Логикалық тапсырмалар #4

  1.  Тоғандағы тұңғиықтар  Тоғанның үстінгі бетінде бір тұңғиық жүзіп жүреді де, ылғи да бөлінеді және өлшіп кетеді. Сол себепті, тұңғиықтардың алып жатқан жерлері, күнде  екі есе ұлғайып отырады. Бір айдан кейін т оғанның барлық үстінгі жері тұңғиықпен жабылып кетеді. Егер алғашқы кезде тоғанның үстінгі бетінде екі тұңғиық жүзіп жүретін болса,онда қанша уақыттан кейін тоғанның барлық үстінгі жері тұңғиықпен толық жабылады

 Жауабы: Көлдің бетін  екі тұңғиық бір айға бір күн толмай жауып кетеді.

 2.  Қызықтыратын ойыншықтар Балалар емханасында жас емделушілер сонда тұрған ғажап доқаба қоңжық ойыншықтармен ойнағанды жақсы көретін. Өтінішке орай, балаларға қатты ұнағандықтан, қоңжықтар біртіндеп жоғала бастады: жасөспірім емделушілер оларды өздерімен үйлеріне алып кетіп отырды. Емхана басқарушысы  бұл мәселені қалай шешкен еді

 Жауабы:  Қоңжықтардың барлығына таңғыштар байлады да , балалардың барлығына  қоңжықтар айығып кету үшін, емханада қалу керек деп айтты. Балалар мұнайса да, мақұлдап келісті

 3.     Аралдағы өрт Бір адам аралда болады. Көп күн қуаңшылық болып, аралдағы бұталар мен шөптер тым кеуіп кетіпті. Кенеттен аралдың екінші жағынан өрт шығады да, жел отты адам тұрған жаққа айдап апарады. Теңізде адам құтылып кете алмайды, себебі теңіздің жағасына дейін көптеген акулалар жүзіп жүр. Аралдың жағасында өсімдік өспейтін жер жоқ. Адам қалай аман қалады?

            Жауабы: Адам өзінен ық жаққа  қарай от  жағып, қарсы алдындағы негізгі өрттен кешкене шегіну керек. Жел адамның жаққан оттын аралдың шеткі ық жағына қарай қуып әкетеді. Сол ық жағы жанып болған кезде, адам сол жаққа қарай қайтып келе алады да, асықпай тосады.  Негізгі өрт сол жерге дейін келіп өшеді, себебі ары қарай жанатын жер болмайды.

4.     Жаңа тақтайша Бір қалада 100 үйден тұратын жаңа аудан салынды. Тақтайша жасау шеберлері тақтайшаларды дайындап, 1-ден 100-ге дейін жазылған тақтайшалардан бір қорап келді. 9 саны кездесетін барлық тақтайшалар нешеу? (9 және 6 сандары әртүрлі сандар )

 Жауабы: Дұрыс жауап- 20 тоғыздық.

5. Шамдар  Жер төлеге кірер алдында үш айырғыш тұр. Әр айырғыш бір шамды өшіреді. Есік алдынан қай шам жанып тұрғаны көрінбейді. Жер төлеге кіргеннен кейін бір рет қана, қай шам қай айырғыштыкі екенін анықтайтын мүмкіндік бар.

Жауабы: Бір айырғышты қосыңызда бір минут тосыңыз, оны сосын сөндіріңізде келесісін қосып шамдары бар бөлмеге кіресіз. Біреуі қосуыл болады ол сіз қосқан, екіншісі жылы болады. Ол сіз қосып сөндірген. Екіншісі суық ол сіз қоспаған айырғыштың лампасы.

 Аударған:  Екібастұз қаласы
№25 қазақ қыздар гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі 
Әділова Еркемай

Фото:http://www.2020site.org 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *