Логикалық есептерді шығару және қолдану жолдары

Ғылыми жобаның тақырыбы: Логикалық есептерді шығару және қолдану жолдары

 

 

 Аннотация

 

Зерттеу мақсаты: Логикалық есептерді шығару және қолдану

жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін,

нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

     Зерттеу кезеңдері:  

  1. Түрлі бағыттағы логикалық есептерді шығару
  2. Өз бетімен есептер шығару
  3. Тақырыпты ашуда С. Ерубаевтың «Қазақтың байырғы есептері» , Я.И.Перельман «Қызықты алгебра» деген жұмыстарын басшылыққа алып, логикалық есептердің маңыздылығын ашып көрсету.

Эксперимент  әдістемесі: Логикалық есептерді шығару, өз

бетімен есептер құру, интернет жүйесін

қарау, баспасөз беттерінен материалдар

жинау арқылы логикалық есепті шеше

білуге қызығушылығын арттыра отырып,

өз бетімен жұмыстана білуге үйрету

Зерттеу жаңалығы: Негізінен логикалық есептер шығаруда

өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең

ауқымды есептерді шешуде зерттеу,

ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс –

қимылға жетеледі. Пәндік икемділігі

қалыптасты.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты

орындаушы өз талдауларын  қорытындылай

келіп, жоғарыда келтірілген логикалық есептерді

шығару және қолдану жолдарының тиімділігін,

олимпиадалық есептерді шешуде,халықтық

есептерді шешуде, математика сабағында

тақырыпты жеңіл ұғынуға болатынын дәлілдеуге

ұмтылған және мектеп бағдарламасында көбірек

беру қажет деп түйін жасайды.

Теориялық және практикалық маңыздылығы: Түрлі

Бағыттағы логикалық есептердің шығарылу жолдарымен дәлілдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы оқушы бойында қалыптаса бастаған.

 

Жоспары:

 

  1. Кіріспе _ _ _ _ ___ _  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ __ _  _ 1

 

  1. Негізгі бөлім _ _ _ _ _ _ _ __  ___   _ _  _ _ _ __ _ _ _ _ _ 3

 

 

  1. Логикалық есептердің түрлері, шығару, зерттеу жолдары

 

III.Қорытынды  _ _ _ _ _ _ _ __ ___ __ _ _ _ _ ___  _ _ _ _ _  19

      Кіріспе

«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін

математика, сондықтан оны оқу керек»

М.В. Ломоносов

Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.

Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байлыныстылығында дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен  даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті  немесе оқиғалардың логикалық  тізбегін қадағалай  білу қажет. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда  масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.

Әдебиетпен байланысы көз алдымызда логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған  адамды келтіреді. Егер ол шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған жылын, дүниеден өткен жылын білу арқылы  сол уақыт арасында болған оқиғаларды  логикалық түрде ұштастыра алады.

Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.

Логика дегеніміз —  спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.[№2, 2005 ж, Алгорифм журналы]

Ой — әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде  пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.

Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді дер едім. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.

Матемтиканы оқып – үйрену, есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білуге, өз қабілетіңді жетілдіру үшін де

қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей аламын, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды.  Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылған жоқпыз, бізге ақыл – ой сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мәнді қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғаттағы барлық білімді пайдалана білуіміз керек.[№3, 2003ж, Математика және физика]

Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше дер едім.

 

Негізгі бөлім

 

Логикалық есептерді шешу.

Адамның ерекше қасиеттерінің бірі  — есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым — әр түрлі  қиындықтағы есептердлі дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.

Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. [№1, 2007 ж, математика және физика]

Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді,  соларға жеке – жеке тоқталайын.

І. Граф әдісі

Бұл әдіс кейбіреулері қырлары деп аталатын сызықтар мен қосылатын нүктелердің шектеулі жиыны.

 

Есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.

Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.

а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика