Логикалық тапсырмалар

Қағаз ысытқыш. Қағаз стакандағы суды ашық отқа қойып қайнатуға бола ма?
2. Әуе шары қайда ұшып кетеді? Қолдан шығып кеткен балалардың әуе шары қайда ұшып кетеді екен? Олар қаншалықты биікке көтеріле алады?
3. Туған күн. Алдыңғы күні Петя 17 жаста болды. Келесі жылы ол 20-ға толады. Бұл сонда қалай болғаны?
4. Түнде. Ер адам түні бойы төсегінде аударыла беріп, ұйықтай алмады. Содан соң телефонды алып, біреудің номерін теріп, бірнеше ұзын гуілді естіді де, телефон тұтқасын орнына қойып, жайланып ұйқыға кетті. Сұрақ: неліктен ол бұған дейін ұйықтай алмады?
5. Бөтелкедегі қияр. Бөтелкеге кеме моделін енгізу тәсілін көбі біледі. Ал қалайша бөтелкенің ішінде бүтін піскен қияр қалай пайда болды, бөтелке бүтін.
6. Екі адам. Екі адам қатар жүріп келеді, оның бірі екіншісінің ұлының әкесі. Сонда бұл адамдар бір біріне қалай туыс?
7. Лифт туралы. Бір адам көп қабатты үйдің 17 қабатында тұрады. Өз қабатына ол жаңбырлы күні немесе өзімен бірге лифтіде көршілердің біреуі көтерілгенде ғана шығады. Ал жауынсыз ашық күндері ол 9 қабатқа дейін көтеріліп, ары қарай 17 қабатқа дейін жаяу көтеріледі. Неге?
8. Тартымды ойыншықтар. Балалар ауруханасында кішкентай емделушілер сүйкімді ойыншық қонжықтармен ойнағанды өте жақсы көретін. Бірақ, сол қонжықтардың балаларға ұнағаны соншалық олар біртіндеп жоғала бастады, себебі балалар оларды үйлеріне алып кетіп жүрді. Аурухана басшылары бұл мәселені қалай шешті?
9. Күннің шығуы.Адам жерде тұрып Күннің батыс жақтан шығуын көре ала ма?
10. Қайсысы бұрын? Мысалы, егер адам 7 тәулік тамақ ішпесе және 7 тәулік ұйықтамаса көз жұмуы мүмкін. Ал адам бір апта бойы не тамақ ішпеді, не ұйықтамады делік. 7-ші тәуліктің соңына қарай тірі қалу үшін ол ең бірінші не істеуі керек: тамақ жей ме, әлде ұйықтай ма?

Жауаптары

 

3 комментария

  1. 6.біріншісі әйелі ,екіншісі күйеуі
    2.шардың ішінде каша ауа болса сонша биіктікке ұшады

  2. 10 ответ кажется человек умрет потому что 7 суток это 1 неделя.

  3. 2-канша ауа болса сонша3-акпанда туылган6-айели мен куйеуи7-ол адамнын бойы 9 туймесіне ган жетеді.9-батыстан кун шкпайт10-олип калады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *