлы күз!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар орманды осынша әдемілеп қойған әрине бұл күз. Орманда жел үрлеп тұр қане бәріміз желмен бірге үрлейікші (балалар үрлейді)
Ән :«Күз келгенде»

 

Күз келіпті көңілсіз,
Десек те, десек те,
Күздің берер жемісі,
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
Түрлі – түсті бояуын,
Жер бетіне кестелеп.
Күз келгенде егінші,
Егін жинар дестелеп.
Күз келіпті көңілсіз,
Десек те, десек те,
Бау –бақшаның пісері,
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
Күз келіпті көңілсіз,
Десек те, десек те,
Мақта теру маусымы,
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
Жүргізуші: Енді балалар осы күзгі жапырақтар туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайықшы.

Алишер:Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Ақпейіл:     Ой, балалар, балалар,
Қурап жапырақ солыпты.
Қоңырқай күз болыпты,
Ел егінің орыпты.
Қымбат:Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Алихан:Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызыл думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің.
Молшылық күз-береке күз,
Береке күз – мерекеміз.
Жүргізуші: Ал балалар сендердің мына қызыл, сары жапырақтармен ойын ойнағыларың келеме?
Ойын «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Балалар мына орманның ішінде біреудің жүрісі естіледі тыңдайықшы. (есіктен жаңбыр кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе сіз кімсіз?
Ақназар (Жаңбыр):Мен күзгі жаңбырмын мен кішкентай болсам да өте күштімін. Егер керек қылсаңдар жаңбырымды алмай төгіп-төгіп жіберемін.
Жүргізуші: Жаңбыр сен жаумай тұра тұр, біздің балалар су болып қалады оданда көңілді көтеріп біздің қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Жапырақтар»
Қыздар билейді
Ақназар (Жаңбыр): Рахмет, балалар билерің қандайтамаша көңілім бір көтеріліп қалды.(осы кезде есік қағылады күн кіреді.)
Зере (Күн): Сәлеметсіздерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Зере (Күн): Күзгі орманға қош келдіңдер!
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы біз жаңбырдың көңілін көтеріп би биледік аспанымыз шайдай ашылып, күн шықты. Күн мен жаңбыр бізге қонаққа келіп қалған екен олай болса бір ойын ойнайық.
Ойын: «Ана мен бала»
Ойынның шарты:  Анасы баласына ілініп тұрған алманы жеуіне қолмен ұстамай, көмектесуі керек.
(ойын ойналып болған соң балалар орындарына отырады, күн мен жаңбыр ортаға шығады)
Ақназар (Жаңбыр): Күн, сен маған қара менің ішім толған су, мен адамдарға сенен артық қажетпін, себебі сусыз өмір жоқ.
Зере (Күн): Жоқ, сенен гөрі адамдарға мен қажетпін егер жер бетінде жылулық болмаса көңілсіз болар еді. Адамдар жан-жануарлар қалай жылынар еді.
Жүргізуші: Тоқтаңдар, тоқтаңдар таласпаңдар екеуің де қажетсіңдер. Сендер болмасаңдар жер бетінде ешқандай тіршілік болмас еді. Қане бізбен бірге ән айтып достасыңдар.
Ән: «Қуырмаш»
Балалар:
Зере (Күн):  Әндеріңе, ойыңдарыңа көп рахмет! Біз енді өзіміздің мекенімізге аппақмамық бұлтымызға қайтайық. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа жаңбыр келді, күн келді күз болса әлі жоқ?!  (осы кезде себеті толы алмасы бар күз кіреді)
Анеля (Күз): Сәлеметсіздер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырайын:
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.   (Жаңбыр)
Ағайынды бәрі
Жазда жасыл
Күзде сары.   (Жапырақ)
Жүргізуші: Балалар міне көптен күткен күз де келіп қалды. Төрлетіңіз, алтын күз! Балалардың өнерін тамашалаңыз. Қане күзге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Қайрхан:Бұлт ауады аумаққа,
Күз келіпті бау-баққа.
Жаздай піскен жаңғақ та,
Шашылады жан-жаққа.

Алина: Берекесін сыйлаған,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Диляра:   Сары жапырақ төгілген,
Тоғайды көрдім мен.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.
Толганай: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдың біз.
Нурия:  Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ жауды.
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар орыс тілінде де сөйлейді және тақпақ айтылады тыңдап көрші.
Зере:              Птицы на юг улетели.
Гусы, грачи, журавли.
Вот уже последняя стая
Крыльями машет вдали.
Дана:Стало вдруг светлее вдвое,
Двор, как в солнечных лучах.
Это платье золотое,
У берёзы на плечах.
Нұртілек:Утром мы во двор идём,
Листья сыплются дождём.
Под ногами шелестят,
И летят, летят, летят.
Жүргізуші: Алтын күз, біздің ұлдарымызда ән айтып би билейді, тамашалаңыздар.
Ән – Би «Тұлпарым»
Ұлдар билейдіТақпақтар:
Ерсұлтан:Мынау шиешырағым
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Торғайдың көзі түседі.
Нұралы:        Мұнау анар құлыным,
Қабығы қалың болатын.
Мөлт-мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
Жаннұр:Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Альбина:      Картоп-біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Қарақат:Мынау өрік-күнім,
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.
Қайрхан:Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Алдияр:Күзді күтіп жатырмын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын жараймын,
Қыстай сақтап қоюға.
Жүргізуші: Енді әнімізді орындайық.
Ән :«Балақан»
Балалар:
Индира:Көктемде егін егетін,
Күзде жиін беретін.
Біздің дала, бай дала,
Ел егінді жинайды
Қырманға дән симайды.
Санжар:Жапырақты жинаймыз
Күзге құшақ жаямыз.
Әрқашанда қуана,
Шаттықтана ойнаймыз.
Таннұр:Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Айдана:Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Айдос:  Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Даурен:  Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтайтын.
 Ән: «Бала тілегі»
Балалар:
Анеля (Күз):Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер,тақпақтарыңа да әндеріңе де риза болдым. Мен де сендерге құр қол келген жоқпын , күзгі жемістерімнен дәм татсын деп себет толы жеміс әкелдім. Бұл жемістердің құрамында дәрумендер өте көп , сендердің денсаулықтарыңа өте пайдалы. Ал мен қайтайын,сау болыңдар!
Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, келген қонақтар сіздерге күз мезгілі ырысы мен берекесін мол әкелсін! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау

болыңыздар! 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *