Малшаруашылығы

Пәннің аты: Дүниетану Уақыты:12.04.2017 2 сынып «Атбасар  ауданының  білім  бөлімінің Ново-Александровка  №2 орта мектебі» КММ  бастауыш сынып  мұғалім: Тойшубекова  Бакытжамал Ануарбековна
Сабақтың атауы  Малшаруашылығы
Мақсаты

 

 

Міндеттер:

     мал шаруашылығы және оның пайдасы туралы ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы сыни тұрғыдан ой қорытады   және тақырыптықа  талдау  жасайды.

·          

·         — төрт түлік малдан алынатын өнімдер туралы білімдерін кеңейтеді;

·         — өзіндік пікір қалыптастыру арқылы  тапсырманы  өзара талқылайды, қорытынды жасайды,  түйінді ойларды  жинақтайды;

·         — еңбекті бағалай отырып, малдың қадір-қасиетін түсінеді.

 

Күтілетін нәтиже — мал шаруашылығының пайдасын түсінеді, оның өнеркәсіп саласымен байланысын анықтайды;

— жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;

·         — еңбекті бағалай білуді үйренеді, жауапкершілік сезімі нығаяды

Сабақтың түрі:

Ресурстар:

Аудандық  ашық  саяхат сабағы

СТО әдісі: Ой шақыру, топтастыру, өзара  оқыту, әлемді  шарлау.

 

интерактивті  тақта,  оқулық,  флипчат,  маркерлер, суреттер
Іс- әрекеттер

Ұйымдастыру  кезеңі

Мұғалімнің  іс –әрекеттері

Оқушыларды гүдер арқылы  топтарға  бөлу  «Біздің»,  «сынып», «мықты»1-2-3топ

Оқушының  іс – әрекеттері:

«Біздің  сынып  мықты»  сабақтың ұраны

Психологиялық  ахуал

 

Балалар, бүін бізде ерекше күн. Бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.

Күліп  қағып  қолымды,

1,2,3,-деп  соғайық,

Қарап  тұрып  көршіме,

Қолымды  мен  бұлғайын.

Жылы-жылы  жүзбенен,

Маңдайыңнан  сипайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды  бер  қысайын!

Жақсы  оқып  сабақты

Әдеп  сақтау  сәніміз.

Сәлем  бердік  сіздерге

Басты  иіп  бәріміз.

Оқушылар музыканы тыңдап  сабаққа дайындалады.
Қызығушылықты ояту Біздің  мемлекет  ……..

Біз  қандай  елміз  …….

Біздің  елімізді  әлемге  танытқан  кім? ….

ЭКСПО  деген  не? ЭКСПО-2017 қай  қалада өтеді?

Қазақстанның  валютасы  …….

Мен  сіздердің  демеушілерің  болам. Қай  топ  көп  ұпай  жинайды  сол топ Астанаға ЭКСПО-ға жолдама  алады.

Ал, ЭКСПО-ға біз немен  барамыз?

Бүгін  қандай  күн? /ғарышкер күні/.  Ғарышқа немен ұшады?  /зымыранмен/. Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді білесіздер ме? Олар кім?  Олай болса, бізде Астана зымыранды құрастырып  ұшамыз.

Өзін  өзі  бағалау  парағымен  таныстыру.

Өздеріңізді  бағдаршам бойынша  бағалайсыздар.

А-ж 1 т 2 т 3 т 4 т 5 т ұпай баға
     

Жасыл –дұрыс;  сары- қатем бар;  қызыл- бұрыс

Үй тапсырмасын тексеру: 1)))  Тест  «Ия» немесе «Жоқ»

1.Жануарлар сүтқоректілер, құстар, балықтар,жәндіктер,қосмекенділер болып бөлінбейді.

2.Жабайы жануарларды адамдар өсіреді,қолға үйретеді,қоректендіреді,қорғайды.

3.Ағаш жапырақтары және шөппен қоректенетін жануарларды шөпқоректілер дейміз.

4.Үй жануарлары қорегін өздері табады,жауларынан қорғанады.

5.Қасқыр,түлкі,барыс,жолбарыс жыртқыш аңдарға жатады.

6.Өсімдікті де,жануарларды да жей беретіндерді талғаусыз қоректілер деп атаймыз.

7.Кірпі жыланнан қорқады,сондықтан оны жемейді.

Жауап

1. Ия

2. Жоқ

3. Ия

4. Жоқ

5. Ия

6. Ия

7. Жоқ

Өзін өзі  бағалау 

Мағынаны тану 1)    Жұмбақтар шешу.

Көкке  шаншып  құйрығын,

Келеді шауып  жүйрігім.  /  жылқы /

Кішкентай  ғана  бойы  бар,

Айналдырып  киген  тоны  бар.  / қой /

Қояды  екен  әр  шаруа

Қазығына  құт  байлап.

Қанша  құйып  алсаңда,

Сарқылмайды  сүт,  қаймақ.  / сиыр /

·         Топтастыру   Мал, шаруашылық  — сөздерін  естігенде ойларыңызға не оралды?

2)        Мал шаруашылығы      

 
(қой шаруа.,  жылқы шаруа., ірі қара мал шаруа., түйе шаруа.)

3)    Үш   тілде  айту:

Мал шаруашылығы – животноводство – cattle  breeding

Қой —  баран   —  sheep

жылқы  – лошадь — horse

cиыр  –корова – cow

түйе  —  верблюд  —  camel

Топтың  атауын  табу:  мал атасы:

Қой   атасы – Шопан ата

Жылқы  атасы – Қамбар ата

Сиыр иесі – Зеңгір баба.

 топ  «Шопан ата»   топ «Қамбар ата»   топ «Зеңгі баба»

4)    Видео көрсету. Тақырыпты  ашу.

          Оқушыларға сабақтың мақсатын айту:

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Әр топқа қосымша мәтін беріледі.

Берілген мәтінмен танысады

 топ: Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Республикамызда  мал жайылатын  жайылымдар  көп. Малшаруашылығы  адамдарды  тамақ  өнімдерімен,  өндірісті  шикізатпен  қамтамасыз  етеді.  Жануарлардың  қиы  топыраққа  таңайтқыш  ретінде  пайдаланады.

 Қой мен ешкі /ұсақ мал/ барлық жерде өсіріледі. Қойдан ет, май, сүт, жүн,тері алынады. Қойдың жүнінен жіңішке жіп иіріледі. Жіптен жүн мата тоқылады. Жүн көрпеге салуға, киіз, текемет басуға пайдаланылады. Киізден сырмақ сырады.

Ешкінің түбіті иіріліп,одан киімдер, бөкебай тоқылады. Қой бір немесе екі қозы туады. Ешкі де бір-екі лақ туады. Қозы мен лақ алдымен енесінің сүтімен қоректенеді, содан кейін барып жемшөп жей бастайды.

 топ: Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Республикамызда  мал жайылатын  жайылымдар  көп. Малшаруашылығы  адамдарды  тамақ  өнімдерімен,  өндірісті  шикізатпен  қамтамасыз  етеді.  Жануарлардың  қиы  топыраққа  таңайтқыш  ретінде  пайдаланады.

Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазақ халқы ежелден жылқыға үлкен құрметпен қараған. Оны көлік ретінде пайдаланған, жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.

Жылқы шаруашылығында   жылқының әртүрлі тұқымдары өсіріледі. Олардың еті мен сүтін пайдаланады. Аңыз – жырлардағы  батырлардың тұлпарлары оларды қиын – қыстаудан алып шығатын сенімді серігі болған. Қобландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ақан есірінің Құлагері – сондай қасиетті жылқылар.

 топ: Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Республикамызда  мал жайылатын  жайылымдар  көп. Малшаруашылығы  адамдарды  тамақ  өнімдерімен,  өндірісті  шикізатпен  қамтамасыз  етеді.  Жануарлардың  қиы  топыраққа  таңайтқыш  ретінде  пайдаланады.

Сиыр – ірі қара малға жатады. Одан ет,сүт, тері өнімдері алынады. Терісінен киім, аяқ киім тігетін былғары иленеді. Сиыр жылына бір бұзау туады. Содан кейін барып, ірі мал жейтін азыққа ауысады.

 

2)))  «Шопан ата» тобы:

1.Мал шаруашылығының қандай пайдасы бар?

2.Қой туралы мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіру.

«Қамбар ата» тобы:

1.Шаруашылыққа жылқының қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

2.Жылқышының еңбегі туралы  не білесіңдер?

«Зеңгі баба» тобы:

1.Мал шаруашылығының мамандары туралы не білесіңдер?

2.Сүт өнімдері туралы не білесіңдер?

Өзін өзі  бағалау 

Сергіту сәті Би  « Қыдырып  қайтайық »
Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видео көрсету:

3)))  Нүктенің  орнына  керекті  сөздерді  қойып  жаз.

1 Малшаруашылығы адамдарды тамақ өндірімімен, өндірісті …   қамтамасыз етеді.

2  Жануарлардың қиы топыраққа … ретінде пайдаланылады.

3  Қазақстанда малшаруашылығы жақсы ….

4   Республикада мал жайылатын …   көп.

Қажетті сөздер

жайылымдар,  шикізатпен,  дамыған,  тыңайтқыш.

Өзін өзі  бағалау 

4)))  Малшаруашылығына  байланысты  мақал — мәлетдер құрастыру.

Өзін өзі  бағалау 

5)))   Адасқан сөздерді орнына келтіріп, оқу.

 топ  «Шопан  ата»

1).   Әдемі, біздің, қошақан, бар, үйде.

2). Лақ ,тастан-тасқа,енесіне,секірді,еркелеп.

 

топ «Қамбар ата»

1). Өте, қымызы, пайдалы,жылқының.

2). Шыдамды,түйе,мал,шөлге.

 

топ «Зеңгі баба»

1). Өте, сүті, пайдалы, сиырдың.

2). Малды, өріске,атам,жайды.

 

Өзін өзі  бағалау 

6)))  Қазақы ырымдар мен тыйымдар:

·         *Малды теппе.

·         *Ауылға атпен шауып кірмейді;

·         *Малдың құлағына ен салғанда, құмырсқа илеуіне қояды екен. Мал құмырсқаша көбейеді деген де ырым бар.

·         *Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды, малға бас киім лақтыруға болмайды.

*Малшының көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жалаң бас шығуына  болмайды

 

7))) Тест

Өзін өзі  бағалау 

«Қорық» деген не?

Ой толғаныс Бүгінгі  сабақта  маған ……..қызықты  болды

Бүгінгі  сабақта  маған ….     ұнады

Бүгінгі  сабақта  маған …….    қиын  болды

Бүгінгі  сабақта  мен  …..            үйрендім

Болашақта  мен  ………………………………………….

Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай, есте сақтайық!

74-77 бет

Арнайы жіберілген қателері бар сөйлемдер.   Қай сөз қате қойылған, дұрысы қалай?

Сиыр ұсақ мал түріне жатады. Сиыр жылына бес рет бұзаулайды. Бұзау өскенше өзі тамақ тауып жейді

Қой мен ешкі жабайы малдар. Қой жылына алты қозы, ал ешкі төрт лақ туады. Қозы мен лақ алдымен шөп жейді, сонан соң барып енесінің сүтімен қоректенеді.

Жылқының еті, сүті тағам ретінде пайдаланылмайды. Биенің сүтінен шұбат жасайды. Шұбат адам денсаулығына өте зиян. Жылқыны көлік ретінде пайдалануға болмайды.

Күнделіктеріне жазып  алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қай топ ЭКСПОға  барады?

Ұпайларын  санау.

Топтарды  марапаттау билеттермен

Өзін өзі бағалау парақшасын толтырады.
Кері  байланыс Соңғы тыныштық сәті:  Музыка

Балалар, енді  бір  сәт  тынышталып, көзімізді  жұмайықшы.  Бүгінгі  сабақта  алған  әсерлерін  өздеріңмен  бірге  қалу  үшін  жүректеріңе салып,  сақтап  қойғанды  елестетіп  көріңдерші.  Рахмет.  Мен  сіздерге  ризамын.

 

Сабаққа   деген  көзқарасын жазып  өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *