Көктем аруы

В.И. Пацаев атындағы № 2 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
 Максимова Сафия Мунировнаның
«Көктем аруы»
 атты ашық тәрбие сағатының
сценариі

Мақсаты:Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қызтәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Мұғалім:Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары, оқушылар және байқауға қатысушы арулар!  Наурыз 2014 жыл көктемі,                                                                                       Қыстың кетті аязының өктемі.                                                                    Мерекеңіз  құтты болсын қонақтар,                                                                       Күндей болып жарқыраңдар көктегі! дей келе, Сіздерге ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты сайысымызды ашуға мектебіміздің директорының орынбасары Динара Ғалымжановнаға   сөз берейік. Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Барысы:

Қыз емес, қыздың өзі алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.- дей келе сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін:

1. Ұлттық киім үлгісі

2. Таныстыру

3.Өнер көрсету

4 «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап

5.Ас-адамның арқауы

6.Сән үлгісі
Мұғалім:
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Нақ аруды таңдап бүгін алуға.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру).

Мың бұралған арулар аңдып басып,
Келеді міне, ортаға толқып — тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
(Мұғалім қыздарды таныстырып ортаға шақырады.)

1. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Наргиз деген арудың
Әдемі ғой көзі де.

2. Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын
Адина деген арудың,

Кезі келді алтын алқа тағатын.

3. Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген
Ата – анасы   Сабрннаға  

 Әдемі есім теңгерген.

4. Қуантады білімімен бізді Айнур
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
5. Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды
Шынар бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды.

6.    : Құлпырған  дала  гүліндей,

Жүресің әр  кез күлімдей.

Арманыңа  аңсаған  Оразгүлжан

Ақниетпен  жет, сүрінбей.

7.Үміт біздің өнерлі

Көңілді өмір сүреді

Бүгінгі  біздің сайысқа

Алып келді өнерін

8.Өнер қуған жасынан

Өнері  судай тасыған

Келесі бізде Еркежан

Көрінген күштің  басынан

    (Қыздар смайликтің артына жазылған жазылған санды алып,ретімен сахнаға шығып,ұлттық киім үлгілерін көрсетеді).
Мұғалім:   Кішкентай арулар келіп жетті танысуға
Бойындаға бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
2 — кезең. Өздерін таныстыру
3 — кезең. Өнер көрсету.
Мұғалім:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында — дей келе аруларымыздың өнерімен танысайық.(Кішкентай арулар өз өнерлерін көрсетеді)

4 — кезең. . «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.

Мұғалім:  Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,                                                                              Зерделі ой зейінді қызды сынар,- сұрақ — жауап сайысы.

(Әр ару қоржындағы сұрақтарға жауап береді.)

Сұрақтар:
1. Дүниеде ең тәтті, ең жұмсақ не?
2. Көшіп қонуға қолайлы қазақ баспанасын ата.
3. Қазақтың ішекті музыкалық аспабын ата.
4. Ұлттық ойындарды ата.
5. Төрт түлік малды ата.
6. Күйші ана кім? ( Дина Нұрпейісова )
7. Халқымыздың батыр қыздары? ( Әлия, Мәншүк )
8. « Сұлу » деген сөздің синонимі ? ( Ару)
9. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
10. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)

11.Жеті атаны ата

12.Жеті күнді ата

13.Көктем мерекелерін ата

14Аналар меерекесі кашан тойланады?

15 7 қазынаны ата

16.Нағашы жұрт деген не?

 

5- кезең.Ас қадірін білмеген аштан өлер,ат қадірін білмеген жаяу қалар» дегендей, келесі сайысымыздың шарты «Ас-адамның арқауы» деп аталады. Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен үйде дайындалған мерекелік  тағамдары
6- кезең. Сән үлгісі

Мұғалім:Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз- «Сән үлгісі»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді ару,өнерлі ару, салмақты ару, шебер ару, дарынды қыз, мың бұралған биші,)  дипломдар тағайындайды.

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *