«Көрікті көктем»

Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Сисенбаева Сара

Сабақтың тақырыбы:             «Көрікті көктем»

Сабақтың мақсаты:                 Көктем айларында айналада болатын  өзгерістер жайлы балалардың түсініктерін  кеңейте және анықтай түсу,  басқа жайлармен салыстыру.   Табиғат құбылыстарына бақылау жасата  отырып, туған жерге сүйіспеншілік пен қамқор көзқарасқа бағыттау, сурет арқылы әңгіме құрата білуге үйрету. Табиғатқа сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың көрнекілігі:  cуреттер

Сабақтың әдісі:    сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың,

Тазартасың ауасын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
  • Көктем мезгілінде қанша ай бар? (үш)
  • Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылыстарын байқайсыңдар? (жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ)
  • Өсімдіктерден, ағаштардан қандай өзгеріс байқадыңдар? (Жер бетіне көк шөп шықты. Ағаштар бүршік атып, гүлдей бастады.)
  • Көктем мезгілінде жер бетіне ең алғаш шығатын гүл қалай аталатын еді? (бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын)
  • Айтыңдаршы, көктемде ең алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Бозторғай, қарлығаш, су құстары, аққу, қаз)
  • Көктемде адамдар қандай жұмыстар істейді? (Табиғатымызға сән-көрік беріп тұрған ағаштарды сындыруға болмайды. Ағаштарға әр кез күтім керек, түбін қопсытып, суарып, ағаштардың жайқалып өсуіне қай уақытта болса да жалықпауымыз керек. Кейде табиғаттың тамаша ерекшелігі жаңбыр арқылы да суарылады.)
  • Үй жануарларында қандай өзгерістер болып жатыр? (Малдар төлдеп жатыр. Түйе боталайды, қой қоздап, ешкі лақтап жатыр)

ІІІ.  Жаңа сабақ

  • Балалар, жер бетін жасыл кілемге орайтын, өзіміз асыға күткен көктем мезгілінің сәуір айы барша тіршілік иесін қуанышқа бөлеп отыр. Қазақстан Республикасының кең даласында көктем мезгілі әр жылда әр уақытта келеді. Көктемнің басын ауа райын зерттеушілер 1 наурыздан басталады десе, астрономдар күн мен түн теңелгенде, өсімдіктанушылар үйеңкі ағашының бойынан шырын жүре бастағанда басталады дейді. Сондықтан көктем мезгілі үш кезеңге бөлінеді. Ол қандай кезеңдер?

Көктемнің бірінші кезеңі – ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуір айына дейін созылады. Бұл кезеңде қар еріп, суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады. Күн жылынып, аспандағы қою бұлттар сирей бастайды.

Көктемнің екінші кезеңі – ортаңғы көктем. Бұл кезең мамыр айына дейін созылады. Бұл кезеңде қарамойыл ағашы гүлдеп, жәндіктер тіріле бастайды. Жәндіктерге көбелек, бал арасы, құмырсқа, қоңыз, т.б. жатады. Сондай-ақ бүршік жарған ағаштардың жапырағы жайқалып өсе бастайды.

Көктемнің үшінші кезеңі – жай көктем. Бұл көктем маусым айына дейін созылады. Бұл кезеңде жеміс-жидектер ағаштары гүлдеп, табиғат тамашасын көркейте түседі.

  • Жақсы балалар, сендер көктемнің ерекшеліктерін айтап жатырсыңдар. Осы көктем мезгілінің біздің Жыңғылды ауылына ерте келгенін қалайсыңдар ма?
  • Олай болса, біздің сабағымызға «Көктем аруы» келіп отыр екен. Ол өзімен бірге сиқырлы сандығын ала келіпті. Сандықтың ішінде бірнеше сұрақтар бар екен. Егер де осы сұрақтарға дұрыс жауап берсек, онда «Көктем аруы» біздің аулымызға көтемді ерте әкеледі. Ерте келгенін қалаймыз ба?
  • Олай болса, біреуіміз мына ұяшықтардың біреуін таңдаймыз.

Сұрақтар:

  1. Көктем мезгілі жайлы білетін тақпақтарыңды айтыңдар. (5-6 оқушы айтып шығады)
  2. Көктем мезгілінде болатын мерекелерді атаң. (8 наурыз, 12 сәуір,

1 мамыр, 9 мамыр)

  1. Үй жануарларының төлдерін ата. (Қой-қозы, ешкі-лақ, жылқы-құлын, сиыр-бұзау, түйе-бота)
  2. Кім қай үйде тұрады?

Құс — ұя                         Ит – үйшік                     Мысық – үй

Міне, біз сұрақтарға толық, дұрыс жауап бергесін, көктем де келді. (Суреті шығады)

Енді осы суретке қарап сөйлем құрап шығайық. (Әңгіме құрату)

Сергіту сәті

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

(Сурет арқылы тақпақ жаттау)

Алақай, алақай!

Қуанды балақай.

Қыс кетті,

Құс кепті.

Ү. Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс.

«Көктемде»  тақырыбында табиғат бейнесін бейнелеу

ҮІ. Бағалау

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *