Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты

Қызылорда облысы Арал ауданы Шижаға ауылы №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Тойбахова Жадыра                                                                    
Мерзімі: 28.11.2018ж Педагог-модератор: Ж.А .Тойбахова Пәні:дүниетану
Сынып: 3 «б»   Қатысқандар: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: -адамдардың шаруашылығы мен өмір салты қандай факторларға тәуелді болғанын түсіндіреді -маусымдық жайылымдардың түрлерін атайды -көшпенділер мен егіншілердің өнімдерін атайды Оқушылардың басым бөлігі: көшпенділердің маусымдық жайылымдар үшін қандай жерлерді таңдағанын түсіндіреді; -суретке сипаттама береді Кейбір оқушылар: — көшпенділер мен егіншілердің арасындағы айырмашылықтарды салыстыра біледі; -өз пікірін дәлелдейді
Бағалау  критерийлері Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы біледі Көшпелі және отырықшы өмір салтына тән ерекшеліктерді ажыратады
Тілдік мақсаттар Оқушылар көшпелі және отырықшы тұрмыстың ерекшеліктерін талқылайды және түсіндіреді.Көшпелілермен отырықшылар өз өмірлеріне қажетті қандай тауарлармен алмасқандығын кестеде толтырады.Сұрақтар арқылы суретке сипаттама береді; Терминология:көшпелі,кочевник,nomad;егінші, земледелец,farmer   маусымдық жайылымдар (қыстау, көктеу, жайлау, күзеу). Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Көшпелілердің малдары жыл бойына жайылымдағы шөппен қоректенді. Сырдария өзені – егіншілердің асыраушысы. Талқылауға арналған сұрақтар: — Көшпелі өмір сүру салтының отырықшы   өмір салтынан қандай айырмашылығы бар? — Көшпелі өмірдің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? -Көшпелілерге маусымдық жайылымдар не үшін қажет болды? Маусымдық жайылымдар қалай аталды? -Олар жылдың қай мезгілдеріне сәйкес келеді? -Жайлау мен қыстау көкжиектің қай тұстарында орналасты? Көшпелілер малдың қай түрін өсірді, ал егіншілер ше? Жазылым: Дәптердегі кестелерді толтыру, Н.Г. Хлудовтың «Көш» суретіне қарап бірнеше сөйлем құрастыру: «Көш дегеніміз – …»
Құндылықтарды дарыту Еңбекке баулу, еңбек адамдарына деген құрметпен қарау. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне,ынтымақтастыққа, өз пікірін білдіру барысындағы ашықтыққа баулу
Пәнаралық байланыстар Математика: уақыт өлшем бірліктері (жыл мезгілдері). Әдебиеттік оқу пәнінен білетін көркем сөздермен өз ойларын жеткізе біледі. Көркем еңбек — егіншілер мен  малшылардың өнімдерінің суретін салады
Алдыңғы меңгерілген білім  Оқушылар ежелгі адамдардың өмірі, ежелгі артефактілер және қалалар, отырықшы және көшпелі өмір сүру салты туралы  1 сыныпта «Саяхат» , 2 сыныпта « Салт-дәстүр және әдебиет» тарауларынан оқып танысқан.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет   Ресурстар
Сабақтың басы            0-4мин                       Ұжымдық жұмыс. «Суретті сөйлет» әдісі. Шарты берілген суретке сипаттама береді. Н.Г. Хлудовтың «Көш» суретін төмендегі сұрақтарды пайдаланып сипаттап бер.Суреттің бұлай аталу себебі неде? Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? «Көш» суретіндегі қазақ халқының ұлттық киімдеріне мән бер. Ол жайлы не айтар едің? Өзіңдң осы көшке қатысушы ретінде сезініп көр. Қандай дауыстарды естір едің, қандай жұпар иістерді сезер едің? Қалыптастырушы бағалау «Мадақтау сөздері»  Кері байланыс: Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.Сабақ мақсаты ұсынылады: — көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы біледі; —  көшпелілер мен отырықшы өмір салтын салыстыруды үйренеді; термин сөздермен танысады: көшпелі,кочевник,nomad;егінші, земледелец,farmer          Сюжетті  сурет       Слайд №2-№4
Сабақ ортасы        6-10мин                     11-15мин                             16-23мин                                                                                         24-28мин                 28-30 мин           31-33мин                   34-36 «Білетініңіздің барлығы» әдісі. Шарты:Оқушылар өз білгендерін пайдаланып, әңгімелейді, талқылайды. Ерте замандардан бері адамдар көшпелі-малшылар және отырықшы егіншілер болып бөлінді. Олардың өмір салты мен тұрмысы қандай кәсіппен айналысуға негізделгенін есіңе түсір. Бағалау критерий адамдардың шаруашылығы мен өмір салты қандай факторларға тәуелді болғанын анықтау.  Дескриптор адамдардың шаруашылығы мен өмір салты қандай факторларға тәуелді болғанын түсіндіреді . «Дауыстап ойлау» әдісі.Шарты:  Жұптаса отырып  берілген тақырыпты  біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып  ой түйеді.  Бір- біріне  түсіндіреді. Отырықшы-егіншілер жер өңдеумен айналысты. Малшылар көшпелі өмір салтын ұстанды. Олар жыл бойы малын бағып, жайылымдарын ауыстырып отырды. Мал жыл бойы маусымдық жайылымдарда жайылды. Көшпелілер қой,жылқы, түйе өсірді. Ұжымдық жұмыс «Сызбаны оқы» стратегиясы . Шарты:Оқушыларға көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы сызба ұсынылады. Олар сызбаны пайдалана отырып, жыл мезгілдеріне сәйкес көшпелілердің жайылымдарды ауыстыруы туралы әңгімелеу керек.   Бағалау критерийлері: — Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады. Дескриптор. -Маусымдық жайылымдарын жыл мезгілдерімен сәйкестендіреді.- көкжиектің тұстарына сәйкес мал жайылымдарын анықтайды Қб-«Мадақтау сөздері» Топтық жұмыс «Конверт-тапсырма»әдісі. Шарты: оқушылар термин сөздер арқылы 4 топқа «Күзеу», «Көктеу», «Қыстау», «Жайлау» топтарына бөлініп, суретті конверттегі тапсырмаларды орындайды. 1-топ тапсырма: Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар. Елестетіңдер, сендер – көшпелісіңдер. Жайлау мен қыстауды таңдаған кезде не нәрсеге көңіл бөлесіңдер? Плакатта:Қыстау Жайлау сөздері жазылады. Жайлауға немесе қыстауға сәйкес келетін сөздерді таңдаңдар, түсіндіріңдер. Тірек сөздер: Солтүстік, оңтүстік, шүйгін шөптің мол болуы, суат көздері, қар жамылғысының жайдақ болуы, тау бөктері, жауын-шашыннан қорғайтын пана.  2-топ тапсырма. Жылдың қай мезгілі көшпелілер үшін ауырға соқты, қалай ойлайсыңдар? Неліктен? Достың көмегі: Жылдың қай мезгілінде көктайғақ, боран, үскірік аяз, қалың қар секілді ауа райының құбылыстары болады? Осы құбылыстардың көшпелі шаруашылыққа тигізген әсері қандай? Маңызды дерек! Жұт дегеніміз – қуаңшылықтан малдардың қырылуы. 3-топ тапсырма. Атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан деп жазды. Ғалымның сөзін растау үшін мысалдар келтіріңдерші. Көшпелінің азығы – ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, Көшпелінің сусыны ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, Көшпелінің киімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, Көшпелілердің өндірген өнімдерін суретке салыңдар. 4-топ тапсырма Елестетіңдер, сендер – егіншісіңдер. Егінші нені білу керек және қандай қабілеті болу керек? Егін шаруашылығының өнімдерін атаңдар немесе суретін салыңдар. Достың көмегі. Сендердің алдарыңда – дала. Оны өңдеу керек. Одан өнім алу үшін не істеулерің керек? Топтардың тапсырмаларды көрсетуі ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» бірін-бірі бағалау стратегиясы. Оқушылар топтағы сыныптастарының жұмысын «екі жұлдызбен» бағалайды, яғни жұмыс барысындағы екі жағымды сәтті атайды және «бір ұсыныс» жұмысты одан ары жақсарта түсуге арналған ұсыныс айтады.     Топтық жұмыс  «Өніміңді  сат» тапсырмасы. Шарты: Әрбір топқа өнімдер беріледі. Өнімді  «сату» керек. Ол үшін оқушылар тауарын мақтап, мадақтап, жетістігін айтып жарнама жобасын дайындайды Дескриптор  Көшпелілер мен отырықшылардың өнімдерін біледі;  Осы тауарлар қандай мақсатта қолданылатынын түсінеді;  Тауарды шығармашылық түрде ұсынады; Жұптық жұмыс «Телефон» ойыны Шарты:Егінші мен малшы телефон арқылы не деп сөйлесуі мүмкін? Малшы мен егіншінің арасындағы сұхбатт сыныптасыңмен құрастыр. Рөлді ойнап жатқандар өзара телефонмен диалог жүргізеді. Қб-«Қол сигналдары» Дәптермен жұмыс А.Кестені толтыр.Әр бағанға үштен артық мысал келтір. Отырықшылар не өндірді? Көшпелілер не өсірді?     В. Көшпелілер мен отырықшылар өз өмірлеріне қажетті қандай тауарлармен алмасты? Кестеледі толтырып жаз Отырықшылар Көшпелілер     С.Н.Г. Хлудовтың «Көш» суретін төмендегі сұрақтарды пайдаланып сипаттап бер. Қб-«Смаиликтер» Жұптық жұмыс-сараланған тапсырма.Сөйлемдерді оқы. Көшпелі өмірді сипаттайтын сөйлемнің тұсына «К» әрпін, отырықшы өмірді сипаттайтын сөйлемге «О» әрпін жаз. 1.Олардың нақты айналысатын жұмыс түрі болды. 2.Тұрмысы мен мал шаруашылығына қолайлы жерлерге көшіп-қонып жүрген 3.Қалаларда қолөнер шеберлері пайда болды 4.Олардың тез тігіп,шапшаң жинауға қолайлы баспанасы болған 5. Олардың ыдыстары сынбайтын,икемді материалдан:ағаштан,темірден жасалды6.олардың баспанасы кірпіш,ағаш т.б материалдан жасалған Дескриптор  Білім алушы:-көшпелі өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды -Отырықшы өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды Қб-«Дайын жауап» әдісі   Сызба                         Оқулық       Сызба         Слаид   Сюжетті суреттер     Топтық аты жазылған парақтар,топқа бөлу үшін сөздер жазылған стикерлер         Конверттегі тапсырмалар         А3 форматтағы парақтар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар                                         Көшпелілер мен отырықшы өнімдері       Телефон суреті Жұмыс дәптері               Сараланған тапсырма парақшалары слаид
Сабақтың соңы 37-40 мин Үйге тапсырма: өз елді мекеніңнің шығу тарихын зерттеу Рефлексия «Тілек ағашы» «Тілек ағашы» стикерлер  
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


оқуда кедергілері бар оқушыларды қолдау мақсатында көшпелі және отырықшы өмір салттары бейнеленген суреттер беру. Қабілеті жоғары оқушыларға  көрнекі қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан…» деген сөздеріне кем дегенде 5 дәлел келтіру ұсынылады. Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Әр тапсырманы критерийлер бойынша қорытындылап, бағалау. Ұж-«Мадақтау сөздері» Тж-«Екі жұлдыз, бір тілек». Жж-«Дайын жауап» Дәптермен жұмыс-«Смаиликтер» Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.    
Ойлану — Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?                                        -Бүгін оқушылар не білді? — Сыныптағы ахуал қандай болды?                                                          -Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? — Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? — Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Жалпы баға  Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?   Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?   Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?        

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *