«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

«Көп жасаған қария,  ақылы теңіз дария»

Екібастұз қаласы
С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия-мектебінің мұғалімі
Салықова Г.А.

 

 

 

 

 

І жүрг:  Дүниеге келер бір рет

Дария кеуде тау мүсін

Құрыштан құйған құдірет

Қарттарым аман саумысың?

ІІ жүрг:  Өздерің болсаң жанында

Ел іші жомарт еңселі

Дән исі жүрген қаныңда

Даламның бір бір бөлшегі!

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.

Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.

І жүрг:  Бүгінгі өткізгелі отырған «Көп жасаған қария

       Ақылы теңіз дария» атты тәрбие сабағымызға қош келіпсіздер!!

Жансейт:             Атам келді, алақай!

Әжем келді, алақай!

Қолтығынан демейін

Көрпе төсеп берейін

Тынығып ата- әже серігіңіз

Ертек айтып беріңіз

Қарттарды сүйген баламыз

Сіздерден тәлім аламыз

Ән «Әжем айтқан ертегі»

Әлібек:

Ата сөзі- қасиетті киелі

Ата сөзі- жанға жылы тиеді

Ата сөзі- өміріме өнеге

Ата сөзі-тек шындықты сүйеді

Атам менің жақсы адам,

Аптықпаған саспаған.

Атам барда әрейне,

Тарықпаймыз ақшадан.

Атам менің жақсы адам,

Қиындықтан қашпаған.

Немерені, мені де,

Артық көрді басқадан

 

 

Алдияр:  

Қиындықта шыңдалып,

Еңбек еткен еселеп.

Өздеріңнен үлгі алып,

Көрсетеміз қошемет.

Мади:

Бейбітшілік тілегі,

Өмірлері толы аңыз.

Ел деп соққан жүрегі,

Бізде азамат боламыз.

Туған жерді сүйеміз,

Тау менен өзенін.

Алдында бас иеміз,

Ата менен әженің.

Олжас:

Өздерің болсаң жанында,

Ел іші жомарт еңселі.

Дән иісі жүрген қанында,

Даламның бір бір бөлшегі.

Арада жолдар жөңкіліп,

Алыстап кеттім біртіндеп.

Айта алмай ауыз толтырып,

«Ассалаумағалейкум!»- деп

Ән: Балдәурен

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Ал енді біздің қымбатты да , қадірлі қонақтарымыз Ана бақытын көрдіңіздер, ұстаз болдыңыздар, ал Әже бақыты қалай екен?

Амина:

Еңбек десе жан салып,

Маңдай терін төгетін.

Жатар кезде ән салып,

Ертегі айтып беретін.

Ата, әже ардақты,

Құтты болсын тойларың!

Салиқалы, салмақты

Жүзге ассын ойларың.

 Сайран:

Өзіңннің ерке балаң бұл,

Арнайды бүгін саған жыр.

Жақсылық тілеп жолыма,

Әрқашан, әже, аман жүр!

«Алғашқы ұстаз» хор

 

Оқушылардың сұрақтары

Адил скрипкада орындайды

 

Айым:

Өзге бір менде жоқ тілек,

Өздерің көзбен баққаным.

Жайлы жер іздеп кетті деп,

Жазғыра көрме қарттарым

Ердім бір сиқыр қаламға,

Шығардым белге жыр көшін.

Болғам жоқ алаң, даламда

Әулие қарттар жүргесін.

 Нұрасыл:

Гүліңде боп өзің сүйген өлкенің,

Әже, сенің жігіт болды тентегің.

Мухиттарға сапар шегіп барамын,

Арманымның көтеріп ақ желкенін.

Адилхан:

Жанды ғой бағы даламның,

Сіздерге қуат дем берсін.

Киесі де оның сіздерсіз,

Иесі де оның сіздерсіз.

Алдында жүрші көзімнің,

Асылым, алтын қазынам.

Ауыра қалсам өзіңнің,

Пейіліңнен- ақ жазылам.

Жүргізуші:

Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды сақтау.

Мына ән өздеріңізге арналады асыл әжелер

«Домбыра сазы» ән

Домбырады:  Асем. Жансейт, Нұрасыл / күй тартады/

І жүрг:  Ардақты оқушыларым сендер өмір бойы жас болып тұрмайсыңсыңдар. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік. Ендеше ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді қадір тұтайық!

Дильназ:

Атаменен немере – аяқталмас бір дастан

Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!

Балаңнан тәтті дейді немере,

Маған ақы сен өмірде төлеме

Гүл сияқты алақанмен аялап

Күн сияқты көтеремін төбеме

 Жүрг:

Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар! Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Немерелеріңіздің қызығын қызықтап осындай сұлу да, сындырлы қалыптарыңыздан танбаңыздар дей келіп өздеріңізге әдейі арнап дайындалған мерекелік тартуымызды осымен аяқталды.

«Әже» хор

Қонақтар ақ баталарын береді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған